Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет92/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Мамыр 
20 жұлдыз
Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, немiс тiлi 
оқулықтарының авторы 
Мұхтар Ғалиұлы Арыновтың
туғанына 
80 жыл

20.05.1936-10.09.1995


Арынов Мұхтар Ғалиұлы 
1936 жылы 20 мамырда Алматы облысы Ақсу 
ауданының Ақсу ауылында дүниеге келген. 1957 ж. Алматы мемлекеттiк 
педагогикалық шет тiлдер институтын 

қазiргi Халықаралық қатынастар 
және әлем тiлдерi университетi

бiтiрген. Осы институтта оқытушы, кафедра 
меңгерушiсi, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының 
проректоры болып қызмет iстедi. 
1981-1983 жж. Бiлiм министрлiгiнiң бөлiм меңгерушiсi болды. 1983 
жылдан өмiрiнiң соңына дейiн Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетiнiң 
ректоры болды. 
М.Арыновтың «Немiс тiлiнiң қысқаша грамматикасы», «Немiс тiлi 
грамматикасы 

морфология

» оқулықтары тiл бiлiмi ғылымындағы елеулi 
табыс ретiнде бағаланды. 60-қа жуық ғылыми, ғылыми-көпшiлiк және 
публицистикалық еңбектер, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар 
мен оқу құралдарының авторы. 
М.Арынов ұлт мәдениетiн өркендетуге елеулi үлес қосты. 1989 ж. 
Халықаралық «Қазақ тiлi» қоғамының құрылуына ұйытқы болды. Ақтөбе 
облысындағы «Қазақ тiлi» қоғамының төрағасы болып, ұлт тiлiнде оқытатын 
мектептердiң 
ашылуына 
көп 
күш-жiгер 
жұмсады. 
Арыновтың 
ұйымдастыруымен «Ақтөбе өңiрiндегi бiлiм беру жүйесiнiң дамуы» 
мұражайы, Абай мұражайы ашылды. Ол қазақ тiл бiлiмiнiң тұңғыш 
профессоры Қ.Жұбановтың 90 жылдығына орай республикалық ғылыми-
теориялық конференция ұйымдастырып, «Жұбанов тағылымы» оқуларын 


77 
жыл сайын өткiзудi дәстүрге айналдырды. Қ.Жұбановтың мұражайы мен
зертханасын ашуға басшылық еттi. 
М. Арыновтың жазған «Бес анық» кiтабы - қазақ халқының дәстүрлi 
дүниетанымын зерделеуге арналған алғашқы еңбектердiң бiрi болды. 
Сонымен қатар ол Есет, Көтiбар батырлардың, күйшi Қазанғаптың тарихи-
архитектуралық кешендерiнiң бой көтеруiне ұйтқы болды. Әйтеке бидiң, 
Кердерi Әбубәкiрдiң шығармашылығын зерттеуге елеулi үлес қосты. 
Арынов – белгiлi қоғам қайраткерi. Ол ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты 
ретiнде тәуелсiз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының, «Тiлдер туралы», 
«Жоғары бiлiм туралы» заңдарының қабылдау мен талдау жұмысына 
қатысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет