L əрпі дауысты жəне дауыссыз дыбыстылардың алдында [ль] болып жұмсақ оқылады: lambliosis [лямблио.зис] - лямблиоз, pulmo [пу.льмо] - өкпе, tridactylus [трида.ктилюс] - үш саусақты.
Q əрпі дауыссыз u əрпімен жəне одан кейін тұратын (a, e, i, o, u) дауыстылармен ғана бірге қолданылады. Бұл жағдайда ол [кв] болып оқылады: aqua [а.ква] - су, liquidus [ли.квидус] - сұйық, Quercus [квэ.ркус] - емен.
S əрпі дауыстылардың ортасында жəне m, n дауыссыздарының жанында [з] болып, ал басқа жағдайда [с] болып оқылады: plasma [пля.зма] - плазма, Rosa [роза] - ро.за.