Оқыту формалары мен әдістерін таңдау
Оқыту әдістерін және үйлесімділігін таңдау кезінде мына критерийлерді басшылыққа алған жөн:
оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестік;
оқытылатын материалдың мазмұнына сәйкестігі (күрделілігі, жаңалығы, сипаты, материалды көрнекі ұсыну мүмкіндігі және т.б);
сынып оқушыларының нақты оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі: жас ерекшелігіне (физикалық, психикалық), дайындық деңгейіне (білімділік, даму, тәрбиелілік, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды игеру дәрежесі бойынша), сыныптың ерекшелігіне;
іс жүзіндегі жағдайға сәйкестік (кабинеттің тиісті оқу құралдарымен жабдықталуы1, электронды және баспадан шыққан оқуәдістемелік материалдардың болуы) және оқуға жеке уақыттың бөлінуі;
эргономикалық жағдай (кесте бойынша сабақ өткізу уақыты, сыныптың толықтығы, компьютерде жұмыс жасау ұзақтығы және т.б.);
мұғалімдердің дербес өзгешеліктеріне және мүмкіндіктеріне сәйкестік (мінез-құлқы, қандай да бір әдісті меңгеру деңгейі, сыныппен қарым-қатынасы, бұрынғы тәжірибесі, психологиялықпедагогикалық деңгейі, әдістемелік және ақпараттық-технологиялық дайындығы).
Достарыңызбен бөлісу: |