Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы


Жасы : 2-3 жас. Қызығу нүктесі



Pdf көрінісі
бет28/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
Монтессори

Жасы
: 2-3 жас.
Қызығу нүктесі:
: орындықты бір аяғына қою.
Қателіктерді бақылау:
орындықты тасымалдау және еденге қою кезіндегі 
шу; орындықтың аяқтарының жоғары қарап қалуы.
Сөздік:
орындық, арқалық, отырғыш, аяқтары, әрекет атаулары.


40 
Кілемшені жаю және бүктеу. 
Тікелей мақсат:
кілемшені жайып және бүктеп үйрену.
 
Жанама мақсаты
: қимыл-қозғалысты, дербестікті дамыту.
Материал:
тұғырықтағы кілемше. (Кілемшелер ковролиннен, қалың
драптан тігілген болуы мүмкін. Тұғырықта балалардың санына байланысты 
бес немесе алты кілемше болуы мүмкін).
Тұсаукесердің жүру барысы: 

«Мен бүгін сіздерге кілемшені апаруды көрсетемін».

Кілемше жиналған төсеніштің қасына келіп, баладан қандай кілемше 
ұнайтындығы туралы сұраймыз. 

Кілемшенің ішіне оң қолымыздың төрт саусағын тығамыз (сұқ саусақ, 
ортаңғы, аты жоқ саусақ және шынашақ), ал бас бармақпен кілемшенің шетін 
қысып ұстаймыз.

Кілемшені оң қолымызбен сәл көтеріп, шамамен ортасынан сол қолмен 
қағып алып, келесі жағына да оң қолымызды ысырып, кілемшенің ортасынан 
ұстаймыз.

Ортасынан екі қолмен ұстап, кілемшені төсеніштен шығарамыз.

Кілемшені алдымызға тік ұстап жүреміз.

Жиегін өзімізге қаратып жерге қоямыз да, қолымызды кезекпен 
жайылып жатқан кілемшенің ізімен ауыстыра отырып жая бастаймыз. 

«Жайдық».

«Ал енді, мен сіздерге кілемшені қалай айналып өтуді көрсетемін». 
Баланың қолынан ұстап, кілемшенің барлық бұрыштарын ұқыпты түрде 
айналып өтеміз.

«Енді кілемшені бүктейміз».

Кілемшенің шетін жымырып, жұқа трубкаға шиыршықтаймыз да, 
қолымызды ауыстыра отырып әрі қарай бүктейміз.

Кілемшенің жиегін «сәбіз тәрізді» болып кетпестей етіп түзетіп 
отырамыз.

Кілемше бүктелгеннен кейін, оң қолмен кілемшенің шетінен, ал сол 
қолмен ортасынан ұстап көтереміз. Содан соң оң қолмен ортасынан қағып 
алып, алдымызға ұстап төсенішке дейін көтеріп әкелеміз. 

Төсенішке екі қолымызбен қоямыз.

Балаға қайталауды ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет