Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет51/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қандай бөлімі ашылды?

  2. 1990 жылға қарай академия жанында неше ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істеді?

  3. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясында неше ғылыми мекеме жұмыс істеді?

  4. 4. Ғарыш, ядролық физика, жоғары энергия физикасы, информатика, радиоэлектроника, гуманитарлық және қлғам ғылымдар, тарих пен этнология, әдебиет теориясы салаларында қандай зерттеулер жүргізді?

  5. Ауыл шаруашылық ғылымдары академиясы туралы не айта аласыз?

31-тақырып
Қоғам және жастар
Қоғам дегеніміз не? Жастар деген кімдер? Құқық бұзушылық деген не? Жастардың қолымен болып жатқан құқық бұзушылықтар туралы. Дәстүрлі діндер дегеніміз не? Дәстүрлі емес діни ғұрыптар немесе қозғалыстар дегеніміз не? Жалпы ислам дінінде секталар бар ма? Оларды қалай ажыратамыз? Секта дегеніміз не? Жас ұрпақ саулығы - болашақ қоғам саулығы! деген тақырыптарға тоқталып, залда отырғандарға сауалдар қойып, оларды әңгiмеге тартты. Ашық диалог ең алдымен қатысушылар үшін еркін әңгімелесу мен пікір алмасу мүмкіндігін туғызды. Әсiресе секта, қара киіну, сақал өсіру жайлы сөз болғанда, қыздар мен жiгiттер ойларын іркіп қалмады. «Секта дегеніміз не?» дегенде олар алдымен хиджаб, сосын сақалы бар, балақтары кесілген жастар көздеріне елестейтіндігін айтты. Секта дегенді қалай түсінесің деген сұраққа №24 гимназия оқушысы оқушысы «Сектаны еліктеушілік, амалсыздық деп түсінем. Және де ол ортаға, яғни жастардың жора-жолдастарына, тәрбиесіне байланысты» - деді. Ал басқа бір оқушы «Біздің ата-бабамыз хиджабты киген жоқ, ол бізге жат қылық деп есептеймін. Хиджабты арабтар құмнан тұмшалану үшін ғана киген» - деп өз ойын ортаға салды. Жастарға сектаның кері әсері жөніндегі мәселеге тоқталған «Жас Ұлан» мүшесі «Қазақты ешкім ала-алмаған. Тек сырттан ірткі салып, жүзге бөлу арқылы, тағы да басқа себептермен қазақ халқын бір-бірімен араздастырғысы келетіндер көп. Сондықтан сектаны тек біреулердің біздің елді ішкі кекілжіңге салған ірткілері деп түсінуіміз керек» - деп өзекжарды ойымен бөлісті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет