Ветеринариялық терминология - ветеринария саласына қатысты процестердің, құбылыстарыдың, заттардың ғылыми атауларының жиынтығы.
Ветеринариялық терминология үш терминологиялық топтардан тұрады:
1. анатомиялық
2. клиникалық
3. фармацевтикалық
Номенклатура– атаулар жиынтығы, белгілі бір ғылым ауқымында қолданынылып жүрген атауыштар мен категориялардың жиынтығы. Қазіргі кезде медицина мен ветеринарияның терминологиялық қоры 500 мың терминді құрайды (тарихи анықтама: егер Х ғасырда медициналық бір мың термин болса, 1850 жылы алты мыңға жуық, ал 1950 жылы 45 мың термингежеткен).
Анатомиялық терминдер жеке сөздерден немесе сөз тіркестерінен тұрады. Мысалы: vertebre – омыртқа немесе articulatio temporo-mandibularis – самай төменгі жақ буыны.
Терминге қажетті нақтылықты көрсету үшін оның құрамына анықтауыш кіреді. Ол жеке бір сөзге емес, толық сөз тіркесіне қатысты болады.
Мысалы: сүйек миы – medulla ossium – қызыл не сары болады, сондықтан да бұл терминнің толық аталуы medulla ossium rubra – сүйектің қызыл майы жəне medulla ossium flava – сүйектің сары майы.
Анықтауыштың екі түрі бар:
1. Келісілген – анықталатын зат есіммен тектік түрде жəне септікте келісілетін сын есім: musculus rectus – тік ішек. Егер зат есімнің бірнеше келісілген анықтауышы болса, онда бірінші болып ағзаға тиістілігін анықтайтын, оның артынан көлемін анықтайтын немесе тұрған жерін анықтайтын анықтауыштар тұрады; conchae nasalis dorsalis et ventralis – дорсальды жəне вентральды мұрын кеуілжірлері.
2. Келісілмеген – genetīvus септігінде тұрған зат есімнің басқа бір зат есімді анықтауы, мысалы: columna vertebrarum – омытрқаның бағанасы, facies cerebrum – мидың қабаты.