Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Рецептің латын бөлімінде өкім, тапсырма ретінде қолданылатын қалыптасқан ұғымдар қолданылады



бет77/157
Дата06.02.2022
өлшемі5,47 Mb.
#39692
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   157
Рецептің латын бөлімінде өкім, тапсырма ретінде қолданылатын қалыптасқан ұғымдар қолданылады. Бұл ұғымдар фармацевке дəріні дайындауға, жіберуге жəне қолдануға тапсырма беру үшін қажет. Латын тіліндегі етістіктің грамматикалық категориялары мен формаларын рецептегі қалыптасқан ұғымдар түрінде есте сақтау керек. «өкім, тапсырма беру» рецептте бұйрық жəне қалау райында жазылады.
а) бұйрық рай
Рецептурада бұйрық рай жекеше түрдің екінші жағында қолданылады.
· Recĭpe ал
· Da бер
· Signa белгіле
· Misce араластыр
· Repĕte қайтала
· Sterilĭsa!
(леп белгісімен!)
Залалсыздандыр!
· Da tales doses numĕro Осындай мөлшерде ... санымен берілсін
· Divĭde in partes aequāles Бірдей бөліктерге бөл
· Adde қос
б) қалау рай
Рецептурада қалау рай «бұйыру, тапсыру, іс-əрекет жасау» мағынасында бұйрық раймен синоним түрінде қолданылады. Қазақ тіліне қалау рай –сін, - сын жалғауларымен (мысалы: берілсін) немесе етістіктің инфинитив формасында аударылады.
· Detur берілсін.
· Signētur белгіленсін
· Misceātur араластырылсын.
· Sterilisētur! (леп белгісімен!)
Залалсыздандырылсын!
· Repetātur Қайталансын
· Dentur tales doses numĕro (denture - көпше түрдің формасы, осы мағынада ғана қолданылады) Осындай мөлшерде ... санымен берілсін
N.B! Бұйрық рай мен қалау райдың формалары бір мағына береді, сондықтан олар бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бақылау, жаттығулар жазғанда олардың қай-қайсысын болса да қолдана беруге болады.
fiat/fiant формасының қолданылуы
Рецептте fiĕri етістігі fiat/fiant түрінде көп қолданылады:
·fiat – орындалсын, болсын
·fiant – орындалсын, болсын (көптік _______түрде)
Misce, ut →fiat + жекеше түр, атау септігіндегі зат есім →fiant + көпше түрдегі атау септігіндегі зат есім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет