Қосалқы дауысты дыбыстардың айтылуы
Латын тілінде дербес a, e, i, o, u, y дауыстыларынан басқа екі дауыстының тіркесінен тұратын ae, oe, au, eu дыбыстары бар. Классикалық дəуірде бұлардың бəрі де екінші сыңары буын құрай алмайтын дифтонгілер ретінде оқылған.
Ae дифтонгі [э] дыбысын береді: Algae [а.льгэ] — водоросли, arteriae [артэ.риэ] — артериялар.
ае
Э
ое
Oe дифтонгі [э] дыбысын: amoeba [амэ.ба] - амеба, Foeniculum [фэни. - кулюм] - фенхель, укроп.
Au дифтонгі [ав] дыбысын: auris [а.врис] - құлақ, caudalis [кавда.лис] - құйрықты жағы.
Au ав
Eu дифтонгі [эв] дыбысын: Eucalyptus [эвкали.птус] - эвкалипт, pleura [пле.вра] - плевра.
Eu эв
Eu дифтонгі сөздің соңында m жəне s дауыссыздарының алдында дифтонг құрмайды жəне буынға бөлінеді: calcaneus [калька.нэус] — өкшелік_______, peritoneum [пэритонэ.ум] - ішперде (құрсақ қуысын қаптайтын кілегейлі қабық).
Кейде биологиялық атауларда грек дифтонгі ei кездеседі де [эй] болып оқылады: Teichodectidae [тэйходэкти.дэ] - жүн жегіштер, seirosporae [сэйро. спорэ] - сейроспорлар.
Кей жағдайларда ae немесе oe дифтонг құрмайды жəне əр дауыссызды жеке айту керек. Бұл үшін екінші дауыстының үстіне қос нүкте қойылады: aёr [а.эр] - ауа, uropoёticus [уропоэ.тикус] - зəртүзгіщ, Aloё [а.лёэ] – алоэ, erythropoēsis [эритропоэ.зис] - эритроциттердің пайда болуы, Aquila chrisaĕtos [а.квиля хриза.этос] - бүркіт.
Достарыңызбен бөлісу: |