Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Сын есімнің 3 жіктеуінің көп тобы - is, -e



бет115/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік

Сын есімнің 3 жіктеуінің көп тобы - is, -e жалғауына аяқталатын сын есімдер. -al-/-ar- суфиксы бар сын есімдердің көбі транслитерленген медико-биологиялық номенклатурада кездеседі: alveolāris, e - альвеолярлы, horizontālis, e - горизонтальды, intravertebrālis, e - интра-вертебральды.

Сын есім мен зат есімді үйлестіру

Сын есімнің зат есіммен үйлесімі – дегеніміз, анықталатын зат есім қандай родта, түрде, септеуде тұрған болса, сын есімнің де сондай родта, түрде, септеуде қойылуы.

Мысалы: os longum – ұзын сүйек, os breve – қысқа сүйек. Os зат есімі n родында, атау септігінде (кім? не? деген сұраққа жауап береді), жекеше түрде тұр. Longum сын есімі жекеше түрде, атау септігенде (longus, m; longa, f; longum, n). Breve сын есімі де жекеше түрде, атау септігенде (brevis, m,f; breve, n).

Сын есімдерді зат есімдермен үйлестірген кезде реттік іс-əрекеттерді сақтаған жөн:

1) терминнің түрімен (жекеше, көпше) септеуін анықтау;

2) зат есімнің сөздік формасын көрсету;

Nom. sg. Gen. sg. Основа

perennis

perenne


perennis perennvulgāris

vulgāre


vulgāris vulgārsapiens

- саналы


teres - дөңгелек

par - бірдей (жұп)

simplex -қарапайым

3) зат есімнің родын анықтау;

4) сөздіктен зат есімнің тектік түріне (родына) дұрыс келетін сын есімнің формасын таңдап алу. Бұл үшін –us, -er, -is-ге аяқталатын сын есімдер (m) родында тұрған зат есімдермен, -a, -is-ке аяқталатын сын есімдер (f) родында тұрған зат есімдермен, ал -um, -e-ге аяқталатын сын есімдер (n) родындағы зат есімдермен үйлесетдіктерін білген жөн.

5) анықталатын зат есімді жазып, оған таңдалған сын есімнің родтық формасын тіркеу керек, яғни терминді Nom. sing. қою керек.

Енді, жағарыда айтып өтілген іс-əрекетпен анатомиялық терминді латын тіліне аударып көрейік – Жамбас құйымшақ тесігі:

1) терминнің негізін анықтап, түпкі формасын табамыз: кім? не? – атау септік, жекеше түрі - Nom. sing. -

2) зат есімнің сөздік формасын береміз - foramen, inis, n;

3) зат есімнің родын анықтаймыз - n;

4) сын есімдердің сөздік формасын береміз - sacralis, e, pelvinus, a, um

5) сын есімдердің қажетті формасын таңдаймыз;

6. Nom. sing.-да термин жасаймыз: foramen sacrale pelvinum – жамбас құйымшақ тесігі.

Егер терминді ілік септігінде, жекеше түрде (gen. sing) немесе атау септінінің көпше түрінде (nom. pl) құрау қажет болса, əр термин сөздің септігін тауып, түбірін анықтап, қажетті септік жалғауын жалғау қажет:

foramenis sacralis pelvini (gen. sing), foramina sacralia pelvinina (nom. pl).

Салыстырмалы шырай m жəне f тектік түріндегі сын есімдерге –ior суффиксі жалғануы арқылы, ал n тектік түрінің сын есімдеріне -ius суффиксі жалғануы арқылы пайда болады.

жай шырай түбір салыстырмалы шырай albus, a, um - белый, ая, ое albalbior – ақшыл albius - celer, ĕris, ĕre - быстрый, ая, ое celercelerior- жылдамырақ celerius - niger, gra, grum - черный, ая, ое nigrnigrior – қаралау nigrius - sapiens, entis - умный, ая, ое sapientsapientior – ақылдырақ sapientius –

Жай шырайдағы сын есімнің сөздік формасында - атау септігіндегі m жəне f тектік түріндегі сын есімнің толық формасын жəне n тектік түрінің жалғауы болады: albior, ius; celerior, ius; nigrior, ius; sapientior, ius.

Салыстырмалы сын есім 3-ші жіктеуде жəне ілік септігінде –ōris жалғауы жалғануымен өзгереді, ал түбірі атау септігініндегі m жəне f тектік түріндегі сын есімдермен сəйкес келеді.

Nom. sg. Gen. sg. түбір

albior, albius albiōris albiōrcelerior, celerius celeriōris celeriōrnigrior, nigrius nigriōris nigriōrsapientior, sapientius sapientiōris sapientiōr-

Сын есім мен зат есімнің бір тектік түрде, көптелуде жəне жіктелуде тұрғанын төмендегі кестеден көруге болады:

Қазақ тіліндегі терминдер

Əр сөздің сөздік формасы

Латын тіліндегі термин

Қызыл ольха (ағаш)

ольха - Alnus, i f

қызыл - ruber, bra, brum

Alnus rubra

Қара жеміс

жеміс - fructus, us m

қара - niger, gra, grum

fructus niger

Үнді пілі

піл - Elĕphas, antis m

үнді - indĭcus, a, um

Elĕphas indĭcus

Кəдімгі ара

ара - Vespa, ae f

Кəдімгі - vulgāris, e

Vespa vulgāris

Дөңгелек бұлшық ет

Бұлшық ет - muscŭlus, i m

Дөңгелек - teres, ĕtis

muscŭlus teres

Жабайы настурция

настурция - Nasturcium i n

жабайы - silvester, tris, tre

Nasturtium silvestre

Дала қырықбуыны

қырықбуын -

Equisētum, i n

даланың - arvensis, e

Equisētum arvense

Төменде келтірілген алты сын есімнің жай шырайлық формасы жоқ.

Олар салыстырмалы шырай ретінде қолданылғанымен, жай шырай мағынасына ие.

anterior, ius - алдыңғы posterior, ius - артқы

superior, ius - жоғарғы inferior, ius - төменгі

exterior, ius - сыртқы interior, ius – ішкі

Бұл сын есімдердің күшейтпелі шырайлары ботаникалық жəне зоологиялық номенклатураларда қолданылмайды.

Биологиялық номенклатурадағы салыстырмалы жəне күшейтпелі шырайдың құрылуы.

Салыстырмалы шырайдың «үлкен» жəне «кіші» формалары биологиялық номенклатурада жай шырай ретінде қолданылады: Dendrocŏpos major - үлкен сұр тоқылдақ, Lemna minor - кіші ряска, Parus major – үлкен торғай, Plantāgo major - үлкен жолжелкен.


Сүт қоректілердің анатомо-гистологиялық терминологиясында «үлкен» жəне «кіші» салыстырмалы сын есімдері бір-біріне жақын орналасқан аттас структуралардың көлемін салыстырғанда жай шырай ретінде қолданылады:

үлкен қанат - ala major, кіші қанат - ala minor, үлкен төмпешік – tubercŭlum majus, кіші төмпешік - tubercŭlum minus, үлкен жамбас - pelvis major, кіші жамбас - pelvis minor.

Күшейтпелі шырайдың «үлкен» жəне «кіші» формалары жай шырай ретінде де қолданыла береді: Chlorohўdra viridissĭma - жасыл гидра, Glyceria maxĭma - үлкен манник, Hydrophĭlus aterrĭmus - қара сусүйгіш, Limex

maxĭmus - үлкен ұлу.

Латын түр атауларының күшейтпелі шырайларын қазақ тіліне аударғанда бұл сын есімдер түсіп қалуы немесе басқа мағына беруі мүмкін:

Elĕphas maxĭmus - үнді пілі, Linum usitatissĭmum - зығыр, Tettigŏna

viridissĭma - кəдімгі шегіртке.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет