5.1.5. Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей:
жалпы ережелерді;
дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы ережелерді;
жұмыс жасау кезіндегі ережелерді;
апаттық жағдайдағы ережелерді;
жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
▪ компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуына тыйым салынады;
▪ мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
▪ дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жүмыс істеуге болмайды;
▪ дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
▪ пернетақта үстіне ешқандай заттар қоюға болмайды;
▪ компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жаныңдағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады;
▪ оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |