Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары



бет157/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#86942
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   164
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі павлодар мем

6.5. Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары
Зертханалық жұмыс. Тақырыбы «Информатикадан күнделікті сабақ жоспары»
Мақсаты:
сабақ конспектісіне қойылатын негізгі талаптарды анықтау;
информатикадан өтілген материал және оқулықтар негізінде сабақ жоспарының конспектісін құрыңыз.
Таңдаған тақырып бойынша бір сабақтың жоспарын құрыңыз. Жоспар құрғанда төмендегі сабақ элементтерін енгізіңіз:
жаңа тақырыпты оқып үйренуге дайындаушы жаттығулар
жүйесі ;
жаңа материалды түсіндіргенде тарихи деректер мен проблемалық жағдайларды (ситуация) пайдалану;
сабақта материалды алғашқы бекіту, өзіндік жұмыстың кезкелгенін жүргізу;
сабақтың кез-келген кезеңінде рөльдік ойындарды қолдану; - үйге тапсырма және оған түсінік беру; - сабаққа дайындалуға қажетті әдебиеттер.
Сабақ конспектісін құру.
Күнтізбелік жоспардан кез-келген сабақты таңдаңыз.
Төмендегі сабақ конспектісін құруға арналған нұсқауды пайдаланып сабақтың жоспар-конспектісін құрыңыз.
Формальды – бейнелеуші бөлігінде: сынып, уақыты, сабақ № , сабақтың тақырыбы, сабақтың мақсаты, сабақтың түрі, пайдаланылатын құралдар, сабақ кезеңдері мен олардың ұзақтығы көрсетілген сабақ жоспары болуы керек.
Мазмұндық бөлігінде: оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын жоспарланған талаптар; оқу материалының толық баяндалуы; барлық тапсырмалар, есептер, жаттығулардың нақты шешімдері болуы керек.
Мұнда көрсетілуі керек:
үй тапсырмасын тексеру қалай жүргізілетіні (үй тапсырмасының жаңа тақырыпты оқып үйренуге себепші болуы, ал тексеру оқытушы сипатта болғаны дұрыс);
кімнің, қандай сұрақтар бойынша сұралатыны;
сыныппен қандай фронтальды жұмыс жүргізілетіні ; 4) жаңа материал қандай түрде хабарланатыны :
кіріспеде не айтылуы керектігі;
мұғалімнің не туралы айтатыны, оқушылардың нені
орындауы керектігі;
мұғалімнің қоятын сұрақтары және оның жауаптары ;
қолданылатын көрнекі құралдар, қашан, қалай көрсетілетіні;
қандай қорытынды жасалынатыны, жұмыстың нәтижесінде оқушылардың нені игеретіндігі;
сабақта өткен материалды бекіту қандай түрде жүргізілетіні, оқушылардың жаңа материалды түсінгендігін қалай анықтауға болатыны және оның бұрынғы өткен сабақпен байланысы;
егер өзіндік жұмыс жүргізілетін болса, оның мазмұнының қандай болатыны, оны өткізуге қажетті нұсқаулар жасауға болатыны, тексерудің қалай жүргізілетіні;
үйге қандай және қашан тапсырма берілетіні, оған қандай түсініктеме берілетіні;
сабақты қорытындылау (сабақта қандай жаңа нәрселер үйренгендігі, сыныптың және жекелеген оқушылардың жұмысына мінездеме беру).
Әдебиеттер:
Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.
Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. –
Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с
1-қосымша
кесте. Сабақтың тиімділігін сандық бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет