ҚОСЫМША: Терминоэлементтер тізімі. Негізгі терминоэлементтер.
Сабақ барысында қарастырылатын латындық ұғымдар:
Клиникалық, физикалық және химиялық белгілер мен қасиеттерді, клиникалық маңызды қатынастарды білдіретін дербес терминоэлементтер:
1. Сезім мүшелерінің патологиялық күйін білдіретін терминоэлементтер.
2. Емдеу əдістерін, патологиялық күйді білдіретін терминоэлементтер.
3. Ісіктердің латын атаулары.
–opia, -opsia терминоэлементтері көру патологиясын білдіретін офтальмологиялық терминдер құрамына кіреді.
Екі терминді білген жөн:
hypermetropia – жақыннан көрмеу жəне myopia – алыстан көрмеу.
-opsia терминоэлементі «балау мақсатымен тірі ағзадан азғана ұлпанының микроскопиялық зерттеуге алынуы» деген мағына беретін “biopsia” терминінің құрамына кіреді. Жаттығуларда «биопсия» деп қолдануға болады.
Төменде келтірілген терминоэлементтер жеке термин ретінде де терминоэлементтер ретінде де қолданыла береді:
Некроз (necrōsis, грек. nekrōsis өліеттену) - тірі ағзадағы торша топтары, тоқыма не мүше бөлігінің қызметінің қайталанбас тоқтауына алып келетін өліеттену, яғни жергілікті өлу.
Стеноз (stenōsis; грек. stenōsis тарылу) - қуысты мүшенің түтігінің тарылуы.
Склероз (sclerōsis; грек. sklerōsis қату, нығыздалу) - ұлпасын дəнекер ұлпа басқандықтан белгілі бір мүшенің нығыздалып қатаюы.
Стаз (греч. stăsis іркілу, тоқталып қалу) - тамырларда не қуыс мүшелерде (мысалы: қан тамырында қанның, ас қорыту мүшелерінде жынның) физиологиялық сұйықтықтың тұрып қалуы.
Спазм (spasmus; от грек. spasmos немесе spasma) - көлденең жолақты не бірыңғай салалы ет ұлпасының еркінен тыс жиырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |