Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Сабақ барысында қарастырылатын латындық ұғымдар



бет136/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік

Сабақ барысында қарастырылатын латындық ұғымдар:

1.Фармацевтикалық терминдер құрудың негізгі əдістері мен ережелері.

2.Көп кездесетін құрамдас бөліктер.

3. Рецепт туралы түсінік.

4. Рецептің латын бөлігін рəсімдеу.

5. Рецепт түрлері.

6. Көп кездесетін кесінділер (3 бөлім).

РЕЦЕПТТЕРДЕГІ ЕТІСТІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Өкім, тапсырма ретінде қолданылатын рецепттегі қалыптасқан ұғымдар.

2. fiat/fiant формасының қолданылуы.

3. Көп кездесетін құрамдар (2 бөлім).

1. Көп дəрілік заттардың латын атаулары - –um-ға аяқталаын n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдері: Ampicillinum. Бұл зат есімдер ілік септігінде –i-ге аяқталады: Ampicillini. Екпін бұл терминдерде соңғы буынның алдындағы буынға түседі жəне қазақ тіліне um жалғауынсыз аударылады - ампициллин..

2. n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдерінің біразы –ium жалғауына аяқталады. Олар –ий, -форм жалғауымен сай келеді: натрий – Natrium, хлороформ – Chloroformium. Мұндай зат есім ілік септігінде –ii-ға аяқталады: Chloroformii (бірінші і- түбірдің соңғы дауыстысы). Екпін соңынан санағанда үшінші буынға түседі.

3. -а -ға аяқталатын шет елдік препараттар I жіктеу бойынша жіктеледі:

Levodopa, Methyldopa

Қазақ тілінде -за-ға аяқталатын дəрілік заттар атаулары латын тіліне n

тектік түрінде аударылады: глюкоза – Glucosum, лидаза – Lydasum (бірақ: - Asperasa, Gelatosa өзгермей қалады).

4. Дəрілік заттардың тауарлық атаулары қандай түрде патенттелген болса, солай жазылуы керек. Бірақ рецепт жазғанда ілік септігіндегі –і жалғауы арқылы жазылады: Magurol – Maguroli, Taktivine – Taktivini.

5. Дəрілік заттарды жазғанда бірінші орында дəрілік зат формасы жазылады: solutĭo, unguentum, tinctūra...

6. Екінші орында ілік септігіндегі дəрі атауы бас əріппен жазылады:

Solutĭo Lidocaīni – лидокаин ерітіндісі, Unguentum Tetracyclīni – тетрациклин

7. Фармацевтикалық термин құрамындағы сын есімдер терминнің соңында жазылады: Solutĭo Hexoestrōli oleōsa – майлы гексэстрол ерітіндісі (бірақ, мынадай дəрілік зат формаларынан кейін - membranulae – шілтер (плёнка), mixtura - микстура, suppositorium –балауыз, сын есімдер дəрілік зат формасының атынан кейін жазылады, мысалы: Suppositorium rectale “Anusolum”).

8. Тұнбалардың, тұндырмалардың, экстрактылардың, қайнатпалардың атауларында дəрілік зат формасы мен өсімдік атының ортасында ілік септігіндегі өсімдік бөлшектерінің атаулары жазылады (жапырақ, тамыр, шөп жəне с.с.) Infūsum foliōrum Digitālis – оймақгүл жапырақтарының тұнбасы.

9. Күрделі құрамдағы дəрілік заттардың компоненттерін тізбектеп жазып жатпау үшін оларға коммерциялық ат беріледі. Алдымен дəрілік зат формасы, соңынан тырнақшаның ішінде атау септігінде коммерциялық аты жазылады: Suppositorĭa «Anaesthesōlum» - балауыз «Анестезол».

Көп кездесетін құрам (жиілік кесінділер) – белгілі бір мағынасы мен жазылуы бар фармацевтикалық терминнің құрылымдық компоненті. Фармацевтикалық терминдердің құрамындағы бұл құрамдар орфографиялық дұрыс жазуға жəне көп терминдерің мағынасын түсінуге себеп болады.

Реттік саны Латын тілінде

Мағынасы Мысалдар

1. -cillin- Пенициллин тобындағы антибиотиктер Penicillinum

2. -cyclincycl- Циклдық құрылымы бар Demeclocyclinum Cyclobarbitalum

3. -menth- Жүйке талшықтарына тітіркендіріп əсер ететін заттар (бұрыш жалбыз препа-раттары) Mentholum Boromentholum

4. -mycin- антибиотиктер Monomycinum Erythromycinum

5. - myc(o)-Саңырауқұлақтарға қарсы Mycosolonum Mycoseptinum

6. -pyr- анальгетиктер-антипиретиктер “Pyrameinum”Anapyrinum Дəрілік заттар атауларында қосымша ретінде сан есімдер көп қолданылады

1. mono- Бір (моно-) Monomycinum

2. di- Екі (ди-) Diaethylcarbamazinum

3. tri- үш (три-) Triamcinolonum

4. tetra- Төрт (тетра-) Tetracainum

5. pent(a)- Бес (пента-) Pentazocinum

6. hex- алты (гекс-) Нexoestrolum

7. hept(a)- жеті (гепта-) Heptavitum

8. oct- Сегіз (окт-) Octodiolum

9. Тоғыз қолданылмайды

10. deca- он (дека-) Decapeptylum





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет