Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


  Практикалық және семинар сабақтарының мақсат-міндеттері



Pdf көрінісі
бет28/68
Дата15.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#68600
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
Байланысты:
Igibaeva pedagogika

5.2  Практикалық және семинар сабақтарының мақсат-міндеттері 
ХІХ  ғасырдың  ортасында  бүкіл  әлемде  ғылыми-техникалық  білімнің 
дамуына  орай  лекциялық сабақтарды    практикалық  сабақтармен  толықтыру 
қажеттігі  туындады.  Практикалық  сабақтар  студенттердің  ӛздік  жұмыс 
жасауы  мен  сабақтағы  белсенділігін  арттыруға  ықпал  етеді.  Дәрістің  ӛзі 
студенттердің әдебиетпен жұмыс жасауына даярлық үшін беріледі.  
Жоғары мектептегі практикалық сабақтар пәнді тереңірек меңгеру үшін 
жүргізіледі.  Практикалық  сабақтар  оқытушымен  бірлесе  отырып,  игерілген 
білімді  практикалық  міндетерді  шешу  мақсатында  қолдану  дағдысын 
қалыптастыру үшін қажет.  
Практикалық  сабақтар  ғылыми  ойлауды,  сӛйлеу  қабілетін  дамытады, 
студенттердің игерген білімін тексеруге мүмкіндік береді.  
Практикалық  сабақтарда  рефераттарды  талқылау,  пікір  таластыру, 
жағдаяттарды  шешу,  баяндамалар  жасау,  бақылау,  эксперимент  жүргізуді 
жүзеге асыруға болады.  
Сабақтарды 
қамтыған 
сұрақтардың 
бірте-бірте 
күрделеніп 
жатқандығын  сезінетіндей  етіп,  ұдайы  шығармашылықпен  жұмыс  жасап, 
дұрыс жауапты табуға деген ұмтылыс білдіріп отырса, практикалық сабақтар 
ӛз деңгейінде тартымды ӛтті деуге болады.  
Семинар  сабақтары  және  оның  мақсаты.  Жоғары  мектепте  семинар 
сабақтары  практикалық  сабақтардың  негізгі  түрлерінің  бірі  ретінде 
жүргізіледі. Ол студенттердің ғылыми ойлау мәдениетін дамыту тәсілі болып 
табылады.  Семинар  сабақтары  дәріс  кезінде  берілген  білімді  кеңейту  және 
бӛлшектеуге, кәсіби іс-әрекет дағдыларын бекітуге бағытталған.  
Семинар  сабақтарының  мақсаты  –  студенттердің  бір  зерттеу  саласы 
бойынша  теориялық  білімдерін  қолдану  білігі  мен  дағдысын  меңгеру 
мүмкіндігін қамтамасыз ету.  
Педагогикалық  тәжірибеде  семинар  сабақтарының  тӛмендегідей 
түрлері қалыптасты: 
1) Просеминар: ол кіріспе, дайындық рӛлін атқарады және студенттерді 
тікелей семинар сабақтарына қатысуға дайындау бойынша ӛз бетімен жұмыс 
істеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін қолданылады.  
2)  Семинар:  талқыланып  отырған  мәселе  тӛңірегінде  талқылау, 
пікірталас  болып  табылады.  Талқылау  нақты  және  сенімді  дәйектерге 
негізделген,  шығармашылық    сипатта  ӛту  маңызды.  Пікірталас  студентерге 
терең  және  жан-жақты  білімді  меңгеруге,  мәселеге  терең  үңілуге,  талдау 
іскерлігін игеруге мүмкіндік береді. Семинар сабақтары келесі үлгілерде ӛтуі 
мүмкін:  
– мәтіндерді ұжымдық оқу және бірлесіп талқылау; 
– студенттердің ауызша жауаптары және оларды талқылау; 
– алдын-ала анықталған тақырып бойынша пікірталас; 
– студенттердің жазбаша рефераттарын қорғау; 
–  баяндамаларды  тыңдау  және  талқылауға  негізделген  семинар-
конференция; 
– проблемалық жағдаяттарды шешу бойынша проблемалық семинар; 


–  баспасӛз-конференциясы:  негізгі  сұрақтар  бойынша  хабарламалар 
және оларды талқылау; 
– семинар – «миға шабуыл», ол ұсыныстарды дайындауға бағытталған.  
3)  Арнайы  семинар,  ол  жоғары  курс  студенттеріне  арналған  және 
оларда  ғылыми  жұмыс  іскерліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруға 
бағытталған. 
Кафедралар  олардың  тақырыбын  ӛздері  құрастырып  бекітеді.  
Студенттерге  нақты  тақырыптар  бекітіледі  (2-3  студентке  бір  тақырыпты 
беруге  болады).  Материалдарды  дайындаудың  күнтізбелік  жоспары 
жасалады.  Сол  жоспар  ретімен  студенттер  түрлі  мәселелерге  байланысты 
баяндамалар мен таныстырылымдар дайындайды және қорғайды. 
Жоғары мектептегі оқу жұмысының түрі ретінде семинарлық сабақтар 
келесі қызметтерді орындайды: 
танымдық:  дәріс  және  ӛз  бетімен  жұмыс  барысында  алынған  білімді 
тереңдетеді, нақтылайды, жүйелейді;  
бақылау: студенттердің материалды меңгеру сапасын бақылайды; 
әрекеттік:  ӛз  бетімен  жұмыс  дағдыларын,  ғылыми  ізденіске 
мотивациясын дамытады. 
Семинарлық сабақтардың артықшылығы: 
▪ студенттердің таным әрекетін белсендіреді; 
▪ ойлау дербестігін қалыптастырады; 
▪  ӛз  ойын  қорғау,  оны  ғылыми  фактілер  негізінде  дәлелдеу  іскерлігін 
дамытады; 
▪ логикалық ойлауды дамытады;  
▪ сенімдерді қалыптастыру.  
Педагогикалық тәжірибеде семинарлардың келесі түрлерін ажыратады: 
 Сұхбат түріндегі семинар, ол сұрақ-жауап түрінде ӛтеді. 
 Семинар-пікірталас 
бірнеше  шешу  нұсқалары  бар  мәселелі 
сұрақтарды  талқылауға  бағытталған.    Пікірталас  конструктивті  (яғни 
құрылымданған  болуы  тиіс,  оның  барысында  дәйектерге  негізделген  ойлар 
тұжырымдалып, қорғалу тиіс). 
Реферативті  түрі.  Рефераттар  пайдалы  болады  егер  олар  кішігірім 
тақырыптар бойынша болса. Оқытушы тақырып пен әдебиеттерді ұсынады.  
 Жазбаша  тапсырма  түріндегі  семинар  сабағы.  Бұл  тестілеу,  толық 
жауапты  қажет  ететін  сұрақтар,  шығарма  және  т.с.с.  болуы  мүмкін.  Бұл 
жұмыс түрі студенттерге жауап беру кезінде  еркіндік береді, ойлау және тіл 
мәдениетін дамытады. 
 Ойын әдісіне негізделген семинар. Рӛлдік немесе іскерлік ойын арқылы 
ұйымдастырылады, оның барысында проблемалық жағдаят жобаланады және 
оны  шешу  жолдары  имитацияланатын  тәжірибелік  әрекет  арқылы 
анықталады.  Игерілген  тәжірибе  мен  білім  негізінде  кәсіби  маңызды 
дағдылар дамытылады. 
 Коллоквиум, оның барысында студенттердің  білімді  меңгеру  дәрежесі 
тексеріледі. 
Семинарды ӛткізу әдістемесі бірнеше кезеңдерден тұрады: 


Семинарды ӛткізерден 2-3 апта бұрын тақырыпты хабарлау; 
Студенттерге семинарды ӛткізудің мақсат-міндеттерін жеткізу; 
Семинар жоспарын хабарлау; 
Әдебиеттер тізімін ұсыну; 
Рефераттарды,  баяндамашыларды,  қосалқы  баяндамашыларды  және 
кейде оппоненттерді анықтау; 
Оқытушы кеңесі; 
Рефератты немесе баяндамаларды тыңдау және талқылау; 
Лабораториялық  жұмыстар,  «лаборатория»  латынның  «Labor»  -  еңбек, 
жұмыс,  қиындық  деген  сӛзінің  баламасынан  туындаған.  Оның  мағынасы 
ежелден  туындаған  ғылыми  немесе  ӛмірлік  мәселелерді  шешу  үшін 
қолданылатын  дене  және  ақыл-ой  әрекеті.  Лабораториялық  жұмыстар 
барысында  теориялық-әдіснамалық  білімнің  практикалы  дағдылар  және 
біліктермен  ықпалдастығы  жүзеге  асады.  Мұнда,  әсіресе,  біріккен  топтың 
жұмысының  маңызы зор. Лабораториялық  және  практикалық  сабақтар  және 
оларды  жүргізу  әдісі.  Лабораториялық  және  практикалық  сабақтардың 
студенттердің  зерттеушілік  жұмысқа  қызығушылығын  арттырудағы 
маңыздылығы. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет