Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



бет119/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова

3. Модельді тәжрибелік жүзеге асыру күнделікті педагогикалық үрдісте ойластырылған тәрбиелік жұмысты орындауға бағытталуы тиіс.

Оқушылардың қызығушылығын және назарын сақтап қалу үшін шара жақсы ұйымдастырылып, қарқынды, үздіксіз өтуі тиіс. Жүргізушілердің шараны өткізуде алатын орны бөлек, олар дайындалған, эрудициялы, жақсы ұйымдастырушы, күтпеген жағдайда дұрыс жол таба біліп, тыңдаушыларын өзіне қаратуы, олармен байланыс орната білуі маңызды. Әлі қалыптаспаған ұжымдарда, оқушылардың жас шамасына қарамастан, мұғалімдер тәрбиелік сабақты өздері өткізеді. Ұжым қалыптасқан кезде басшылық оқушыларды неғұрлым жиі сырттай бақылауға көшеді (белсенділермен ықпал ету арқылы, өздігінен өткізулеріне сүйеніп). Алған тәжірибелеріне қарай, мұғалім оларға сыныптан тыс кейбір сабақ формаларын өздігінен өткізуді тапсырып, жағдайды сырттан бақылап отырады.

Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу кезінде мұғалім техникалық құралдар істен шығып кетпеуі үшін көзделген жұмыс жоспары уақытқа сай болуы үшін, оқушылардың барлығының өз орнында болуын қамтамасыз етуі тиіс, өйткені түбегейлі жоспарлаған сабақтың тиімділігі төмен болып шығуы ықтимал.

Күрделі шараларды өткізуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс (ұзақ ойын, компьютерлік шығармаларды қарау, информатика апталығы, физмат ғылымдарының айлығы). Олар біртұтас оймен және мақсатпен байланысқан циклден тұруы керек.

Мазмұны мен әдістері әртүрлі жалпы сыныптық сабақтарда тәжірибені тиімді өткізу үшін сабақтың төрт негізгі кезеңдерін ұстану қажет [35, 420-б.].

Ұйымдастырушылық кезең (0,5-3 мин).

Педагогикалық мақсаты: оқушыларды сыныптан тыс жұмысқа ауыстыру, олардың қызығушылығын ояту, жағымды әсер қалдыру.

Типті қателіктер: сабақтың басталуын қайталау, созушылық.

Ұсыныстар: оқушыларды сабақтан тыс әрекетке тиімді ауыстыруға ұйымдастырушылық кезеңнің дәстүрлі емес, қызықты материалы септігін тигізе алады: жұмбақтарды, проблемалы сұрақты, ойынды, дыбыс жазуды, оқушылардың басқа бөлмеге ауысуын және т.б. пайдалану арқылы.



Кіріспе бөлім (сабақтың 1/5-ден 1/3-ге дейінгі уақыты).

Педагогикалық мақсаты: оқушыларға белсенді жұмыс жасату, оларды тәрбиелік ықпал етуге бұру. Мұғалім оқушылардың мүмкіндіктері, жеке бас қасиеттері, тақырып бойынша ақпараттандырылу деңгейі, эмоциялы жай-күйі, белсенділік деңгейі, қызығушылығы және т.б. қаншалықты шындықпен сәйкес келетіндігін анықтайды. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың көңілін аулап қана қоймай, сабақ барысына өзгерістер енгізу қажет пе және олар қандай сипатта болуы керектігін анықтайды.

Типті қателік – мұғалімнен қорыққаннан, оқушылар мұғалім күткен нәтижеден басқаны айтып немесе істеп қою үрейінен, осы кезеңді ескермеуі. Кіріспе бөлімді мұғалім балалардың белсенділігіне қарап емес, өзіне байланысты құрастырады, сол арқылы кері байланысты ескермей, оқушыларға пассивті тыңдарман рөлін беріп, олардың эмоциялы көңіл-күйіне мән бермейді.

Ұсыныстар: кіріспе бөлім мазмұнға қарағанда кіріспе әңгіме (танымдық, эстетикалық) немесе ширату (викториналар, байқаулар, КВН) түрінде де бола алады.

Бірінші жағдайда сұрақтар, ал екіншіде – тапсырмалар қызықты болып қана қоймай, мұғалімге материалдың дайын екендігі туралы ақпарат беретіндей құрастырылуы тиіс. Кіріспе бөлімде алда өтетін ісшаралар туралы оқушылардың бастапқы түсініктері қалыптасуы керек (бағалау жүйесімен, іс-шаралар жоспарымен танысу, командаға бөліну). Бағалаудың нақты өлшемлері беріліп, қажетті ережелер түсіндірілуі қажет.



3. Негізгі бөлім уақыт бойынша ең ұзақ болуы керек (жалпы сабақтың 1/3 уақытынан көп).

Педагогикалық мақсаты: іс-шараның негізгі идеясын жүзеге асыру.

Типтік қателіктер: кейбір оқушылардың немесе барлығының енжарлығы кезінде мұғалімнің белсенділік танытуы, көрнекіліктердің жоқтығы немесе құралдар мен әдістердің аздығы, мінез-құлықты қалыптастыру әдістерінің сананы қалыптастыру әдістерінен артық болуы, білім беру сабағына айналуы, ғибратқа, әдепке үйретушілік.

Ұсыныстар: егер оқушылар барынша белсенді болса, сыныптан тыс жұмысты жүзеге асыруда тәрбиелік мәні жоғары. Сыныптан тыс сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін кәдімгі сабақтан ерекше көңіл-күйді көтеретін жағдай туғызу маңызды.

Мұғалім сабақты өткізудің неғұрлым көп әдістерін қолданса, соғұрлым негізгі бөлімнің тиімділігі артады: жаттығу, ойын, тапсырма; олар әртүрлі әрекет түрінен құралады: еңбек, шығармашылық, ойын және т.б.

Алуан түрлі әрекеттерді ұйымдастыру кезінде оқушыларды командаға біріктіру арқылы, мұғалім оларды бір-бірімен еркін әңгімелесуге ыңғайлы етіп, міндеттерін бөлген кезде, оқушы өз атынан емес, ұжымның бір бөлігі ретінде қатысқандай орналастырғаны дұрыс. Тапсырманы орындауға уақыт берген кезде, командаға оны талқылауға, команданың оқушылар таңдаған өкілінен сұрауға бірнеше минут бөлген жөн. Тек осы жағдайда оқушылар әрекетінің ортақ мақсаты, бірігу себептері мен түрлі қызметтері болады.

Сананы қалыптастыру әдістері оқушыларда сенімнің, іс жүзіндегі этикалық түсініктердің қалыптасуына ықпал етеді. Әңгімелеу әдісін тиімді етіп түрлендіруде хабарламаны, оқушының баяндамасын, жиірек пікірталасты қолдануға болады. Сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстың жаппай түрінде оқушыларды пікірталас жүргізу ережелеріне үйреткен дұрыс.



4. Қорытынды бөлім (1/4-ден кемінде 1/5-ге дейінгі уақыт).

Педагогикалық мақсаты: оқушылардың алған тәжірибелерін мектептен тыс өмірінде пайдалануға дағдыландыру және сабақ идеясын қаншалықты жүзеге асырылғанын анықтау. Нәтижесінде, қорытынды бөлім мұғалімнің балаға басқа ортада тәрбиелік ықпал етуге мүмкіндік береді.

Типтік қателіктер: бұл бөлім ескерілмейді немесе «Ұнады ма?», «Жаңа не білдіңдер?» сынды сұрақтармен тұжырымдалады.

Ұсыныстар: тест түріндегі тапсырмалар бастапқы нәтижелерді анықтау үшін оқушыларды қызықтыратын: сөзжұмбақ, минивикторина, блиц, ойын және т.б. түрінде болғаны дұрыс. Алған тәжірибелерін өмірде пайдалану үшін оқушыларға әртүрлі ұсыныстар жасау. Оны аталмыш мәселе бойынша кітаптар көрсету, сабақта алған дағдыларын, ақпаратты таныта алатын жағдайды талқылау арқылы жүзеге асыруға болады. Алған тәжірибелерін қолдану үшін оқушыларға келесідей кеңес беріледі: өз туысқандарына не айта алады, осы тақырып бойынша не сұрауға болады; қайда баруға болады, неге назар аудару қажет, қай ойынмен ойнауға болады, өздігінен не істеуге болады және т.б. Қорытынды бөлімде сабақ тақырыбы одан әрі ашуды қажет ете ме және оны қалай іске асыруға болатындығын анықтауға болады. Қорытынды бөлімді мұғалім оқушылардың кейінгі іс-шараларды өткізудегі бастамаларын дамыту үшін қолдана алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет