Әбілқайыр
(
Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур
хан
) (
1693
- 12.08.1748) — хан, қолбасшы,
1718
-
1748
жж. билік құрған
Кіші жүз
ханы.
Соғыстарда
батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды
ұйымдастыра
білуімен даңқы шығып, мұрагерлік
жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.
Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында
туған.
Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан
бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші
ұрпағы.
Жошының он үшінші ұлы Тоқа Темірден тарайтын -
Өсеке ұрпағы, Қажы
сұлтанның баласы, Шыңғыс
ханның он бесінші ұрпағы.