1.Пәннің мақсаты Бағдарламаның мақсаты студенттердің философияны дүниені танып-білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.
2. Пәннің міндетттері:
1) Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруі;
2) студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
3) ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық әлеует қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |