Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет94/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Мамыр 
23 жұлдыз
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан 
білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген 
қайраткері, Халықаралық қатынастар және әлем тілдері 
университетінің ректоры (1992-1997), 
Әділ Құрманжанұлы 
Ахметовтың
туғанына 
75 жыл
(23.5.1941)
Ахметов Әділ Құрманжанұлы
1941 жылы 23 мамырда Алматы облысы 
Райымбек ауданы Нарынқол ауылында дүниеге келген. 
1958 жылы орта мектепті, 1963 жылы Алматы шетел тілдері институтының 
(қазіргі Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері 
университеті ) ағылшын тілі факультетін бітірген. 
1963-1970 жж. аталған институтта оқытушы, аға оқытушы, 1970-1973 жж. 
осында аспирант. 1973-1990 жылдары осы институтта деканның орынбасары, 
декан, оқу ісі жөніндегі проректор, 1990-1992 жылдары Алматы қалалық 
әкімшілігінің қызметкері бола жүріп, Аризона штатындағы (АҚШ) Туссон 
қаласында уәкілдік қызметте болды. 1992-1997 жж. – институт ректоры. 
Ол басқарған жылдары институттың мәртебесі көтеріліп, Қазақ 
мемлекеттік әлем тілдері, кейін Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік 
халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ретінде қайта 
құрылды.
1996 жылы «Түркі тілдеріндегі табу және эвфемизмдер» тақырыбында 
докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері түркі 
тілдеріндегі, оның ішінде қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмге арналған. 
1997 жылы профессор атағы беріліп, Халықаралық жоғары мектеп 
академиясының 
және 
Қазақстан 
Республикасы 
Жоғары 
мектеп 
академиясының академигі атанды. 
1997-1998 жж. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет, денсаулық сақтау 
министрлігінің білім беру комитетінің төрағасы болды. 
1999-2000 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрінің 1-орынбасары, 
Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама 
корольдігіндегі, Ирландиядағы, Норвегия, Швеция корольдіктеріндегі 
төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарды. 2001-2005 жылдары 
Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры, 2005-
2007 жылдары осы университеттің халықаралық қатынастар проректоры 
болды. 
2007 жылдан бері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 
депутаты, қазіргі кезде Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар
қорғаныс 
және 
қауіпсіздік 
комитетінің 
хатшысы. 
Ә.Қ.Ахметов 
«Ерен еңбегі үшін» 
«Қазақстан Республикасының 
тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Астана» медальдарымен, 
«
Құрмет»
 орденімен,
«
Педагогикалық қызмет саласына сіңірген еңбегі үшін» 
Ы. Алтынсарин атындағы төс белгімен
марапатталып,
«Қазақстанның еңбек 
сіңірген қайраткері» атағын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет