Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



бет29/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#86942
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   164
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі павлодар мем

Оқыту әдістерінің жіктеуі
Оқыту әдістерінің саны мен сипаттамасы көп болғандықтан, оларды бірнеше негіздемеге сәйкес жіктеуге болады.
Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет ету сипаттамасы бойынша – Лернер-Скаткиннің2 жалпы дидактикалық оқыту әдістері:
түсіндірме-суретті (көрнекілік) әдіс;
репродуктивті әдіс;
проблемалы баяндау әдісі; бөлшектеп іздеу немесе
эвристикалық әдіс;
зерттеу әдісі.
Мұғалім әрекетінің негізгі құрамдас бөліктері бойынша – Ю.К. Бабанскийдің 3 оқыту әдісінің үш үлкен топтамадан тұратын әдістер жүйесі:
а) оқыту әрекетін жүзеге асыру және ұйымдастыру әдістері (ауызекі, көрнекі, практикалық репродуктивті және проблемалы, индуктивті және дедуктивті өздік жұмыстары және мұғалімнің басшылығымен өтетін жұмыстар);
б) ынталандыру және білімді дәлелдеу әдістері (қызығушылықты қалыптастыру әдістері: танымдық ойындар, өмірлік жағдайды талдау, жетістік жағдайын жасау; білім алу парызын және жауапкершілігін қалыптастыру әдістері: білімнің қоғамдық және тұлғалық мәнін түсіндіру, педагогикалық талаптар қою);
в) бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері (ауызша және жазбаша бақылау, зертханалық және практикалық жұмыстар, машиналы және машинасыз бағдарламалық бақылау, жаппай және сараланған, ағымдағы бақылау және қортынды);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет