Оқылым № 7 Теңізші қыз Ақтаулық Жанар Ибраева – ТМД елдері бойынша кеме экипажындағы жалғыз қыз. Ол «Орал» артиллериялық кемесінде байланысшы болып қызмет етеді. Жанардың қимылы шапшаң. Тіпті жігіттермен бірдей қимылдайды. Ол теңіздің қай жерінде қандай жағдай болып жатқанын орталыққа хабарлап отырады.
Алғаш келгенде ер адамдармен бірге жұмыс істеу қиын болды.Көптеген іссапарда болдым.Жұмысым өзіме ұнайды. Каспий теңізінің тыныштығын күзетуге шаршамай жұмыс істеуге дайынмын, - дейді ол.
Кеме экипажында жиырма алты адам бар. Жанар солардың арасындағы жалғыз қыз. Ол өзінің жұмысын жақсы біледі. Бүкіл ер-азаматтармен бірге өзінің тапсырмасын уақытында және жақсы орындайды. Біз оны экипаж арасында жалғыз қыз деп еркелетеміз. Оған көбіне ауыр тапсырмалар бермейміз, - дейді «Орал» артиллериялық кемесінің бөлім командирі Шахрух Абдуразаков.
Жанар – тек Қазақстан ғана емес, бүкіл ТМД елдері бойынша кеме экипажында қызмет ететін жалғыз қыз. Бұған ол ерекше қуанады. Каспийде туып-өскен қыз теңізде әлі де ұзақ етуді ойлайды.
Оқылым № 7. Мәтін бойынша тест тапсырмалары 1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз
А)Жанар жұмысын жақсы біледі
В) ТМД елдері бойынша кеме экипажында қызмет ететін жалғыз қыз
С)Жанар Каспийде туып-өскен
Д) Жанар кемеде зенитші болып қызмет етеді
Е)Жанардың қимылы шапшаң
2.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз
А)Жанар – тек Қазақстанда, кеме экипажында қызмет ететін жалғыз қыз
В)Жанарға көбіне ауыр тапсырмалар береміз
С)Жанарберілгентапсырманы уақытында және жақсы орындайды
Д)Ол «Арал» артиллериялық кемесінде байланысшы болып қызмет етеді.
Е)Ол теңіздің қай жерінде қандай жағдай болып жатқанын орталыққа хабар бермейді
3.Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А)Жанар бұл жұмысқа қалай келді?
В) Ол неге жалғыз өзі жұмыс істейді?
С) Оның жұмыс істегеніне қанша болды?
Д)Жанардың жасы қаншада?
Е)Жанар теңізде кім болып жұмыс істейді?
4.Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз
А)байланысшы, кеме, экипаж, іссапар
В)жалғыз қыз, кеме, байланысшы, Капий теңізі
С)жұмыс, Жанар, Каспий теңізі, байланысшы
Д)еркелету, жалғыз қыз, артиллерия, кеме экипажы
Е)тапсырмалар, жұмыс, бөлім командирі, туып-өскен
5.Мәтін мазмұнына сәйкес сұраққа жауап беріңіз
Жанар өз жұмысына риза ма? А)Ол жұмысты жылдам істейді
В)Жанарға ауыр жұмыс берілмейді
С)Ол тапсырманы жақсы орындайды
Д)Жұмысы өзіне ұнайды
Е) Жанардың қимылы шапшаң
6.Мәнмәтіндегі (контекстегі) асты сызылған сөз тіркесінің мағынасын ашыңыз
Бүкіл ер-азаматтармен бірге өзінің тапсырмасын уақытында және жақсы орындайды А)сол сәтте
В)дұрыс
С)берілген мерзімде
Д)жылдам
Е)шапшаң
7. Мәтіндегі негізгі ақпаратты табыңыз
А) ТМД бойынша кемеде жалғыз қыз істейді
В) Жанардың жұмысы ерекше
С) Теңіз саласында істеу – қиын іс
Д) Мамандық іскерлікті талап етеді
Е) Жанар жұмысын жақсы біледі
8. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз
А)Ол теңізде қызмет жасайды
В) Жанар теңізде әлі де ұзақ қызмет етуді ойлайды
С) Жанар ұзақ жұмыс істеуді қалайды
Д) Ол үшін теңіз саласында ұзақ жұмыс істеу - бақыт
Е) Жанар байланысшы болып қызмет етуді қалайды
9.Сөйлемдегі асты сызылған сөзге қарама-қарсы сөзді табыңыз
Жанардың қимылы шапшаң А) тез
В) жылдам
С) баяу
Д) төмен
Е) жоғары
10.Сұраққа жауап беріңіз.
Жанар Ибраева қай қалада дүниеге келген? А)Орал
В)Ақтөбе
С)Атырау
Д)Ақтау
Е)Каспий