Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет192/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Тасқымбаева Н.С.
Ата-аналар - педагогикалық үдерістің мүшелері: 
[сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысы] / Н. С. Тасқымбаева 
// Сынып жетекшісінің анықтамалығы=Справочник классного руководителя. 
- 2013. - № 8. - 42-45б. 
Тәжібаева С.
Сынып жетекшісі жұмысы жоспары қалай жасалады?
/ С. Тәжібаева // Қазақстан мектебі. - 2014. - № 5. - 29-31 б. 
Қазан 
10 жұлдыз
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан 
педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, 
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті 
қызметкері 
Тұрсын
Сыдықовтың
туғанына 
75 жыл
(10.10.1941) 
Сыдықов Тұрсын 
1941 жылы 10 қазанда Алматы облысы Сарқан 
ауданының Бақалы (Киров) ауылында туған. 1965 жылы Абай атындағы 


155 
Қазақтың педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақтың 
Ұлттық педагогикалық университеті) тарих-филология факультетін бітірген. 
1965-1968 жылдары Ақсу ауданында 8 жылдық мектептің оқу ісінің 
меңгерушісі, 1968-1969 жылдары Талдықорған облыстық мұғалімдер білімін 
жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі, 1969-1975 жылдары Қапал 
ауданы Көшкентал орта мектебі оқу ісінің меңгерушісі, аудандық партия 
комитетінде нұсқаушы, мектеп директоры болды. 1975-1978 жылдары Абай 
атындағы Қазақтың педагогикалық институтының аспирантурасында (қазіргі 
Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университеті) оқыды.
1978-2002 
жылдары 
Абай 
атындағы 
Алматы 
Мемлекеттік 
университетінде (қазіргі Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық 
университеті) ұстаздық етіп, ассистенттен профессор дәрежесіне дейін 
көтеріліп, жауапты қызметтерді атқарды. 1978 жылы кандидаттық, 1997 
жылы «Қазақ тарихи романы» деген тақырыпта докторлық диссертация 
қорғады. Негізгі ғылыми жұмыстары – қазақ тарихи романдары және қазақ 
әдебиетін оқыту мәселелеріне арналған. 
2002 жылдан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды. Қазір «Ілиястану» 
ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі. 
Оның «Мұрат пен», «Қазақ тарихы романы», «Қазақ тарихи романының 
көркемдік тілі», «Өңінде тұлпар мінгендер», «Талант тағлымы», «Ізгілік 
сабағы» атты кітаптары жарық көрген. Профессор С. Мақпыровпен бірігіп 
колледжге арналған екі бөлімнен тұратын «Қазақ әдебиеті» оқулықтарын 
жазды, «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясын шығарды. 700-ден астам ғылыми-
зерттеу мақалалардың, 3 монографияның авторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет