Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік бермейді. Естімеуі немсе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен айырады, әсiресе егерь ол арте жеста мммммммстуден айырылса сөйлеу және психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.
Психофизикалық дамуында арта қалушылықты көрсету дәрежесi әр түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен аурылығына байланысты болады.
Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың сөйлеу тіл деңгейінің диапазоны кең: бала нақты заттарға қатыстырмай, жеке буындарды айтып, былдырлағаннан қысқа сөз тіркесіне тіпті аграмматизмді және онсыз сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлеу тілін меңгерген болуы да мүмкін. Бірақ есту қызметі бұзылған бала қарым-қатынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де оның тілінде өзіндік ерекшеліктері болады. Дыбысталудың өзіндік бұзылушылықтары болады.