Сөздің жылдамдығы минутына 110-115 сөз (ағылшындарда - 120-
150 сөз, орыстарда - 120 сөз). Бірақ, эксперимент көрсеткендей, 5-6
сыныптарда мүғалім минутына 60-тан, ал 10- сыныпта 75 сөзден
артық сөйлемеуі керек.
Кейбір сөздерді дыбыстау ұзақтыгы олардың ү.зындыгына ғана
емес, сөздің сол контекстегі мэніне байланысты. Сөз неғүрлым
маңызды, мәнді болса, сейлеу де соғүрлым жай, ұзаққа созылады.
Материалдың қиын белігін мұғалім жаймен айтса, эрі қарай сөзін
тездетуге болады. Белгілі бір қорытынды (анықгама, ереже, принцип,
заң) жасалатын шақга сез міндетті түрде жайлап айтылады.
Сонымен қатар оқушының қозу деңгейі де есепке алынады. Оқушы
неғүрлым қозулы болса, соғүрлым сөйлеу жай айтылғаны жөн.
Сөйлеуді мәнерлеуде логикалық жэне психологиялық үзілістерді
пайдаланған дұрыс. Логикалық үзіліссіз айтылған сөз - сауатсыз,
психологиялық үзіліссіз - өлі тіл.
Үзіліс, жылдамдық жэне
мелодиканың жиынтыгы сөздің интонациясын қүрайды.
Мүғалімнің дауысы ашық, қанық, айқын, назар аудартатындай,
ойға, іске шақыратындай болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: