Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Информатика пәні бойынша жобаларға қойылатын талаптар



бет90/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#86942
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   164
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі павлодар мем

Информатика пәні бойынша жобаларға қойылатын талаптар. Оқушы жобаны орындау кезінде, қазіргі кездегі ақпараттық және қарым-қатынастық технологиялық құралдары арқылы орындалған ақпараттық өнім жасайды. Пайдаланылатын технологиялар бойынша дайындаманы шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:
web-сайттар (мәселелік, тақырыптық және имидждік);
бағдарламалық жүйелерді пайдалана отырып жасалған бағдарламалар (модельдеу, ойындар, сервистік, өңдегіштер, конструкторлар, тренажерлар, деректер топтамасы);
ақпараттық және оқыту бойынша тұсаукесерлер (мәселелік, тақырыптық);
анимациялық фильмдер және жобалар (бос уақытында, көрсететін, үйрететін).
Ұсынылатын ақпараттық өнім төмендегі белгілерге сай болуы керек:
нақтылы мақсатты міндеттері және тиісті қызметтік
мүмкіндіктері болуы керек; аяқталуы керек;
өңдегіштік және жаңарту, даму мүмкіндіктері болуы керек;
әртүрлі ақпараттық объектілердің мақсаттылық байланысын көрсетуі керек;
іздеу және навигациялық құралдары (қажетілікке байланысты) және сезімділік интерфейсіне, логикалық құрылымға ие болуы керек;
анықтама жүйесін енгізуі керек;
бірыңғай стильдік шешімі болуы керек;
Жобаның құрамына, ұсынылған ақпараттық өнімнен басқа:
түсініктемелік жазба (теориялық бөлімі) – көлемі жағынан кішірек, жобаның мәселелерімен байланысты, құрамында ақпараттық материалдары бар немесе зерттеулік сипаттағы және пайдаланылған
технологиялардың негіздемесі бар реферат кіруі керек; - жұмыс жөніндегі нұсқаулық кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет