Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Қатерсіз жəне қатерлі ісіктердің латын атаулары – neoplasmăta maligna et benigna



бет130/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік

Қатерсіз жəне қатерлі ісіктердің латын атаулары – neoplasmăta maligna et benigna

1. carcinōma, ătis n Қатерлі ісік, карцинома

2. in situ «ин ситу» (орнында)

3. leukaemia, ae f лейкоз

4. lymphoblastĭcus, a, um лимфобласты

5. lymphocytĭcus, a, um лимфоцитарлы

6. malignus, a, um қатерлі

7. melanocytĭcus, a, um меланофорды

8. melanōma, ătis n меланома

9. metastatĭcus, a, um Қайталанатын, екінші (ісікке байланысты, «метастаз»)

10.monocytĭcus, a, um моноцитарлы

11.myeloproliferatīvus, a, um миелопролиферативті

12.naevus, i m невус (пигментті дақ)

13.neoplasma, ătis n ісік

14.plasmocytĭcus, a, um Плазматоршалы

терминоэлементтердің есте сақталуын арттыру мақсатында:

–iatria терминэлементінің –therapia терминоэлементінен айырмашылығы – «емдеу» мағынасында ғана қолданылып қоймай, медицинаның белгілі бір ауруларды емдейтін аумағы болып есептелуінде.

Мысалы: фониатрия – дауыс аппараты қызметі бұзылуын емдейтін оториноларингология бөлімі.

Терминдерді салыстырыңдар: психотерапия – ауру ағзасына психикалық жолдармен емдік əсер ету жүйесі. Психиатрия – клиникалық медицинаның жүйке жүйесін емдейтін бөлігі.

plasia – терминоэлементі мүше, ұлпа, дене бөлігінің өсуін білдіреді.

Көбіне «дисплазии» терминоэлементі қолданылады. Мысалы: myelodysplasia

- жұлын өсу аномалиясының жалпы атауы, аплазия - мүше не дене бөлігінің туа бітті болмауы.

ptōsis – терминоэлементі жеке қолданыла береді, птоз – туа бітті не жүре пайда болған жоғарғы қабақтың салбырап кетуі (сонымен қатар, pseudoptosis – қабақтың жалған салбырап кетуі). Күрделі термин құрамында бұл терминоэлемент «қандай да бір мүшенің салбырауы, түсіп кетуі» деген мағына берді.

trophia терминоэлементі гректің trophē – қоректену, тамақтану сөзінен, дегенмен, бұл терминоэлемент ұлпа не мүше қоректену процесін емес, ұлпа, торша қоректенуі, зат алмасуы бұзылуының негізіндегі патологиялық күйді білдіреді. Бұл жерде дистрофияның түрлері мен атрофия туралы айтылып тұр.

Атрофия – қызметінің төмендеуі не нашарлауы салдарынан болатын мүше мен ұлпа салмағының жəне көлемінің кішіреюі; атрофия негізіне ұлпа қоректенуінің бұзылуы жатады.

Дистрофия – ағзаның созылмалы қоректенуінің бұзылуы салдарынан болатын, малдың өсуінің, иммунитетінің нашарлауымен сипатталатын паталогиялық күй.

cēle – соңғы терминоэлементі «грыжа, выпячивание» мағынасын береді.

Жарық (hernia) - тері астына, бұлшық ет арасына, қуыстарға тесік арқылы бір мүшенің не мүше бөлігінің шығып тұруы.

pnŏё – тыныс алудың патологиясы (dyspnŏё – ентігу). Ентігу – ауа жетіспеушілігімен, қиналып тыныс алумен сипатталатын, тыныс алудың жиілігінің, тереңдігінің жəне ырғағының бұзылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет