Байланысты: Биғалиқызы Зере КЯ003 Инклюзивті білім беру
Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың сөйлеу тіл деңгейінің диапазоны кең: бала нақты заттарға қатыстырмай, жеке буындарды айтып, былдырлағаннан қысқа сөз тіркесіне тіпті аграмматизмді және онсыз сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлеу тілін меңгерген болуы да мүмкін. Бірақ есту қызметі бұзылған бала қарым-қатынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де оның тілінде өзіндік ерекшеліктері болады. Дыбысталудың өзіндік бұзылушылықтары болады.
Қазіргі кезеңде оқытудың түрлі ұйымдастырылған форматы қарастырылған есту қабілеті бұзылған балалар І және ІІ арнайы білім беру мекемелерінде интеграцияланған оқытудың түрлі жағдайында билингвистикалық сыныптарда, т.б. білім ала аллоды. Дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуға арналған арнайы мемлекеттік білім беру мекемсі мектепке дейінігі бастауыш, негізгі, орта, жалпы кәсіби білім берудің бағдарламасының түзете оқыту түріне байланысты нақтыланады.