бағдарламасын меңгергендігі. Қорытынды бақылау бағасы аталған оқу пәні
бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 30 пайызын құрайды.
Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен
игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болады және білім алушының
транскриптіне жазылады.
Білім
алушылар
қорытынды
бақылаудан
(емтиханнан)
«қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды
баға есептелмейді. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны кӛтеру
мақсатында осы аралық аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат
етілмейді. Оң бағаны алу үшін білім алушылар келесі академиялық
кезеңдердің бірінде немесе жазғы семестрде ақылы түрде сол пән бойынша
оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта
қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
Қалкеева Қ.Р.
пікірінше оқытудың кредиттік технологиясындағы
оқыту күрделі педагогикалық үрдіс және оны ұйымдастыруда
әдіснамалық тұғырларды, теорияларды және идеяларды және ӛзіндік
алгоритмді басшылыққы алу кӛзделген.
Әдіснама деген
ұғым - ғылыми-танымдык іс
-әрекеттерді құрудың
ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы ілім.
Оқытушы оқыту процесін жүзеге асыру барысында ғылыми ізденістің
бағытына сай екі бағытты ұстануы қажет. Бірінші -
іргелес ғылымдар
саласының мүмкіншіліктері,
негізгі керекті тұжырымдар талданып алынады.
Оқыту процесі әдіснамасы философиялық диалектикаға негізделгендіктен
тӛмендегі әдіснамалық тұғырларға сүйенеді:
Кесте 8. Оқыту үрдісінің әдіснамалық тұғырлары
Орта әcepiн ескеру;
Гуманитарлық – мәдениеттанушылық
Жүйелілік;
Аксиологиялық;
Жобалау;
Праксиологиялық;
Жаһандық ;
Жеке тұлғалық - әрекеттік;
Деонтологиялық;
Рефлексивтік;
Ресурстық;
Диалогиялық тұғыр;
Жеке тулғалық – бағдарлық;
Инновациялық тұғыр;
Нормативалық;
Компетенттік немесе құзіреттілік;
Стандарттық;
Квалитологиялық тұғыр;
Жоғарыдағы аталған тұғырлардың кейбіріне тоқтала кетейік.
Достарыңызбен бөлісу: