Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет98/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы
konspekt progulki yanvar 2019g, konspekt progulki yanvar 2019g, Сценарий новогоднего праздника для детей Золотая ёлочка , Тақырыбы Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы-melimde.com
Мамыр 
27 жұлдыз
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Григорий 
Абрамович Умановтың
туғанына 
85 жыл

27.05.1931


Уманов Григорий Абрамович 
1931 жылы 27 мамырда Мәскеу 
қаласында дүниеге келген. 1954 жылы Қазақтың Мемлекеттiк университетiн 
(қазiргi Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетi) бiтiрген. 1954-
1964 жж. Алматы қаласындағы арнаулы мектептiң мұғалiмi және директоры 
болды. 1965 жылдан Қазақтың педагогикалық институтында (қазiргi Абай 
атындағы Ұлттық педагогикалық университетi) аға оқытушы, профессор 
болды, ал 1975 жылдан 20 жыл бойы осы институттың педагогика 
кафедрасының меңгерушiсi болып қызмет атқарды. 1995 жылдан бері еңбек 
демалысына шыққанша «Престиж» мектебінің директоры болды. 
Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушыларды еңбекке баулу және тәрбиеге 
көндiгуге, қиын балаларды еңбекке тарту мәселелерiне арналған. 
Г.А.Умановтың жұртшылыққа кең тарап, танымал болған еңбектерiнiң 
бiрi – «Қазақстандағы кәсiптiк-техникалық бiлiм берудi дамытудың 
педагогикалық проблемалары» атты монографиясы, 1968 жылы басылып 
шыққан бұл еңбек «Профессионально-техническое образование» журналы 
мен «Трудовые резервы», «Учитель Казахстана» т.б. газеттерде жарияланды. 
1972 жылы Г.А.Умановтың «Кәсiптiк-техникалық оқу орындарындағы 
тәрбие жұмысы» деп аталатын әдістемелік құралы шықты. Бұл методикалық 
құралды мұғалiмдердiң бiлiмiн жетiлдiру институттары мен кәсiптiк бiлiм 
беретiн оқу орындарының педагогтары өз жұмыстарында кеңiнен қолдануда. 
Григорий Абрамович өзiнiң «Оқушылармен дербес жүргiзiлетiн тәрбие 
жұмыстарының мәселелерi» деген кiтабында орта бiлiм беретiн мектеп
оқушыларын еңбекке тәрбиелеудiң күрделi мәселелерiн қарастырады. 


82 
Г.А.Уманов еңбегiнiң жеке тарауы қиын балаларды түзетудiң теориясы 
мен практикасына арналған. Еңбекте сонымен бiрге кәсiптiк-техникалық 
училищелердiң келешегi дейтiн мәселе де сөз болады.
Григорий Абрамович Уманов Қазақтың педагогикалық институтында 
(қазiргi Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет) 40 жылдай
сабақ берді, осы университеттiң жетекшi профессорларының бiрi. Қазіргі 
уақытта зейнетке шықса да, өзі негізін салған «Престиж» мектебiнің оқу мен 
тәрбие жұмыстарына атсалысып, мектептің тыныс-тіршілігінен тыс қалмай, 
өз көмегін көрсетуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет