Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ


Зерханалық сабақты жүргізу және алған мағлұматтарды текскеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет178/207
Дата27.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#115177
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   207
Байланысты:
Латын -қазақ термин сөздік

Зерханалық сабақты жүргізу және алған мағлұматтарды текскеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:
–opia, -opsia терминоэлементтері көру патологиясын білдіретін офтальмологиялық терминдер құрамына кіреді. Екі терминді білген жөн:

hypermetropia – жақыннан көрмеу жəне myopia – алыстан көрмеу.

-opsia терминоэлементі «балау мақсатымен тірі ағзадан азғана ұлпанының микроскопиялық зерттеуге алынуы» деген мағына беретін “biopsia”

терминінің құрамына кіреді. Жаттығуларда «биопсия» деп қолдануға болады.

Төменде келтірілген терминоэлементтер жеке термин ретінде де, терминоэлементтер ретінде де қолданыла береді:

Некроз (necrōsis, грек. nekrōsis өліеттену) - тірі ағзадағы торша топтары, тоқыма не мүше бөлігінің қызметінің қайталанбас тоқтауына алып келетін өліеттену, яғни жергілікті өлу.

Стеноз (stenōsis; грек. stenōsis тарылу) - қуысты мүшенің түтігінің тарылуы.

Склероз (sclerōsis; грек. sklerōsis қату, нығыздалу) - ұлпасын дəнекер ұлпа басқандықтан белгілі бір мүшенің нығыздалып қатаюы. Стаз (греч. stăsis іркілу, тоқталып қалу) - тамырларда не қуыс мүшелерде (мысалы: қан тамырында қанның, ас қорыту мүшелерінде

жынның) физиологиялық сұйықтықтың тұрып қалуы.

Спазм (spasmus; от грек. spasmos немесе spasma) - көлденең жолақты не бірыңғай салалы ет ұлпасының еркінен тыс жиырылуы.

Терминоэлементтер тізімі

Грек ТЭ Терминэлементтер мағынасы

cheil(o)- ерін (хейлит)

chrom(at)- түс (ахроматопсия)

dactyl(o)- саусақ (мегалодактилия)

derm(at)(o)- тері (эритродермия)

dipl(o)- Сыңарланған, екіленген (диплопия)

erythr(o)- Қызыл, эритроциттерге қатысты (эритропсия)

galact(o)- Сүт, сүтті (галакторея)

kak(o)- жаман, жағымсыз (какосмия)

phac(o)-

(-phakia)

Көз бұршағы (факосклероз, афакия)

xanth(o)- сары (ксантопсия)

-necrōsis Торша мен ұлпаның өліеттенуі (остеонекроз)

-opia, -opsia, -optĭca Көру, көз (анопия, эритропсия)

-osmia Иіс, иіс сезу (какосмия)

-phagia Жұту, жеу (пищи) (дисфагия)

-phasia Сөйлеу, сөйлеу мəнері (дисфазия)

-phonia Дауыс, дыбыс (дисфония)

-sclerōsis тығыздану (факосклероз)

-spasmus спазм, еріксіз жиырылу (блефароспазм)

-stăsis Тұрып қалу (лимфостаз)

-stenōsis тарылу (бронхостеноз)

Префикстер

ГрекТЭ Терминоэлементтер мағынасы

pro- Алдыңғы, алдындағы (прохейлия)

Жаттығулар:

1. Терминдердің құрамын талдап, мағынасын түсіндіріңдер:

anopsia, hyperosmia, macrocheilia, agalactia, cheilōsis, osteonecrōsis, xerodermia, gastrobiopsia, proctospasmus, hypermetropia, micropsia, dermato sclerōsis, paraphasia, bradyphasia, diplomyelia, lymphostăsis, bradyphagia, hemiopia, adermia, phlebostenōsis, acrodermatītis, dysosmia, diplophonia, macrophonia, onychophagia, kakosmia, dyschromatopsia, xanthochromia, galactostăsis, xanthoerythrodermia, cardiostenōsis, duodenostăsis, hemispasmus

2. Соңғы терминоэлементтермен терминдер құрап, мағынасын үсіндіріңдер:

1. –opia/-opsia (dipl-, my-, poly-, a-, hemi-, hypermetr-)

2. –phagia (dys-, a-, tachy-, brady-, onycho-, cheilo-, poly-, trich-)

3. –necrōsis (osteo-, micro-, nephro-, pancreo-, chondro-)

4. –stenōsis (broncho-, laryngo-, pyloro-, cardio-, tracheo-, phlebo-)

5. –sclerōsis (acro-, dermato-, cardio-, myo-, nephro-, phaco-, phlebo-)

3. Терминдерді латын тілінде жазып, мағынасын түсіндеріңдер:

гипосмия, сиалостаз, дисфония, тахифагия, ангиоспазм, микрофония, ахейлия, полиопия, афазия, энтеробиопсия, паросмия, энтероспазм, ахроматопсия, хондронекроз, прогерия, галакторея, нефросклероз, онихохейлофагия, ксантопсия, холестаз, дерматоз, миопия, кардиосклероз, проктостаз, макропсия, афагия, прохейлия, олигофазия, ринофония, микронекроз, гастроспазм.

4. Төменде келтірілген сөздерден терминдер құраңдар:

1) иіс сезудің болмауы;

2) ерін қабынуы;

3) дауыстың болмауы;

4) терінің қызаруы;

5) бүйрек ұлпасының өліеттенуі;

6) жұтудың қиындауы (қызметі бұзылуы);

7) бұлшық еттегі дəнекер ұлпаның нығыздалуы;

8) екі елі ішектің кілегейлі қабығының биопсиясы;

9) бет бұлшық еттерінің спазмы;

10) зəр жолдарында зəрдің тоқтап қалуы;

11) терінің іріңді аурулары;

12) сүт безінің секреторлы функциясының төмендеуі;

13) қорқу – қандай да бір түстен не боялған заттардан қорқу;

14) көз бұршағының болмауы;

15) қорқу - қызыл түстен қорқу;

16) кеңірдек тесігінің тарылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   207




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет