3.3.1. Кешенді бақылау жүйесінің ерекшеліктері
Бір ғана тапсырма бойынша білімін, іскерлігін және дағдысын тексеруге бағдарланған дәстүрлі бақылаумен салыстыратын болсақ, ұсынылып отырған кешенді жүйе арнайы тапсырмаларды пайдаланады, олар, біріншіден, бірнеше тесттер бойынша бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, екіншіден, жалпы білім беру дағдыларының дамуын бағалауға мүкіндік береді (талдау, синтез, жинақтап қорыту, салыстыру және т.б.). Кешендік бақылаудың пайдалы жағы оқушылардың осы не басқа бағдарламалық ортада, мысалы, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіште, тек қана жинақталған әдістер мен тәсілдерін бағалау мүмкіндіктері туып қана қоймай, күрделі құжатты дайындау кезіндегі ақпараттық технологияларды игеру дәрежесін айқындауға да мүмкіндік туады.
Арнайы тапсырмаларға логикалы - талдаулық міндеттер және жобалар кіреді, олардың нұсқалары осы тарауда берілген. Осы тапсырмаларға келесі бағалауды беруге болады:
логикалы - талдаулық міндеттер және жобалар толық түрдегі көріністі бермейді және эталоны болып табылмайды, келтірілген мысалдар ретінде қаралады, оларды оқытушы өзінің өмірлік көзқарасымен және біліміне, оқушылардың дайындықтарының
деңгейіне, уақытша шектеуліктерге сәйкес өңдеуден өткізеді;
есептер мен жобалардың үлгілері, ұсынылған материалдың негізінде оқытушы өздігінен басқа да логикалы - талдаулық есептер мен жобаларды әзірлей алатындай етіп таңдалынады;
есептер мен жобалар «Информатика» пәнінің шеңберінде құрастырылған, яғни, мұнда интеграция пәнаралық және пәндік болып келеді.
Логикалы - талдаулық міндеттер және жобалар бақылаудың басқа түрлерімен қатар пайдаланылады.
Кешенді бақылау шеңберінде жалпы оқытудың дағдылары мен іскерліктерінің дамуы мен қалыптасуы бойынша міндеттері органикалық (табиғи) түрде шешіледі.
Көптеген күрделі мәселелерге міндеттер мен жобаларды әзірлеу, сонымен қатар, талдаудың құралы мен нәтижелерді бағалау жатады. Пәнаралық интеграция алға қарай дамудың бағыты болып табылады. Құрамында басқа пән саласының білімдерін пайдаланатын интегралдық міндеттер мен жобаларды жасау туралы сөз болып отыр.
Осындай жүйені пайдаланудың мақсаттылығы мен негізділігі Санкт-Петербургтағы бизнес және құқық Академиясының гимназиясының базасындағы жоғарғы сыныптардың (10-11) экспериментінің нәтижесінде толық түрде дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |