Етістіктің (verbum) грамматикалық категориялары:
1. Шақ (tempus):
_ Инфект жүйесі (аяқталмаған шақ)
· Praesens (осы шақ)
· Imperfectum (өткен шақтың аяқталмаған түрі)
· futurum primum (келер шақтың бірінші түрі – бірінші келер шақ)
_ Перфект жүйесі (аяқталған шақ)
· Perfectum (аяқталған өткен шақ)
· Plusquaperfectum (өткен шақтағы бір іс-əрекеттен бұрын болып кеткен іс-əрекетті білдіретін өткен шақтың түрі)
· futurum secundum (келер шақтың екінші түрі - келер шақта болуға тиісті бір іс-əрекеттен бұрын болатын іс-əрекетті білдіреді)
2. Рай (modus):
- ашық рай -- indicatīvus;
- шартты рай -- conjunctīvus;
- бұйрық рай -- imperatīvus.
3. Етіс (genus):
- ырықты -- actīvum;
- ырықсыз-- passīvum.
4. Жақ (persōna):
- бірінші - prima;
- екінші - secunda;
- үшінші - tertia.
5. Көптеу (numĕrus):
- жекеше -- singulāris;
- көпше -- plurālis.
6. Жіктеу (conjugatio):
- бірінші - prima;
- екінші - secunda;
- үшінші - tertia;
- төртінші - quarta.
Достарыңызбен бөлісу: |