54
сынып оқушыларына «Денсаулық – зор байлық» атты ата-аналармен бірге
саяхат сабақ, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты дәрігерлермен жүздесу
кеші, «Біз осы өмірді таңдаймыз» атты тренингтер, «Денсаулық – адамның
бірінші байлығы» атты мектепішілік конференциялардың берері көп.
«Денсаулық – зор байлық» атты саяхат сабақта оқушылар «Салауат»,
«Тазалық», «Табиғат» атты үш топқа бөлінеді. Әр топта бір-бірден ата-аналар
отырады. Әр топтың алдына кішкен киіз үйлер яғни «Пікір алмасу ауылы»,
«Еңбек ауылы», «Мақал-мәтелдер ауылы», «Өнер ауылы», «Білім ауылы»,
«Денсаулық ауылы» атты бірнеше ауылдар тұрады, оларда әртүрлі
тапсырмалар болады. Сабақ соңында «Жүректен жүрекке» атты бөлімде әр
оқушы бір-бірлеріне жылы лебіздерін алдарындағы жатқан жүректерге
жазады, бір бірлеріне береді де, «Денсаулық» ауылынан дәм татуға
шақырады. Ата-аналар өз топтарындағы балаларға көмектесіп отырады.
«Денсаулық – адамның бірінші байлығы» атты мектепішілік
конференциясында мектеп дәрігерлерінің және мектеп оқушыларының
конференция тақырыбына сай әртүрлі баяндамалары оқылады.
Достарыңызбен бөлісу: