Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ



бет40/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік

Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978



2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. – 1992

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №6 Дәріс
Модуль 1 Латын граматикасының анатомиялық терминологиясы
ТАҚЫРЫБЫ: Латын тіліндегі зат есім, сын есімдердің көпше түрі. Етістік, сан есім, жұрнақ.

Жоспар:


  1. Етістіктің грамматикалық категориялары.

  2. Латын тіліндегі етістіктер жіктелуі.

  3. Бұйрық рай (Imperativus).

  4. Латын етістігінің негізгі тұлғалары мен түбірлері.

  5. Латын тіліндегі esse (болу) етістігі.

Етістіктің (verbum) грамматикалық категориялары:

1. Шақ (tempus):

_ Инфект жүйесі (аяқталмаған шақ)

· Praesens (осы шақ)

· Imperfectum (өткен шақтың аяқталмаған түрі)

· futurum primum (келер шақтың бірінші түрі – бірінші келер шақ)

_ Перфект жүйесі (аяқталған шақ)

· Perfectum (аяқталған өткен шақ)

· Plusquaperfectum (өткен шақтағы бір іс-əрекеттен бұрын болып кеткен іс-əрекетті білдіретін өткен шақтың түрі)

· futurum secundum (келер шақтың екінші түрі - келер шақта болуға тиісті бір іс-əрекеттен бұрын болатын іс-əрекетті білдіреді)

2. Рай (modus):

- ашық рай -- indicatīvus;

- шартты рай -- conjunctīvus;

- бұйрық рай -- imperatīvus.

3. Етіс (genus):

- ырықты -- actīvum;

- ырықсыз-- passīvum.

4. Жақ (persōna):

- бірінші - prima;

- екінші - secunda;

- үшінші - tertia.

5. Көптеу (numĕrus):

- жекеше -- singulāris;

- көпше -- plurālis.

6. Жіктеу (conjugatio):

- бірінші - prima;

- екінші - secunda;

- үшінші - tertia;

- төртінші - quarta.

Латын тіліндегі етістіктер жіктелуінің төрт түрі бар.

Олар бір-бірінен түбірінің соңғы дыбысы арқылы ажыратылады.

I жіктеудің етістіктерінде созылыңқы –а;

II жіктеудің етістіктерінде созылыңқы –е;

III етістіктерінде дауыссыз (leg-) немесе қысқа –u;

IV жіктеудің етістіктерінде созылыңқы –і болып келеді.

Жіктеудің түрі I, II, IV етістіктердің түбірінен –re жалғауын, ал III

жіктеуден –e ◌re (етістіктік сөздік формасында re-нің алдында тұрған –e ◌ қысқалық белгісімен көрсетілгендіктен, –e ◌re жалғауы алынады) алып тастаумен анықталады:

Signa-re I - белгілеу

Misce-re II – араластыру

Solv- ◌ere III – еріту

Nutri –re IV – азықтандыру;

Praesens indicativi activi

I жіктеу: signare – белгілеу

Жақ singularis Pluralis

1 Sign-o мен белгілеймін Signа-mus біз белгілейміз

2 Signa-s сен белгілейсің Signa-tis сендер белгілейсіңдер

3 Signa-t ол белгілейді Signa-nt олар белгілейді

Ескерту: Латын тілінде етістіктермен есімдіктер қолданылмайды. I жіктеудегі 1-ші жақ жекеше түрдегі етістіктің –о- жалғауы түбірдің соңғы а дауысты дыбысымен бір болып кетеді.

II жіктеу: miscere – араластыру

Жақ Singularis Pluralis

1 misce-o мен араластыра мын misce -mus біз араластырамыз

2 misce -s сен араластырасың misce -tis сендер араластырасыңдар

3 misce -t ол араластырады misce -nt олар араластырады

III жіктеу: dividere – бөлу

Жақ Singularis Pluralis

1 divid-o мен бөлемін divid-i-mus біз бөлеміз

2 divid-i-s сен бөлесің divid-i-tis сендер бөлесіңдер

3 divid-i-t ол бөледі divid- u -nt олар бөледі

Ескерту: III жіктеу етістіктерінің жекеше түр 2-3 жақ етістіктерінде жəне 1-2 жақ көпше түрлерінде түбір мен жалғаудың ортасына –i, ал 3- жақ көпше түрде –u – дауысты дыбысы қойылады.

IV жіктеу: audire – тыңдау

Жақ Singularis Pluralis

1 audi-o мен тыңдаймын audi -mus біз тыңдаймыз

2 audi -s сен тыңдайсың audi -tis сендер тыңдайсыңдар

3 audi -t ол тыңдайды audi –u-nt олар тыңдайды

Ескерту: көпше түр 3-ші жақтың IV жіктеу етістіктерінде түбір мен жалғау арасына–u – дауысты дыбысы қойылады.

Praesens indicativi passivi

I жіктеу: signare – белгілеу

Жақ singularis Pluralis

1 sign-or мені белгіледі signa -mur бізді белгіледі

2 signa -ris сені белгіледі signa –mini сендерді белгіледі

3 signa –tis оны белгіледі signa -ntur оларды белгіледі

II жіктеу: videre – көру

Жақ Singularis Pluralis

1 vide-o мені көреді vide -mur бізді көреді

2 vide -ris сені көреді misce -mini сендерді көреді

3 vide –tis оны көреді misce -ntur оларды көреді

III жіктеу: dividere – бөлу

Жақ singularis Pluralis

1 divid-o мені бөледі divid-i-mus бізді бөледі

2 divid-i-s сені бөледі divid-i-tis сендерді бөледі

3 divid-i-t оны бөледі divid- u -nt оларды бөледі

IV жіктеу: audire – тыңдау

Жақ Singularis Pluralis

1 audi-o мені тыңдайды audi -mur бізді тыңдайды

2 audi -ris сені тыңдайды audi -mini сендерді тыңдайды

Praesens indicativi active et passivi- тің жалғаулары

Жақ Activum Passivum

singularis

1-o (-m) -or (-r)

2-s -ris

3-t -tur


Pluralis

1

2



3

-mus


-tis

-nt


-mur

-mini


-ntur

Бұйрық рай (Imperativus)

Латын тілінде бұйрық рай 2-ші жақтың жекеше түрінде ғана қолданылады. I, II и IV жіктеуге қатысты етістіктердің жекеше түріндегі бұйрық райлы тұлғалары олардың (етістіктердің) түбірлерімен сəйкес келеді, ал көпше түрінде түбіріне–te жалғауы жалғанады.

Жіктеу Инфинитив бұйрық рай singularis Pluralis

I Filtrare сүзу Filtra сүз Filtra - te сүзіңдер

II Miscere Misce Misce – te

IV Audire audi audi – te

III жіктеу етістіктерінде жекеше түрдегі бұйрық рай сөздің түбіріне –е жалғауы жалғануы арқылы, ал көпше түріндегі етістіктердің түбіріне –te қосымшасы байланыстырушы (дəнекер) -і дауысты арқылы жалғанады.

Жіктеу Инфинитив Бұйрық рай

Singularis Pluralis

III Solvere еріту Solv -e – еріт Solv - i -te – ерітіңдер

III Docere оқыту Doc - e - оқыт Doc-i-te - оқытыңдар

Латын етістігінің негізгі тұлғалары мен түбірлері:

1. Осы шақтың 1-жақ жекеше түрдегі тұлғасы (praesens indicative activi). Бұл тұлға инфект (аяқталған іс-əрекетті білдіруші) түбіріне –о жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: lauda+o→ laudo мен мақтаймын, doceo – мен оқытамын, mittо мен жіберемін, capio- мен аламын, audio- мен тыңдаймын.

2. Өткен шақтың 1-ші жақ жекеше түрдегі тұлғасы (perfectum indicativi activi). Бұл тұлға барлық уақытта –і-ге аяқталады. Мысалы: laudavi мен мақтадым, docui – мен оқыттым, misi мен жібердім, cepi - мен алдым, audivi- мен тыңдадым. Осы тұлғадан –і жалғауын алып тастасақ, перфект түбірі (негізі) шығады (laudav-,docu –, mis-, cep -, audiv-). Перфект

жүйесіндегі барлық шақтық тұлғалар осы түбірден жасалады.

3. Супин (supinum) – қимылдың, іс-əрекеттің мақсатын білдіруші етістіктен жасалған есім тұлға. Мысалы_______: venio auditum мен тыңдау үшін келемін деген сөйлемде venio – келемін – қимыл етістік, ал сол қимылдың мақсаты auditum – тыңдау үшін деген супинум тұлғасы арқылы беріліп отыр.

4. Осы шақтың тұйық райлы тұлғасы (infinitivus praesentis activi). Бұл тұлға инфект түбіріне –re жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы:

laudare, docere, mittere, cepere , audiere.

praesens indicativi

activi

perfectum indicativi



activi

supinum Infinitivus

Ausculto мен тыңдаймын

Auscultavi мен тыңдадым

Auscultatum тыңдау үшін

Auscultare тыңдау

Misceo мен араластырамын

Miscui мен араластырдым

Mixtum араластыру үшін

Miscere араластыру

Iungo мен қосамын Iunxi мен қостым Iunctum қосу үшін Iungere қосу

Diluo мен толықтырамын

Dilui мен толықтырдым

Dilutum толықтыру үшін

Diluereя толықтыру

Recipio мен беремін Recipi мен алдым Receptum алу үшін Recipere алу

Audio мен тыңдаймын

Audivi мен тыңдадым, есіттім

Auditum тыңдау үшін

Audire тыңдау, есту

Етістіктердің инфинитиві барлық жіктеуде –re-ге аяқталады. I, II, IV жіктеулерде бұл жалғау түбірге жалғанады, ал III жіктеуде түбірге –е – қосымшасы арқылы жалғанады. Сөздікте етістіктердің негізгі формасы қысқартылып жазылады жəне оң жағында рим цифрімен етістіктің жіктеуі жазылады.

Ausculto, avi, atum, ere I diluo, lui, lutum, ere III

Misceo, scui, xtum, ere II recipio, cepi, ceptum, ere III

Iungo, nxi, nctum, ere III audio, ivi, itum, ire IV

Латын тіліндегі esse болу етістігінің дербестігінен гөрі көмекшілік қызметі басым. Негізінен күрделі баяндауыштың етістік бөлшегі ретінде қолданылады.

Esse етістігінің осы шақтағы жіктік тұлғасы бірде es, бірде s болып ауыстып отыратын түбірге жіктік жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Es түбіріне жіктік жалғауы тікелей жалғанса, s түбіріне жіктік жалғаулары байланыстырушы u дауысты арқылы жалғанады.

Латын тіліндегі Esse болу етістігінің осы шақта жіктелуін неміс тіліндегі sein болу, ағылшын тіліндегі to be болу, француз тіліндегі etre болу етістіктерінің жіктелуімен салыстыруға болады.

Жақ Латынша Немісше Ағылшынша Французша

Sing.

1.

2.



3.

sum


es

est


ich bin

du bist


er ist

am

are



he is

je suis


tu es

il est


Plur.

1.

2.



3.

sumus


estis

sunt


wir sind

ihr seid


sie sind

we are


you are

they are


nous sommes

vous etes

ils sont

Бақылау сұрақтары:



  1. Етістік категориялары.

  2. Етістіктердің жіктелуі.

  3. Бұйрық рай (Imperativus).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет