6.3.3. Үй жұмысын тексеру әдістері 1. Үй тапсырмасын сыныпта талдау:
а) оқушы тақта алдында үй жұмысын орындайды, онымен қатар
шешу кезеңдері бойынша жаппай сұрақтар қойылады;
б) оқушылар кезекпен (сатылы) есепті шығарады. Жаппай түрде
орындау тәртібі сұралады;
в) үй жұмысына ұқсас тапсырманың шешімін тақтаға жазу; шешім жабық тұрады. Тапсырманы орындау реті, жаппай сұраудың барысында, тақтадағы жабық тұрған шешім біртіндеп ашылып отырады.
2. Көптеген оқушыларда №… орындалмаған немесе қате орындалғаны анықталса:
а) тапсырманы мұғалім оқушылардың көмегімен тақта алдында
орындайды, мұғалім көмекші сұрақтарын қойып отырады;
б) осы сияқты, тапсырманы тақтаға шақырылған оқушы орындайды, шешу жолын мұғалімнің сұрауы бойынша оқушылар өз орнынан айтып отырады.
3 Оқушы тақтаның алдында есептің немесе мысалдың шешуін жазады. Кез келген жерінде мұғалім оны тоқтатып, басқа оқушыдан сол тапсырманы жалғастыруын сұрайды және т.б.
Кеңесшілердің көмегімен сыныпта үй жұмысының бары немесе жоғы, орындау дұрыстығы тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |