Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі республикалық оқу-әдістемелік кеңес («Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы) Бекітілді роәК



бет6/9
Дата26.12.2019
өлшемі0,6 Mb.
#54776
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
pedagogih sityasiya kz


Педагогикалық жағдаят №318

Бәкен деген оқушыны орыс тілінен үлгерімі төмен болғандықтан 6«А» сыныбына ауыстырған болатын. Бірақ Бәкен орыс тілі сабағына келмей қалып, берілген тапсырмаларға немқұрайлық таныта бастады. Орыс тілі пәні мұғалімінің орнында Сіз не істер едіңіз?



Педагогикалық жағдаят №319

Сіздің сыныбыңыздағы бір оқушының тәртібі бірқалыпты болғанымен, сыныптағы қыздарын себепсіз ұра береді. Оған қолданған жазалау шаралары, ескертулер пайдасыз, керісінше оның әрекетін өріштете түседі. Не істеу қажет?


Педагогикалық жағдаят №320

Қылымсыған (кокетка) қыздың кесірінен, бұрын соңды айырылмас екі дос төбелесіп қалады. Сынып жетекшісі ретінде бұндай жағдайға реакцияңыз қалай болады. Сіздің әрекетіңіз?


Педагогикалық жағдаят №321

Сіз өзіңіздің сыныбыңызбен мектепішілік өлкетану (краеведческий) байқауына дайындалып жатырсыз. Бүгінгі күнге алдағы жұмыстарды талқылау жоспарланды. Бірақ балалар Сізге дайындалып үлгере алмағандарын айтады. Сіздің әрекетіңіз қандай болады? Жағдаятқа, балалардың тапсырманы орындаудағы қатынасына баға беріңіз.


Педагогикалық жағдаят №322

«Өмір және қарым-қатынас құндылығы» атты этикалық проблема тәрбие сағатында талқылануда. Бір оқушы сынып жетекшісіне қарап: «Он жеті жасар адамға не маңызды? квадраттық теңдеуді шешу, бензол формуласын білу ме, әлде жақсы жұмыс табу, қызбен танысу, отбасын құруды игеру ме?»- деп сұрайды. Айтылған пікірді соңына дейін жеткізіп, өзіңіздің шешіміңізді хабарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят №323

Сіз жетінші сынып жетекшісісіз, жас мамансыз. Сізге Аяна деген оқушының анасы келіп, балалардың табысын қолдай алмайтындығыңыз туралы кінә тағады. Аянаның үйде көп және ынтасымен жұмыс жасауына қарамастан тоқсандағы бағаларының арасында төрт те пайда болғаны туралы айтты. Сіз ата-анамен әңгімені қалай құрасыз?


Педагогикалық жағдаят №324

Бірінші сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу барысында мұғалім балалардың заттары жоғала беретіндігін байқады. Бұл жағдай сынып оқушылары арасында сенімсіздік пен күдікшілік атмосферасын дамытып, шағымдардың көбеюі мен үрейлену жағдайын тудырды. Мұғалімге басқалардың затын кім меншіктеніп жүргенін анықтап, жоғалған заттарды табу қажет. Мұғалім орнында сіз не істер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят №325

Тәжірибе көрсеткендей, балалардың арасындағы жанжалдық (конфликтілер) жағдайларға мұғалімдердің көзқарасы әр-түрлі. Осындай көзқарастардың бірі мынадай: «Жеткіншек жастағы балалар шағымданатындар мен «құпия өсек» айтатындарға жағымсыз қарап, өздерінің әлеміне ересектерді жолатқсы келмейді». Мұғалімнің бұл позициясына қалай қарайсыз? Өзіңіздің жауабыңызды беріңіз.


Педагогикалық жағдаят №326

Тәрбиешінің тапсырмасын орындау кезінде бала желім төгіп алады. Топтағы балалар шу ете қалып жіберіп, тәрбиешіге шағымданатындарын айтады. Бала сасқанынан жылап жібереді. Сіздің шешіміңіз.




Педагогикалық жағдаят №327

Мектептегі кәсіби еңбегіңіздің бірінші жылында Сіз «қиын» оқушыға кезіктіңіз. Өзіңіздің жұмысыңызды жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят №328

Оқушы сабаққа деген қызығушылығын жоғалтып барады. Өздігінен күресу балаға қиын, күнделігінде тек «екіліктер». Пән мұғалімі ретінде Сіздің әрекетіңіз?


Педагогикалық жағдаят №329

Сіз өзіңіздің физикалық жағдайыңызды жақсартқыңыз келді. Өзіңіздің әрекетіңізді жоспарлаңыз.


Педагогикалық жағдаят №330

Сіз өзіңіздің өзіндік тәрбиеңізбен айналысқыңыз келді. Өзіңіздің ұсыныс жоспарыңызды құрыңыз.


Педагогикалық жағдаят №331

Сізге мектеппен қоштасу сәті келді, оларға деген алғысыңыз шексіз. Көзіңізді жұмып, ойланып көріңіз, қандай сөзбен Сіз өз алғысыңызды білдірер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят №332

Сіз мектеп бітірдіңіз. Алда болашақ мамандық таңдау тұр. Сіз өзіңіз таңдаған мамандықтың белгілерін анықтаңыз?


Педагогикалық жағдаят №333

Әрбір өскелең ұрпақтың өзінің өмірлік құндылықтары және басымдылықтары бар.Қазіргі жастардың құндылықтарын қисындап мазмұндаңыз?


Педагогикалық жағдаят №334

Қоғамдық транспортта мобильді телефон арқылы тек қана жастар емес, ересек адамдар да өздерінің жеке мәселесін талқыға салатынына куә болдыңыз, осы әдептілікке жатады ма? Мобильді телефонды қолданудың дұрыс ережесін қисындап мазмұндаңыз?


Педагогикалық жағдаят №335

Сіз ғылыми жобаға қатысуға шешім қабылдадыңыз. Ғылыми жетекшімен алғашқы кездесуді жоспарлаңыз және ойланыңыз.


Педагогикалық жағдаят №336

Сізге сыныптастарыңыз мерекелік іс шараны өткізу туралы жауапкершілікті жүктеді. Іс шараны жоспарлаңыз?


Педагогикалық жағдаят №337

Сізді мүмкіншілігі шектеулі балаларға көмектесуде волонтерлік қозғалыстың басшысы етіп тағайындады. Сіздің әрекетіңіз.


Педагогикалық жағдаят №338

Сіздің досыңыз алыстан келді де, Түркістанға және басқа тарихи орындарға бірге баруға ұсыныс жасады. Сіз бұл шараның жоспарын қалай құратыныңыз туралы айтып берсеңіз?


Педагогикалық жағдаят №339

Сабаққа бірнеше оқушы он минут уақыт кешігіп келді. Сіздің әрекетіңіз?



Педагогикалық жағдаят №340

Оқушы қыз бала сыныпты жинастырудан бас тартты. Сіздің әрекетіңіз?


Педагогикалық жағдаят №341

Мұғалім сабақ кестесін дайындап, сыныптан шығып кетті.Осы уақытта оқушылардың біреуі кестені шкафқа тығып қойды. Сіздің әрекетіңіз?


Педагогикалық жағдаят №342

Төменгі сынып оқушыларының баспалдықтың жақтауын пышақпен бүлдіргенін мұғалім көрді. Сіздің әрекетіңіз?


Педагогикалық жағдаят №343

Тәрбиеші Мараттың бойында қорқыныштың пайда болғанын, эмоцияналдық күйінің тұрақсыздығын, жасқаншақтығын немесе құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алмайтындығын байқады. Бұндай жағдайда тәрбиеші қалай бастау керек?


Педагогикалық жағдаят №344

Айдардың бойында дау-дамайлық қасиеті бар, топ ішінде бірбеткейлі мінез бітісімен көрінеді. Бұндай жағдайда тәрбиеші істі қалай бастау керек?


Педагогикалық жағдаят №345

Балаларды емтиханға дайындау кезінде ата-аналар мен балаларға бірнеше кеңес беріңіз?.


Педагогикалық жағдаят №346

Сізге сенбілік өткізу жүктелді. Сіздің сыныптастарыңыздың бірлескен еңбек іс-әркетін ұйымдастыру шарасын жоспарлаңыз?.


Педагогикалық жағдаят №347

Егер де сіз сынып жетекшісі болсаңыз, жоғары сынып оқушыларымен Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесін өткізу шарасына байланысты жұмыс жоспарыңызға нені енгізер едіңіз?.


Педагогикалық жағдаят №348

Марат 9-шы сыныптан кейін оқуға бармады. Қазір ол 17 жаста және еш жерде жұмыс жасамайды. Сіз қалай ойлайсыз, болашақ өміріне орта білім туралы құжаттың жоқтығы кесел келтіре ме? Сіз оған қандай кеңес берер едіңіз?



Педагогикалық жағдаят №349

Сіз өзіңізді ата-ана ретінде елестетіңіз, сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз бақылау жұмысынан «екі» деген баға алды. Сіздің әсеріңіз? Балаға пән бойынша үлгермеушілікті жою үшін не істер едіңіз?


Педагогикалық жағдаят № 350

Сіздің сыныбыңыздың оқушысы үнемі сабақ жібереді. Сіз қандай іс-әрекет жасайсыз?


Педагогикалық жағдаят № 351

Сіздің сыныбыңыздың оқушысы оның тәртібіне жағымсыз әсер ететін ұлдармен дос. Сіз қандай іс-әрекет жасайсыз?



Педагогикалық жағдаят № 352

Сынып жетекшісі өз оқушылары әр түрлі жағдайларда өздерін ұстай ала білсе деп тіледі. Осы мақсатпен ол сыртқы киім кию мен жақсы әдеттер туралы сыныпта бірнеше әңгімелер өткізді. Балалар өз сынып жетекшісін зейін қойып тыңдады, көп сұрақтар қойды. Бірақ содан соң жетінші сынып оқушыларының тәртібінде ешқандай да өзгерістер болмағанын педагог қамыға байқады. Неліктен?


Педагогикалық жағдаят № 353

Оқушы өзіне-өзі үлкен сеніммен мұғалімге: «Егер де мен қаласам, менің қолымнан келмейтін еш нәрсе де жоқ. Соның ішінде Сіз беретін пәнді де маған меңгеріп алу түк те тұрмайды» - дейді. Мұғалімнің бұған жауабы қандай болу керек?


Педагогикалық жағдаят № 354

Оқушы оқудағы өз жетістіктеріне көңілі толмай, өз қабілеттіліктеріне және де қашан да болмасын материалды толығымен түсініп, меңгере алатынына күмәнданып, мұғалімге былай дейді: «Сіз қалай ойлайсыз, сыныптағы басқа да балалардан қалмай, мен қашан да болмасын «беске» оқи аламын ба»? Мұғалім оған не деп жауап беру керек?




Педагогикалық жағдаят № 355

Сенің сыныптасың оқудағы өз жетістіктеріне көңілі толмай, өз қабілеттіліктеріне және де қашан да болмасын материалды толығымен түсініп, меңгере алатынына, жетістікке қол жеткізе алатынына күмәнданады. Сен оған осы жағдайға не айтар едің және неліктен?



  1. «Шынымды айтсам, мен де күмәнданамын».

  2. «Сенде қабілеттіліктер бар және де мен саған үлкен үміт артамын».

  3. «Сен неге өзіңе күмәнданасың»?

  4. «Сөйлесіп, мәселе неде екенін анықтайық».

  5. «Көбісі сенің өзіңе байланысты».

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 356

Бала мектепке кішкентай аламанды алып келді. Бұндай күні бүкіл сабақтар «тоңқаласады». Не істейміз?



  1. Оқушыны өз аңын үйге тастап келуге жіберу. Ал өзі, міндетті түрде, сабаққа оралу керек.

  2. Сабақ барысында аңды «тәркілеу» және де қол жетпес жерге тығып тастау. Сабақтан соң күнделіктегі ескертумен қайтарып беру.

  3. Аңға торлы орын ретінде өз үстелінің тартпасын ұсыну және де балаларды жұмыспен қамту үшін жазбаша бақылау жұмысын ұсыну.

  4. Алдымен бүкіл сынып болып аламанды тамақтандыру және де онымен сүйсіну; негізгісі - бұл мейірімділік сабағы. Ал математика (химия, физика және басқ.) тұра тұрады...

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 357

Өзіңізді мұғалім рөлінде келесі жағдайда елестетіңіз.

Оқушы өз сыныптастарының біреуіне нашар қарым-қатынасты ашық көрсетіп: «Мен онымен бірге тапсырманы орындағым келмейді» дейді. Сіз осы жағдайға қалай жауап қайтарасыз (қалай жасайсыз, не істейсіз, не айтасыз? және басқ.) және неліктен?


  1. Не болар дейсіз? Ешқайда бара алмайсың, бәрібір де орындауға тура келеді.

  2. Бұл сенің жағыңнан - ақылсыздық.

  3. Мен сенен бәрібір де тапсырманы орындауға кірісуді өтінемін!

  4. Сіздер ұсынылған тапсырманы бірігіп жақсы орындай аласыз.

  5. Мен тапсырманы орындау үшін ұсынылған жұпта біріккен жұмысты маңызды деп есептеймін.

  6. Неліктен оқушы өз сыныптасымен бірігіп жұмыс жасағысы келмейтіндігін анықтауға тырысамын.

  7. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 358

Сіз сабақты өткізуге кірістіңіз, тақтаға бұрылған сайын сіз күлкі естисіз. Төменде ұсынылған сөзді реакцияның ыңғайлы нұсқасын таңдаңыз және белгілеңіз:



  1. «Кім күліп отыр»!

  2. «Кім маған сабақ өткізуге кедергі жасап отыр»?

  3. «Құдай үшін күле беріңдер»!

  4. «Мен ашуланып қарай беремін».

  5. «Жайдары адамдарды жақсы көремін».

  6. «Мен балаларда көтеріңкі көңіл туғызғаныма қуаныштымын».

  7. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №359

Мұғалім оқушыға тапсырма береді, оқушы оны орындағысы келмейтіндігін білдіріп, «Мен тапсырманы орындағым келмейді!» - дейді. Сіздің ойыңызша мұғалімнің реакциясы қандай болуы керек?



  1. «Онда сен не үшін оқуға келдің?»

  2. «Бұл өзің үшін жаман, надан болып қала бер. Сенің мінез-құлқың өзінің бет-әлпетіне көңілі толмай өз мұрнын кесіп тастағысы келетін адамның мінез-құлқына ұқсайды.»

  3. «Мұның аяғы неге апаратынына есеп бере аласың ба?»

  4. «Не үшін істегің келмейтінін түсіндірші.»

  5. «Отырып, талқылайық – мүмкін сенікі дұрыс шығар.»

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №360

Сіз таза бөлмеге кірдіңіз және сол кезде бөлмеге кіргендердің ішінен біреу сіздің көзіңізше еденге қоқыс тастады. Сіз не істер едіңіз?



  1. Ұялтасыз.

  2. Көпшіліктің көзінше өзіңіз қоқысты жинай бастайсыз.

  3. Астарлап айтасыз.

  4. Ештеңе байқамағандай өтіп кете бересіз.

  5. Ескерту жасайсыз.

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №361

Жағдайды елестетіп көріңіз:Көшеде келе жатып, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің төбелесінің куәгері болдыңыз. Бұл жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?



  1. Ескерту жасап әрі қарай кете бересіз.

  2. Өтіп кете береміз, жасөспірімдердің төбелесінде ерекше ештеңе жоқ.

  3. Араша болуға тырысамын және екеуінің екі жаққа тарасқанын күтемін.

  4. Айналадағы адамдарды оларға араша болуға, көмекке шақырамын.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №362

Жағдайды елестетіп көріңіз: Сіз, басқалардың мазасын алып, өзінің құлақаспабы арқылы қатты шулы әуен тыңдап келе жатқан жасөспірім отырған қоғамдық көлікте келе жатырсыз. Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?



  1. Оған дауысын сәл бәсеңдетуін айтамын.

  2. Басқа жолаушылардың назарын жасөспірімнің іс-әрекетіне аударамын.

  3. Мен жақындап, құлағынан құлақаспабын алып, шулы әуен тыңдағанның зиянды екенін түсіндіремін.

  4. Оған назар аудармаймын, қәзір бәрі солай жасайды.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №363

Оқушы, пән бойынша үлгермей жүргендігінен ақталу үшін, мұғалімге шағымданады: «Сіз сабақты түсіндіре алмайсыз, маған ештеңе түсініксіз, сондықтан менде жақсы білім жеткіліксіз және бағаларым төмен». Мұғалімнің жауабы қандай болуы керек?



  1. «Мүмкін, саған басқа сыныпқа ауысқаның немесе басқа мұғалімде оқығаның дұрыс болар?»

  2. «Сенің жай ғана оқығың келмейді».

  3. «Бәлкім, сен сабаққа көңіл аудармайсың».

  4. «Мен болашақта сенің ойыңның жақсы жағына өзгеретініне үміттенемін».

  5. «Мен саған қосымша сабақтар ұсына аламын».

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №364

Сыныпқа мұғалім кіреді. Оның түрі шаршаңқы, өңі бозарыңқы, көзінің асты қарайып тұр... Сіздің сыныптастарыңыздың бірі, оған жанашырлықпен айтты: «Сіз өте шаршаңқы және жабырқаулы көрінесіз». Бұл жағдайда мұғалім қалай жауап беруі қажет?



  1. «Менің ойымша, сенің мұғалімге мұндай ескерту айтуың қажет емес».

  2. «Ия, мен өзімді нашар сезініп тұрмын».

  3. «Мен үшін уайымдама, өзіңе қарасайшы».

  4. «Мен бүгін нашар ұйықтадым, жұмысым өте көп болды».

  5. «Алаңдама, бұл біздің сабағымызға кедергі болмайды».

  6. «Сен өте ұқыптысың, қамқорлығыңа рахмет!»

  7. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №365

Сіз жақын достарыңыздың арасына танысыңызды әкелдіңіз,ол барлығының назарында болды.Сіздің іс-әрекетіңіз:

1. «Барлығының назары танысыңызда болғаны сізге ұнамады».

2. «Сіз танысыңызға қуаныштысыз».

3. «Сіз достарыңыздың іс-әрекетіне немқұрайлысыз».

4. «Танысыңызды қолдуға тырыстыңыз».

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңыздың жауабын негіздеңіз.



Педагогикалық жағдаят №366

Сіздің кейбір сыныптастарыңыз қоғамдық тәртіп және мектеп ережелерін жиі бұзады. Сіздің бұған көзқарасыңыз:

1. Егер олар рұқсат етілген шектен шықпаса, бұл жағдайға менің басым ауырмайды.

2. Сыныптастарымның бұл ісі маған жағымсыз, себебі олар өздерін бақылай алмайды.

3. Бұл менің наразылығым мен жек көрінішімді туғызады.

4. Мұның сыныптағы эмоционалдық жағдайға теріс әсер ететініне сыныптастарымның назарын аудартамын.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №367

Мұғалімнің оқушы қойған сұраққа жауап бере алмай қалған сәтін көз алдыңызға елестетіңіз. Сіздің ойыңызша, бұл жағдайда, мұғалім не істеуі керек?

1. Бұл сұрақтың жауабын білмейтінін ашық айтуы керек.

2. Сұраққа жауапты басқа уақытта беретініне уәде беруі керек.

3. Шамамен болса да, сол бойда жауап беруі керек.

4. Оқушыға жауапты үйде өзі тауып, сыныпта хабарлама жасауды ұсынуы керек.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №368

Оқушы үй тапсырмасын орындамаған күндері әрқашан мұғалімге әртүрлі сылтаулар айта береді. Бұл жағдайда мұғалім қандай әрекет етуі керек?

1. «Міне, тағы да!»

2. «Бұл жауапсыздықтың көрінісі сияқты емес пе?»

3. «Саған іске салмақтылықпен қарайтын кез келді деп ойлаймын».

4. «Айтшы, неге әрқашан осы жағдай қайталана береді?»

5. «Мүмкін, сенің оқуға мүмкіндігің болмаған шығар?»

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №369

Сабақ үсті. Қиын тақырып. Кенеттен шиқыл естіліп, балалардың арасымен мысық жүгіріп өтеді. Сынып у-шу. Барлық назар мысыққа ауған. Әдеттен тыс эмоционалдық жағдай. Мұғалім не істеуі керек?

1. Мысықты сыныпқа кім әкелгенін және неге қоя бергенін анықтау.

2. Сабақ кезінде мысықты қол жетпейтін жерге қойып, сабақтан кейін оны оқушыға қайтып беру. Күнделігіне міндетті түрде ескерту жазу.

3. Мысықты сыныпқа әкелген баланың ата-анасын жедел мектепке шақырту.

4. Оқушылармен бірге мысықты қызықтап алып, сабақты қайта жалғастыру.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №370

Сегізінші сынып оқушысының ауызша жауабы үшін алған «үштігіне» ренжулі екені байқалады. Өзінің ренішін ол мұғалімге айтқысы келіп: «Сіз әрқашан маған бағаны төмендетіп қоясыз!» - деді. Педагогтың әрекеті:

1. «Мүмкін саған бағаны көтеріп қоятын басқа мұғалім табу керек шығар?»

2. «Сенің жұмысың – мұғалімді оқыту емес, өзің оқу!»

3. «Сен шынымен жақсы оқи аласың, сенің бағаға қанағаттанбауың мені қуантады».

4. «Келесі жолы сенің біліміңді балалар және өзің бағалайтын боласыңдар. Келістік пе?»

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №371

Мұғалім математика сабағында оқушыларға тапсырма жазылған карточкалар таратты. Оқушылардың бірі, карточканы алып, көршісінің тапсырмасы өзінікіне қарағанда біраз жеңіл екендігін айтып, тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұғалім қандай әрекет етуі керек?

1. «Олай емес, барлық тапсырма ұқсас».

2. «Істегің келмесе – істетеміз!»

3. «Бұл сен үшін немен аяқталатынын білесің бе?»

4. «Кел, отырып, талқылайық – мүмкін сенікі дұрыс шығар»

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №372

Жаңа сабақты тақтаға жазып жатқан мұғалімнің арқасына бірнеше қағаз шарик тиіп, оқушылар ду күлді. Мұғалімнің әрекеті:

1. «Тағы да сабақты бұзғыларың келіп отыр ма?»

2. «Мұны кім істеді? Күнделігіңді әкел!»

3. «Көңілді адамдарды жақсы көремін».

4. «Сендерге көңілді жағдай жасағаным үшін қуаныштымын»

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңызды негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят № 373

Оқушы өз болмысымен мұғалімге сабақтың қызық емес екендігін көрсетіп тұр. Мұғалімнің ескертуіне сенімді түрде: «Берілген тақырыптың материалын интернеттен табуға болады және оңай өздігімізден үйреніп алуға болады»,-деп жауап қатты. Мұғалімнің реакциясы қандай болуы керек?



  1. «Сен өзің туралы тым жақсы ойлайсың».

  2. «Сенің қабілетіңмен бе?»-Күмәнім бар!»

  3. «Сен мүмкін өзіңді сенімді сезінетін сияқтысың, егер осылай айтып тұрсаң?»

  4. «Күмәнданбаймын, өйткені сен қаласаң, барлығы қолыңнан келеді?»

  5. «Шектен тыс сенімділік іске кедергі болады».

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз

Таңдаған нұсқаны негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят 374

Сабақ сапасына қанағаттанбаған жоғары сынып оқушылары сабақ үстінде өз ойын ашық айтады. Осы ситуацияда жас мұғалім қатты қиналады. Мұғалім реакциясы қандай болу керек?



  1. «Жақсы, келесі сабақты сіз өзіңіз өткізіңіз».

  2. «Мұғалімді өзіңіз таңдаңыз, сонда көреміз не боларын».

  3. «Сіз тек оқығыңыз келмейді».

  4. «Орын алған ситуациядан бірігіп жол табайық».

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаны негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят 375

Оқушы өз жетістіктеріне көңілі толмады, өзінің қабілетіне, материалды түсініп, меңгеріп сәттілікке жетуіне күмәні бар. «Сіз осы оқушыға не деп жауап бересіз?».



  1. «Сен қабілеттісің, мен саған үлкен үміт артамын».

  2. Сен неге өзіңе күмәнданасың?

  3. «Сөйлесіп, мәселені анықтайық».

  4. «Көп нәрсе біздің қалай жұмыс жасайтынымызға байланысты».

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаны негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят 376

Мұғалім ролінде өзіңізді келесі ситуацияда көріңіз: оқушы өз сыныптасының біріне ашық түрде ұнатпайтындығын көрсетіп: «тапсырманы онымен бірге орындағым келмейді».Сіз не дейсіз?



  1. «Не болды?», «Ешқайда бармайсың, бәрібір орындауға тура келеді».

  2. «Сенің тарапыңнан бұл ақымақтық».

  3. «Тапсырманы орындауға кірісуіңізді сұраймын».

  4. «Осы тапсырманы екеуіңіз жақсы орындайсыз».

  5. «Осы жұпта тапсырманы орындау тиімді деп ойлаймын».

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаны негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 377

Мұғалім оқушыға қосымша тапсырма береді. Ал оқушы орындағысы келмейді: «Мен мұны орындамаймын». Мұғалім реакциясы қандай болуы керек?



  1. «Қаламайсың ба – мәжбүрлейміз».

  2. «Өзіңе қиын болады».

  3. «Неге екенін түсіндіре аласың ба»?

  4. «Кел талдайық, мүмкін сенікі дұрыс шығар».

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаны негіздеңіз
Педагогикалық жағдаят № 378

Мұғалімнің берген ескертуіне оқушы сабақты меңгеру үшін оған көп жұмыс жасаудың қажеті жоқтығын айтады: «Мені жеткілікті деңгейді қабілетті адам деп есептейді!».

Мұғалім қалай жауап береді?


  1. «Бұл пікірге лайық екенің екіталай».

  2. «Өзің туралы жақсы пікірде болғаныңа қуаныштымын».

  3. Бұл сенің оқуға көп күш салуыңды талап етуі тиіс».

  4. «Өзіңді тыс жоғары бағалау адамға оқу үшін әрқашан тиімді бола бермейді».

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаны негіздеңіз

.

Педагогикалық жағдаят №379

Сабақ үстінде оқушы қыр көрсете отырып: «Жамал Молдашевна, сіздің жалақыңыз қанша?»,- деп сұрайды. Қалай жауап беру керек?


  1. Әзілдеу: «Бұл коммерциялық құпия ғой».

  2. Үлкен абыроймен жауап қайтару: «өте үлкен де емес, өте аз да емес, бірақ өзіме жетеді».

  3. Сұраққа сұрақпен жауап қайтару: «Ал, бұл саған не керек?».

  4. «Тайсалмай және ашық түрде қаражат сомасын айту – балалар да біле берсін, мүмкін маған жаны ашыр».

  5. «Естімеген кейіп таныту».

  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаны негіздеңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет