Тәрбие кең әлеуметтік мағынасында – адамзаттың тарихи
қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа
алмастыру үрдісі ретінде қарастырылады. Бұл жерде тәрбие үрдісі мәдениет
пен білімді ұрпақтан ұрпаққа трансформациялау құралы ретінде анықталған.
Әрбір ұрпақтың міндеті аға ұрпақ тәжірибесін меңгере отырып оны байыту,
жетілдіру және келесі ұрпаққа алмастыру болып табылады.
Тәрбиетар мағынасында– тәрбиеленушілер бойында кӛзқарастар
мен сенімдер, құндылықтар мен әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру
мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ӛзара әрекеттесу үрдісі.
Тәрбие үрдісінің бұл анықтамасы осы үрдістің екі жақтылығы мен
мақсаттылығын, нәтижеге бағыттылығын сипаттайды.
Транскрипт (Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік
жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары кӛрсетілген тиісті кезеңде ӛтілген
пәндердің тізбесі бар құжат.
Тьютор – студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық
кеңесші рӛлін атқаратын оқытушы.