Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет136/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

 
Дүйсебайұлы 
Кемеңгеровтың 
туғанына 
120 жыл

15.07.1896 – 21.11.1937


Кемеңгеров Қошмұхамбет 

Қошке

1896 жылы бұрынғы Ақмола 
облысы, Омбы уезi Беке болысы Қаражас ауылында туған. 
Қошке алғаш ауылда мұсылманша сауат ашқан. Одан кейiн Омбыда 
шiркеу мектебiнде, ветеринарлық-фельдшерлiк мектепте оқиды. 1913 ж. 
Омбы ауыл шаруашылық училищесiне оқуға түсiп, осында оқып жүрiп қазақ 
жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы «Бiрлiкке» мүше болып кiрiп
«Балапан» атты қолжазба журналдың редакторы болған. 
Қ.Кемеңгеров 
1916-1917 
жылдары Ақмолада Сәкен Сейфуллин 
ұйымдастырған «Жас қазақ» ұйымына белсене қатынасады. 1919 жылы 
Омбы политехника институтының медицина факультетiне оқуға түседi. 1920 
жылы Қызылжарда «Қызыл мұғалiмдер» курсында әдебиеттен сабақ беретiн 
Мағжан Жұмабаевпен бiрге дәрiс оқиды.
Қ.Кемеңгеров 1924 ж. Омбы мединститутының 3 курсын бiтiрген соң, 
Ташкенттегi Орта Азия мемлекеттiк университетiнiң алғашқыда медицина 
факультетiне ауысып, кейiн шығыстану факультетiн оқып бiтiредi. 1924-1925 


111 
жылдары «Ақ жол» газетiнде қызмет iстейдi. 1928-1930 жылдары Орта-Азия 
мемлекеттiк университетiнiң 

САГУ

аспиранты болып, әрi осы 
университетте және Түркiстан әскери училищесiнде қазақ тiлiнен сабақ 
бередi.
1930 жылы саяси репрессияның алғашқы толқынында «ұлтшыл» деген 
атпен Алматы абақтысында отырады. 1932 жылы саяси тұтқын ретiнде 
Украинаға жер аударылады. Одан 1935 жылы босатылып, Омбының 
Шарбақкөл ауданында ауруханада дәрiгер болып қызмет iстейдi. 1937 жылы 
тамызда қайта ұсталып, 21 қарашада Омбы қаласында атылады. 1957 жылы 
ақталған. 
Қ.Кемеңгеров тарих, әдебиеттану, тiлтану, этнография, көркем аударма 
т.б. мәселелер бойынша қалам тербеген. 1924 ж. Мәскеуде «Қазақ 
тарихынан» атты еңбегi шыққан. 1925 ж. «Бұрынғы езiлген ұлттар» атты 
зерттеуi, «Қазақша-орысша тiлмаш», 1928 ж. 2 кiтаптан тұратын «Оқу 
құралы» кiтабы жарық көрдi. 
1957 жылы ресми ақталған соң, 1965 жылы «Алтын сақина» атты шағын 
жинағы жарық көрдi. Қөшкенiң мұралары 1980 жылдардың аяғында ғана 
еркiн шығарыла бастады. Қаламгердiң құрметiне Баянауылда мектеп, 
Астанада көше аты берiлдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет