Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет34/68
Дата15.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#68600
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
Байланысты:
Igibaeva pedagogika

Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау. 
Аудитория  (сынып  бӛлмесі,  кабинет)  үйренушілердің  еркін  түрде  жұмыс 
жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен, әр сабақта үйренушілер шағын топтар 
құрамын  сан  рет  ӛзгертуі  ықтимал,  сол  себепті  де  парталар  мен  үстелдер 
олардың емін-еркін қозғалуына кедергі болмауы қажет. 
Парталарды  қоюдың  да  кӛптеген  тәсілдері  бар.  Ең  бастысы 
үйренушілердің  бір  мезгілде  сабақ  жүргізушіні  кӛре  отырып,  топ  ішіндегі 
жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек.   
Тиімді  жұмыс  жасау  үшін  аудиторияда  тақта  (оған  қоса  жылжымалы 
немесе интерактивті тақталар болса тіпті жақсы), қолда бор, қағаз (А-1 және А-4 
форматтардағы), маркерлер болғаны дұрыс.  
Екінші ереже. Топқа бӛлу. 
Әр  сабақта  үйренушілерді  шағын  топтарға  бӛліп,  сол  арқылы  олардың 
бірлесе  жұмыс  жасауына  қолайлы  жағдай  жасау  керек.  Шәкірттерді  шағын 
топтарға  4  адамнан  бӛлген  тиімді.  Олардың  партаны  жағалай  бір-біріне  бет 
қаратып отырғаны дұрыс.  
Топқа  бӛлу  әдетте  кездейсоқ  түрде  жасалынады.  Алайда  жыл  бойы  бір 
шәкірт  басқалармен  барлық  сабақтарда  топ  құрамында  жұмыс  жасап  шығуы 
керек.  Мұндағы  басты  мақсат  -  үйренушілердің  бір-бірімен  тиімді  қарым-
қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау. 
Топқа бӛлуді әрекетке негіздеп, қызықты қылып ӛткізген жӛн. 
Үшінші  ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау. 
Әр  сабақтың  басында  бүгін  қарастырылатын  тақырып  бойынша  ұстаз  ӛз 
тұрғысынан  сабақтың  мақсаттарын  айқындап,  үйренушілерден  қандай  білім, 
білік, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді.  
Сонан соң үйренушілердің ӛздері де сабақтан нендей нәтиже күтетіндерін 
құрастыруды  талап  еткен  орынды.  Бұл  әрекет  әр  үйренушіде  ӛзінің  сабаққа 
тікелей  қатысы  бар  екендігі  туралы  ойды  нақтылап,  оларды  «Сабақта  мен 
қандай  білім  ала  аламын?  Ол  үшін  мен  қандай  жұмыс  пен  әрекеттер  атқаруым 
керек?» деген сұрақтар тӛңірегінде ой-толғаныс жасауға шақырады. 
Тӛртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау. 
Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап, оларды қатаң ұстану арқылы 
үйренушілерді  тәртіпке  шақырып,  тиімді  әрі  үнемді  түрде  жұмыс  жасауға 
үйрету.  Ол  үшін  әрбір  шағын  топ  бұл  мәселені  1-2  минут  талқылап  алғаннан 
кейін,  олардың  ұсыныстарын  кӛлемді  параққа  (флип-чарт,  плакат)  түрлі-түсті 
маркерлермен  жазып,  аудиторияның  кӛрнекті  жеріне  іліп  қоюға  болады.  Ұстаз 
тарапынан  емей,  ӛздері  құрастырып  қабылдаған  ережелерді  үйренушілер 
мейлінше қадағалауға тырысады. 


Ережелер сан-алуан болуы мүмкін, мәселен, жұмыс регламенты, реті мен 
тәртібін  анықтайтын,  алайда  олардың  дені  бірлескен  жұмыста  силасымды 
қарым-қатынас  құруға  бағытталғаны  жӛн.  Мәселен,  «Біреу  сӛйлегенде,  оның 
сӛзін  бӛлмейік!»,  «Тұлғаның  жеке  басын  сынамай,  кӛзқарас  пен  пікірді 
сынайық!».  «Кешікпейік!»,  «Қысқа  да  нұсқа  сӛйлейік!», «Уақытты  үнемді  әрі 
тиімді  пайдаланайық!»,  «Берілген  тақырыптан  ауытқымайық!»,  «Біз  үшін 
әрбір  пікір  құнды!»,  «Жекелей  жұмыс  жасағанда,  бір-бірімізге  бӛгет 
жасамайық!», т.с.с. 
Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру. 
Үйренушілерді  психологиялық  тұрғыдан  интербелсенді  оқуға  дайындау 
қажет.  Әдетте сабаққа келгендердің бәрі дерлік  оқуға белсене араласып кетуге 
дайын  емес,  ӛйткені  олардың  ӛздерін  ыңғайсыз  әрі  дискомфортты  сезінуі 
мүмкін. Мұның себептері де баршылық:  
- ӛзіне кӛтеріңкі жауапкершілік жүктеуі және содан қаймығу, жүрексіну,  
- оң нәтиженің шығуына күмәндану, 
- жазалаудан немесе күлкі/мазаққа жығылудан қаймығу, 
-  еріншектік  пен  шаршағандық  (мәселен,  бірінші  сабақта  ұйқысын  аша 
алмау, немесе соңғы сабақта шаршау), 
-  назарын  жинақтай  алмау  (мәселен,  үзіліс  кезіндегі  оқиғалардың  немесе 
алдыңғы сабақтың әсерінде болу). 
Үйренушілердің  сабақ  барысында  барлық  шарттылықтардан  арылып, 
ойлау  аппаратын  белсенділендіріп,  жұмысқа  толық  ниеттеліп,  қызу  кірісіп 
кетуін бірінші мезетте ойсергектер арқылы жүзеге асыруға болады. Ойсергектер 
арқылы  аудиториядағы  үйренушілер  ӛздерін  жеңіл  сезінеді,  ашылады, 
әрқайсысы біртұтас ұжымның ӛкілі ретінде алда күтіп тұрған бірлескен күрделі 
жұмысты атқаруға дайындалады. 
Ойсергектер келесі мазмұнда болуы мүмкін: 
1. 
Жағымды психологиялық сезім/кӛңіл қалыптастыратын әрекеттер. 
2. 
Логикалық  ойлауға  негізделген  тапсырмалар  (есептер,  мәселелер, 
жұмбақтар). 
3. 
Кӛңіл кӛтеретін ойын түріндегі іс-әрекеттер. 
4. 
«Ӛзіңді таны» тақырыбындағы психологиялық тестер. 
Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.  
Интербелсенді  оқу  аумағында  ӛтетін  сабақ  мақсаттарының  бірі  бірлесе 
жұмыс  жасау  болғандықтан,  әр  қатысушының  жұмысқа белсене  қатысқандығы 
абзал. Үйренушілердің білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен 
жұмыс  әрекеттерінің  қызықты  әрі  тартымды  екендігіне  кӛздерін  жеткізгені 
дұрыс.  Сол  себепті  де  сабақтың  басты  тәсілі  ретінде  топтық  жұмыстарды  тану 
керек. 
    Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.  
Суырылып  алға  шығып  сӛйлегеннен  гӛрі,  тыңдай  білген  қиын  да  шығар. 
Топтық  талқылау  кезінде  барлық  үйренушілердің  ӛз  пікірін  келтіріп, 
басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін сыйлап, санасатын жағдай жасап 
отыру қажет. Барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек. 


Топтық  бірлескен  жұмыстан  соң  (талқылау,  пікірлесу,  ой  қозғау, 
тапсырманы бірлесе орындау, т.б.) әр топқа ӛз пікірі мен кӛзқарасын жариялау 
мүмкіндігін  беру  керек.  Ол  үшін  топ  атынан  бір  үйренуші  (сӛйлеуші,  шешен, 
спикер,  капитан,  т.б.)  берілген  уақыт  ішінде  ӛз  ойлары  мен  ұйғарымдарын 
ортаға салады. 
Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар. 
Үйренудің  басты  мақсаты  –  тұлғаның  дамуы,  оның  ішінде  әсіресе  ойлау 
қабілеті  мен  шығармашылық  дағдылардың  ӛркендеуі.  Ал  жазу  (жазба 
жұмыстары) - ойлаудың шырқау биігі. Жазуда үйренуші сонымен қатар «МЕН» 
тұрғысынан ӛзінің ішкі жан дүниесін ашып, оны асқақтата түседі. Сол себепті де 
әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды.  
Ал  үйренушінің  бүгінгі  сабақта  нендей  және  қандай  дәрежеде  білім 
алғанын,  оның  ӛсуі  мен  дамуын,  яғни  оның  білімін  бағалауды  тек  жазбаша 
жұмыстарды  орындауынан  ғана  объективті  түрде  білуге  болады.  Жазу 
жұмыстары оқушы білімін бағалаудың дәлелді нысаны. 
Тоғызыншы ереже.  Кері байланыс. 
Кері  байланыс  дегеніміз  сабақтың  соңында  оның  тиімділігі  мен  қандай 
дәрежеде ӛткендігі туралы үйренушілердің пікірлері. Олар  «Сабақ қалай ӛтті: 
қызық  болды  ма?»,  «Сіз  үшін  сабақтың  құнды  жәйттері  қандай  болды?», 
«Бүгін  не  нәрсеге  үйрендіңіз  (білдіңіз)?»,  «Бүгінгі  үйренгеніңіз  Сіз  үшін 
болашақта  қажет  болады деп  ойлайсыз  ба?», «Осы тақырып  бойынша тағы 
да  не  білгіңіз  келеді  (қандай  ақпарат  кӛздерін  оқисыз)?»,  «Қандай 
сұрақтарыңыз 
бар?», 
«Сабақтың 
ӛту 
барысы 
бойынша 
қандай 
пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз  бар?»  деген  сұрақтарды  әдетте  ауызша 
талқылағаннан  кейін,  оларға  жазбаша  жауап  берумен  жалғастырады  (мәселен, 
«Шығу парақтары» тәсілі бойынша). 
Үйренушілердің  пікірлері  мен  қойған  сұрақтары  ұстаз  тарапынан 
ескеріліп, келесі сабақ соларға жауап берумен басталуы керек. 
Кері  байланыс  ұстаз  бен  шәкірттердің  арасында  сенімге  негізделген 
қарым-қатынас  орнатуға  бағытталады.Сонымен  қатар  ол  ӛткен  сабақты 
бағалау  мен  талдаудың,  келесі  сабақты  жоспарлаудың    тиімді  түрі  болып 
табылады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет