Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Зерханалық сабақты жүргізу және алған мағлұматтарды текскеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет181/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік

Зерханалық сабақты жүргізу және алған мағлұматтарды текскеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Қабынуды білдіретін –ītis терминоэлементі бар клиникалық терминдер латын атауымен аталатын анатомиялық құрылымдардан құралады:

ligamentītis, alveolītis, gingivītis. Мұндай атаулар терминдер тізіміне кіргізілмеген.

Қабынуды білдіретін терминдер құрамына қабынудың нақты түрін, орналасқан жерін білдіретін бастапқы элемент ретінде келесі терминоэлементтер жатады:

_ para- мүше жанындағы ұлпаның қабынуы.

_ peri- екі мағына береді:

para- ға синонимді, яғни, ұлпа айналасындағы қабыну, peri-дің para-дан айырмашылығы – жан-жағынан деген мағына білідіреді, (мысалы:

peribronchītis – бронхының айналасындағы ұлпаның қабынуы, pericystītis – өт немесе қуық айналасындағы ұлпаның қабынуы);

сыртқы (серозды) қабықтың (мысалы: pericardītis – жүректің сірлі қабығының қабынуы); егер құрсақ қуысының мүшелері болса, онда peri- мүшелерді қаптап тұратын іш перденің қабынуы, (мысалы: periduodenītis – он екі елі ішекті қаптап тұратын іш перденің қабынуы). Анықтама үшін: іш перде – құрсақ қуысы мүшелерін қаптап тұратын сірлі қабық).

_ endo – ішкі, көбінесе кілегейлі қабықтың қабынуы, (мысалы: endaortītis – қолқаның ішкі қабығының қабынуы).

_ pan- толық мүшенің, барлық қабықтарының, ұлпаның қабынуы (мысалы: panarterīitis – артерияның барлық қабықтарының қабынуы).

_ mes(o) – мүшенің ортаңғы қабығының қабынуы (мысалы: mesarteriītis –артерия қан тамырының ортаңғы қабағының қабынуы), _ poly- бірнеше құрылымның қабынуы (мысалы: polyarthrītis – бірнеше буынның бір мезгілде қабынуы).

–ōma –ға аяқталатын ісіктерді ұқсас терминдерден ажырата білу керек: –stōma терминоэлементтері бар терминдер (мысалы: colostōma – бүйен ішектің қолдан жасалған қаяуы), термин haematōma (көгеру), glaucōma (көз ауруы), sclerōma (тыныс жолдарыныңың қабынуы), scotōma (көру аймағының ақауы), trachōma (көздің індетті созылмалы ауруы).

–oma-ға аяқталатын ісіктердің атаулары үшінші жіктеудің ортаңғы тектік түріне жататындығына көңіл аударыңыздар: (мысалы: adenoma, atis n).

Ісік атауларына соңғы ōsis терминоэлеметі жалғанса, ол көп ісікті білдіреді: adenōma + ōsis = adenomatōsis – аденомалардың көп болуы.

–iăsis терминоэлементі созылмалы, қиын емделетін ауруды білдіреді (psoriăsis). Термин –lĭth терминоэлементімен (lithiăsis) тас пайда болуын

білдіреді (urolithiăsis – тынжытас ауруы). Соңғы –lĭth терминоэлементы бар термин ауруды емес, тасты (конкременты) білдіреді, мысалы: urolĭthus – тынжытас. Бұл терминдер қабыну ауруларының атауларымен шатастырмау керек: (мысалы: альвеолит – alveolītis, бірақ ринолит – rhinolĭthus)!

–tonia – терминоэлементі екі мағыналы:

«тонус»-қа байланысты, ағза мүшелерін, жеке жүйелерді жəне организмді ұзақ уақыт бойы белсенді деңгейін бір қалыпты ұстап тұру (dystonia – организм тонусының бұзылуы).

Екінші мағынасы қысымға байланысты (мысалы: hypertonia). Қазіргі кезде бұл терминді көп қолданғанмен, қолданыстан шығатын терминдер қатарына жатады жəне бұл терминді –tensio терминоэлементіне (hypertensio) айырбастаған жөн.

Қатерсіз жəне қатерлі ісіктердің латын атаулары – neoplasmăta maligna et benigna

1. carcinōma, ătis n Қатерлі ісік, карцинома

2. in situ «ин ситу» (орнында)

3. leukaemia, ae f лейкоз

4. lymphoblastĭcus, a, um лимфобласты

5. lymphocytĭcus, a, um лимфоцитарлы

6. malignus, a, um қатерлі

7. melanocytĭcus, a, um меланофорды

8. melanōma, ătis n меланома

9. metastatĭcus, a, um Қайталанатын, екінші (ісікке

байланысты, «метастаз»)

10.monocytĭcus, a, um моноцитарлы

11.myeloproliferatīvus, a, um миелопролиферативті

12.naevus, i m невус (пигментті дақ)

13.neoplasma, ătis n ісік

14.plasmocytĭcus, a, um Плазматоршалы

NB!

·Қатерлі ісік “in situ” – немесе «орнындағы қатерлі ісік»- ұлпаға енбеген бастапқы кезеңдегі қатерлі ісік. Əдетте, кішкентай көлемді, клиникалық көрініссіз, жай өседі, метастаз бермейді.



·Меланома - қатерлі ісік, меланоциттерден пайда болады – меланин өндіретін дақ торшалардан (қал, тума қал).

·Невус (тума қал) - теріде, кілегейлі қабықтарда, конъюнктивада, көздің тамырларында пайда болатын дақтың пайда болуымен сипатталатын өсу аномалиясы

Терминоэлементтер тізімі

Төменде келтірілген терминоэлементтерді жаттап алыңдар:

Түбірлі терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлемент мағынасы

carcin(o)- Ісік (карцинофобия)

chondr(o)- Шеміршек (хондрит)

gingiv(o)- (лат.) иек (гингивотомия)

gloss(o)- тіл (макроглоссия)

hidr(o)- тер (гидраденит)

myel(o)- Сүйек миы не жұлын (миелит)

ot(o)- құлақ (отит)

rhabd(o)-

Көлденең жолақты бұлшық ет (рабдомиома)

sarc(o)- «саркома»-ға қатысты (эпителииге қатысы жоқ қатерлі ісік)

typhl(o)- Соқыр ішек (тифлит)

Соңғы терминоэлементтер

Грек ТЭ Терминоэлементтер мағынасы

-iăsis Ауру, патологиялық күй (нефролитиаз)

-ītis Қабыну, қабыну процессі (энцефалит)

-lĭth (us) конкремент, тас (флеболит)

-ōma ісік (липома)

-tensio (лат.) қысым (гипертензия)

-tonia 1. тонус (дистония)

2. қысым (гипертония)

Префикстер

Грек ТЭ Значение терминоэлемента

meso- ортаңғы

peri- Айналасында, сыртында

1. Терминдердің құрамын талдап, мағынасын түсіндіріңдер:

endophthalmītis, adenocarcinōma, perisalpingītis, mesopharyngītis, angioendotheliōma, polyadenītis, adenolipomatōsis, phlebolĭthus, glossodynia, gastroenterītis, pericolpītis, broncholithiăsis, panaortītis, rhabdomyosarcōma, osteoarthrītis, myelopathia, vasculītis, osteochondrōma, blepharītis, otoplastĭca, hidradenītis, lymphadenōma, arthrītis, lymphangiītis, paraproctītis, periduodenītis, endarteriītis, cystolithiăsis, typhlatonia, osteochondrītis

2. Жалпы соңғы терминоэлементтермен терминдер құрап, мағынасын түсіндіріңдер:

1. –ītis (proct-, mast-, gloss-, bronch-, ost-, pan/card-, col-, peri/metr-, laryng-, aden-, hepat-, spondyl-, rhin-, salping-, colp-, meso/tympan-, endo/phleb-, amnion-, myos-, burs-, aort-, neur-, para/cyst-, peri/cyst-, pyel-, trache-, cholecyst-, enter-, gingiv-, kerat-, osteo/myel-)

2. –ōma (aden-, haem/angi-, oste-, angio-, hepat-, carcin-, my-, hidr/aden-, rhabdo/my-, endotheli-, sarc-, chondr-)

3. –lith/iăsis (sialo-, uro-, broncho-, hepato-, nephro-, pancreo-, chole-, cysto-)

4. –tonia (my/a-, a/myo-, a-, hyper-, hypo-, dys-, typhl/a-)

3. Терминдерді латын тілінде жазып, мағынасын түсіндеріңдер:

артерит, аденома, параметрит, гемангиоматоз, тромбофлебит, амиотония, энтеролит, полиневрит, мезаортит, гемангиоэндотелиома, перинефрит, лимфаденит, одонтома, гастрит, макроглоссия, эндометрит, гепатолитиаз, периартериит, атония, сиаладенит, миелография, панбронхит, нефролитиаз, гастроэнтероколит, перихолецистит, нефрит, парафлебит, ерилимфангит, энтероколит, ринолит, остеохондроз, отит.

4. Төменде келтірілген сөздерден терминдер құраңдар:

1) аденомалардың көп болуы;

2) он екі елі ішектің қабырғасының қабынуы;

3) май ұлпасының қатерсіз ісігі;

4) бірнеше буынның бір мезгілде ауруы;

5) дəнекер ұлпаның қатерсіз ісігі;

6) артерияның ортаңғы қабатының қабынуы;

7) даму аномалиясы: жұлынның болмауы;

8) зəр тасы;

9) қолқаның ішкі қабатының қабынуы;

10) тынжытас ауруы;

11) бүйрек жанындағы ұлпаның қабынуы;

12) оташылық операция: тік ішекті бекемдеу;

13) бұлшық еттің тонусының болмауы;

14) көздің барлық қабаттарының жəне ұлпаларының қабынуы;

15) оташылық операция: таңдайды кесу;

16) асқазанды орап тұратын іш перденің қабынуы;

17) артерия қан қысымының көтерілуі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет