Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет11/15
Дата02.07.2018
өлшемі1,7 Mb.
#46042
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Білім беру мазмұнының мәні неде?

  2. Білім беру мазмұнына тарихи сипаттама беру.

  3. Білім беру мазмұнының негізгі териясын қалыптастыруды атаңыз және оған сипаттама беру.

  4. Білім беру мазмұнының атқаратын қызметі.

  5. Жалпы білім беру мазмұнының принциптерін таңдауға сипаттама беріңіз.

  6. Білім беру мазмұнын қалыптастыруда пәнаралық байланыстың ролі мен қызметі.



Әдебиеттер


  1. Бейсембаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. – Алматы, 1998.

  2. Джадрина М.Ж. Дидактические аспекты дифференциации содержания школьного образования. – Алматы, 2000.

  3. Дидактика средней школы. (Под ред. М.Н. Скаткина. – М, 1982.

  4. Жампеисова В.В. Формирование основ педагогической культуры старшеклассников. Дисс. ... д-ра пед. наук. – Алматы, 1996.

  5. Педагогика: Большая современная энциклопедия (сост. Е.С. Ропацевич). – М.: «Современное слово», 2005.

  6. Педагогика: учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, А.И. Мищенко, Е.Н. Шиянов. – М.: Школа-пресс, 1997.

  7. Леднев В.С. Содержание образования. – М., 1989.

  8. Сериков В.В. Образование и личность. Теория и практика проектирования педагогических систем. – М., 1999.

  9. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. – М., 1984.

  10. Теоретические основы содержания общего среднего образования /под ред. В.В. Кравского, И.Я. Лернер. – М., 1983.


Тақырып 17 Оқытуды ұйымдастырудың түрлері (1 сағат)
Мақсаты: Оқытуды ұйымдастырудың түрлері сабақ туралы түсінік, негізгі міндеттері,талаптары және шарттары.

Міндеті:

а) Сабақтың даму тарихын педагогикалық ғылыми еңбектер арқылы ашу.

ә) Оқыту үрдісін ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік беру.

б) Әр түрлі типті сабаққа мінездеме бере отырып, оның негізгі кезеңдерінің маңызын ашу.

в) Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің дайындық жағдайының негізгі міндеттерімен таныстыру.

Жоспар:

1. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік.

2. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

3. Мұғалімнің дайындығы.

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «forma» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады . Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі ( Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап- мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі:. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:



  • жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);

  • жеке –жұптық (оқушы- оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады );

  • жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады ((оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).

  • Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған,атауы-беланкастер жүйесі);

  • Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі);

  • Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі ХХ ғасырдың 20-жылдарына тән);

  • Американдық «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б.

  • Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.).

Оқыту түрлерінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮII ғасырда туысқан тәуелсіз мемлекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде ең көп тараған және үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын ХҮІІ ғасырда-атақты чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныпты-сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады; сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық-сабақ жүйесі үлгірімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі.

Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық- сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз бар. Жастары бір шамадағы сынып оқушыларын бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы- ол оқушылардың ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті оқу мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.

Сыныптық - сабақ жүйесі өзіне көптеген оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек жіне өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар).

Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке даралап және саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады. Сыныптағы барлық оқушыларға бір тектес тапсырмалар берілгенде (жазбаша, зертханалық және тәжірибешілік немесе практикалық сабақтар), онда саралап оқыту жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар әртүрлі тапсырмалар орындаса, бір мәселені шешсе, бірге отырып барлығы тақырыпты меңгереді, міне сол арқылы жұмысты әрі ұжымдық фронтальды, топтық түрлері іске асады.

Жоғарыда жіктелген оқытуды ұйымдастырудың түрлеріне жататын ерекшеліктің бірі – кез келген оқушының оқу еңбегіне үйретеді: тыңдауға, ұжымдық іс-әрекетте берілген сұрақты талқылауға, өзінің жұмысын ұйымдастыруға, өзінің пікірін айтуға, басқаны тыңдауға, олардың жасаған ой тұжырымы мен дәлелдемелерімен келісетінін, немесе оған өздерінің дәйектемелерін дәлелдеп қарсы тұжырым құруға, басқаның ой түйінін толықтыруға, конспект жазуға, баяндама мәтіндерін жинақтауға, библиография құрастыруға, білім көздерімен жұмыс істеуге, өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, берілген уақытта жұмысын аяқтай білуге және т.б. топтық жұмыста оқушылар көш басылық қызметкерлік, бағынбаушылық іс-әрекетті ұйымдастыру элементтерін меңгереді, үлкендер ортасымен, жалпы өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырады-табиғи іскерлікке, өндірістік және әлеуметтік қарым-қатынасқа, өмірге бейімделеді. Оқытуды ұйымдастырудың түрінде оқушылардың тәрбиесі үлкен рөл атқарады, мұндай іс-әрекетте тұлғаның өзін-өзі басқару жағы басымдылыққа ие болады.

Сыныптық –сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі болып табылады. Оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың мңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық динамикалық жүйеге саяды, сөйтіп, ұжымдықтан- жеке, яғни мұғалімнің оқушыға, нәтижесінде, оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибеде сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шыңдалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады, мұғалімнің сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен прицинциптерін тұйындайды. Сабақ – педагогтік шығармашылықта құрылады және сондықтан да ол біртұтастық жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.

Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкес келетін, болып қарауға олатын жіктеме төмендегідей: (И.П.Подласый)


  • ғылым жетістіктерінің жаңа түрін озық іс тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің негізгі заңдарына құрылған сабақты;

  • сабақты өту үрдісінде, барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;

  • оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік, пәнаралық байланысты;

  • бұрынғы білімнің байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін және оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау;

  • тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі;

  • педагог оқу-құралдарын ұтымды қолдануы;

  • алған білімнің, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс-тәжірибесімен байланысты жүзеге асыруы;

  • білімнің, икемнің, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау – амалы мен іс-әрекетке тиімді қолдануы;

  • сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжау алуы.

Әрбір сабақ тұтас педагогтың процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты.

Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгерту логикасын ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өзіндік ойлау іс-әрекетінің заңын,жеке таным қабілеті сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін және оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері, ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, өзектілігі анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді. Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі, өзгертуге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың өмірге бейімделуге және интеллектуалдық қабілетін дамыту - оқушыларды өмірге бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам.

Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру. Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір пен тәртіп талабынан құрылады. Мынандай бағыттарға бөлінеді: фронтальды - мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы, жеке- өзіндік

Жұмыс әр оқушының топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.

Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық және түсіндірмелі иллюстративті мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық негізге құрылған тапсырма бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызады. Бірақ, сабақтың бұл түрінде көптеген кемшіліктер бар, жұмыс барысында оқушылар әр түрлі деңгейде өз мүмкіндігіне қарай білімін арттыра алмайды, бәрінің білімі бір мөлшерде оқшауланбайды, әсіресе, нашар үлгеретін оқушыға мұғалімнің көмегі үнемі қажет болса, ал қабілеті өте жоғары оқушыда уақыт артық қалады.

Сол себепті сабақтың тиімділігін арттыру үшін сабақтан басқа түрлері де пайдалану керек.

Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу.

Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі ол: оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-қатынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқынын бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық оқу іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білімдерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың түрімен толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.

Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады:


  • оқу міндетін анықтау үшін сынап екі топқа бөлінеді;

  • әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген), ол топ ішінен бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді;

  • топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;

  • топтың құрамы сабақтың мазмұнына қарай өзгереді; ең жоғары деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;

  • топтың және құрамның әр түрлі деңгейлікке орай оқушылардың қауымдастық құрамы сұрыпталады және мұның өзң оқушыларға байланысты.

Сабақтың топтық жұмыс түрінде оқушы саны көбейеді және жеке жұмыс барысында оқушыға не топ басшысының, не мұғалімнің көмегі қажет болып отырады (фронтальды және жеке жұмыс кезінде мұғалімнің оқушыға көмек беруі қиындай түседі, сондықтан олар жеке жұмысқа көшкенге дейін кезек күтуге мәжбүр).

Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану ғылыми тақырыптардағы практикалық жұмыстарды, сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде,ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі.

Әрбір қарастырылған оқыту қызметін ұйымдастыру түрлері оқушылардың сабақ барысындағы өзіне тән оқу-тәрбиелік міндеттерді жетілдіре түседі. Олар өзара, бірін-бірі толықтырып, дұрыс құрылған сабақтың жақсы нәтижесін көрсетеді.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру.

Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге, негізгі дидактикалық мақсатына байланысты, сабақтың әр алуан тұрпаты және түрлерімен қоса оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Тақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе мұғалімнің оқушылар нені білулері керек, т.б. деген сияқты мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты болып келеді. Сондықтан мұғалім тақырыптық жосапрлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру стандарттымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет.



Бір сабақты жоспарлау -мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.

Сабақтың мақсаты бағдарлама материалының мазмұны негізінде, мектептің материалдық базасының және оқушылардың белгілі бір оқу жағдайына сәйкес ұйымдастыруға болатын оқу материалымен жұмысының мазмұны негізінде анықталады. Сабаққа дайындалудың бұл бөлімінде мұғалім болашақ сабақтың өту барысын болжайды, оны ой-санасынан өткізіп, өзінің оқушылармен бірлесіп жасайтын іс-әрекеттерінің өзіндік бір сценарийін дайындайды.Өзінің және оқушылардың сабақтағы әрекеттерінің негізгі мазмұны мен бағыттылығын анықтағаннан кейін барып мұғалім оқушылар меңгеруге тиісті қажет және жеткілікті материалды таңдайды, сабақта талданатын жаңа түсініктерді енгізудің жүйелілігін анықтайды. Мұғалім оқушылардың белсенділігін арттыратын қызықты материалды таңдайды, оған оқушылардың назарын жалпылама сұрақтар, есептер арқылы аударатын, сабақтың құрылысын алдағы жұмыстың көлеміне қарай алдын ала анықтайды.



Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз- тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, ауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т.б.Сабақтың осындай алдын ала талдасмасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте солғұрлым аз болады.

Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін мұғалім сабақтың жоспарын жасайды. Сабақтың конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін, толық және жан-жақты жасалады. Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық қосарқы сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады.

Алайда, сабақтың ойдағыдай өтуі тек мұғалімнің мұқият дайындығына ғана емес, сонымен қатар оның оқушыларды алдағы сабақтағы жұмысқа әзірлеуіне және оқушылардың өздерінің сабаққа деген психологиялық дайындығына байланысты. Ол үшін оқушыларды келер сабақтағы жұмыс жоспарымен таныстырып, оларды оқулықтың немесе әдеби шығарманың жекелеген тараулары мен тақырыптарымен алдын ала таныстыруға бағыттап, жаңа материалды меңгеруге септігін тигізетін бақылау мен күрделі емес сынақтар өткізу қажет.

Сабақтың жоспарында сабақтың тақырыбы, сабақ өткізілетін сынып бөлмесі және дидактикалық міндеттері нақтыланған сабақтың мақсаты, сабақта өтілетін материалдың қысқаша мазмұны, оның міндеттері көрініс табады. Сондай-ақ, сабаққа қатысатын оқушылардың өзара қатынасын ұйымдастыру, оқушылардың оқу-танымдық қызметін дамытатын тапсырмалар, білім беру әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдері анықталады. Тапсырмалар арқылы алға қойылған міндеттерге қарай, ал ол міндеттерді орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады, оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады, олар білімсіздіктен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды.

Сабақтың сапасы мен нәтижелі өтуі, көбінесе, мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателерін дұрыс талдай алуына байланысты. Өз жұмысына талдауды сабақ өткізе салысымен және келесі сабақтың алдында, яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізуі тиімді. Бұндай жағдайда мұғалім өткен сабақтың нәтижелеріне сүйене отырып, келесі сабаққа дайындығы кезінде осының барлығы ескерілуін ойластырады. Өзін-өзі бағалау өткен сабақтың талдауына негізделеді, яғни мұғалім жасаған жоспарын тағы қайтара талдап, сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады.

Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру түрінің ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Оқу жұмысының түрлері қандай белгілермен сипатталады? «Білім беруді ұйымдастыру түрлері» деген ұғымға анықтама беріңіз.

  2. Мектеп дамуының тарихында білім беруді ұйымдастырудың қандай негізгі түрлері қалыптасты?

  3. Білім беруді ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйесі қандай ерекшеліктермен сипатталады?

  4. Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар қандай?

  5. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптардың мәні неде?

  6. Сабақ үстінде педагогикалық үрдістің қандай білімділік-тәрбиелік,дамытушылық және білім беру қызметтері жүзеге асады?

  7. Сабақтың негізгі түрлерін, сондай-ақ оқытудың басқа да түрлері мен олардың құрылысын суреттеп беріңіз.

  8. Білім, білік, дағдыны бақылау мен түзету сабағының құрылысын жасаңыз.

  9. Аралас сабақтардың мәні мен құрылымына анықтама беріңіз.

  10. Сабақты өткізу барысында оқушыларды дамыту мен тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыру қаншалықты қажет?

  11. Қазіргі уақытта мектептерде сабақтардың қандай жаңа түрлері қолданылады?

  12. Мұғалімнің сабаққа дайындығының негізгі жұмыстарын анықтаңыз.

  13. Оқытуды ұйымдастырудың қосымша түрлерін атаңыз.

  14. Оқушылардың үлгерімін бақылауының түрлерін атаңыз.

  15. Білімді тексеру, дидактикалық тест, білімді бағалау, үлгермеушілік деген сияқты түсініктерге анықтама беріңіз.

  16. Оқудағы сәтсіздіктердің себебін түсіндіріңіз және оларды болдырмаудың әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз.


Әдебиеттер:

1. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. М., 1996.

2. Кириллова Г.Д. Теория и практика урока в условиях развивающего обучения. М., 1980.

3. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. М., 1964.

4. Махмутов М.И. Современный урок. М., 1985.

5. Онищук В.И. Урок в современной школе. М., 2-ое издание, 1985.

6. Подласый И.П. Как подготовить эффективный урок. Киев, 1987.

7. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М., 1984.

8. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. Алматы, 1999.

9. Чередов И.М. Формы учебной работы в средней школе. М., 1988

10. Яковлев Н.М., Сохор А.М. Методика и техника урока в школе. М., 1985.


Тақырып 18 Сабақ – педагогикалық процесте оқытудың негізгі формасы (1сағат)
Мақсаты: оқытудың негізгі формасы сабақ болғандықтан, оның ерекшеліктерін көрсету.

Міндеті:

а) «оқытудың формасы», «сабақ – оқытудың негізгі формасы», «сабақтың құрылымы» туралы түсінік беру;

ә) оқыту формасы педагогикалық процестің компоненті рөлін көрсету;

б) сабақтың дидактикалық міндеті, типі, құрылымына мінездеме;

г) сабаққа қойылатын талаптар;

д) сабақта өздігінен талдау және алгоритмдік талдауды негіздеу.



Жоспар:

  1. Сабақтың оқыту формасының жетекші рөлі.

  2. Сабақтың дидактикалық міндеті, типі, құрылымы.

  3. Сабақта оқушылардың қарым-қатынасы мен іс-әрекетіне педагогикалық басшылық.

  4. Сабақ құрылымында дидактикалық және психологиялық байланыс.

  5. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар.

  6. Сабаққа талдау педагогикалық процестің компоненті ретінде.

Оқытудың формасы – педагогикалық процестің бір компоненті, ол технологиялық блоктың педагогикалық қарым-қатынастың тәсілі, формасы, әдісі, жолдары, оқушыларға тапсырма, құрамына кіреді. Бұл, мұғалім аталған компонентті қолданғанда, педагогикалық процестің заңы мен заңдылықтарын түсініп, оқыту формасы оның бөлігі екенін сақтау. Оқыту формасының түрлері: сабақ, практикалық және лабораториялық сабақтар, оқу экскурсиясы, лекция, семинар, өндірістік практика, үй тапсырмасы және т.б.

Оқыту формасына мінездеме:

  • ұжымдық және дара оқытуды бірлестікте жүргізу;

  • оқушылардың өздік жұмыстарының дәрежесі;

  • педагогикалық басшылықтың тәсілдері.

Қазіргі мектепте оқытудың жетекші формасы сабақ (оның типтері және әртүрлігі). Қазір дәстүрлі сабақпен қатар, дәстүрлі емес түрлері: диалог-сабақ, диспут сабақ, сабақ – конференция, сабақ-саяхат, интегративтік сабақ, оқушылардың танымдық белсенділік дәрежесінің жоғарлығымен ерекшеленеді. Сабақ-педагогикалық (оқу-тәрбие) логикалық жүйелеген құрылымдық бөлігі, сыныпта әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, олардың мақсатты түрде ғылым негіздерін меңгеріп, оқушының тәрбиесі мен танымдық қабілетін дамыту, яғни сабаққа педагогикалық процестің барлық құрылымдық компоненті мақсат, міндет, мазмұны, тәсілі, әдісі, жолдары, оқушыларға тапсырма қатысады (Н.Д. Хмель 6,7). Бұл жағдайды тақырыпты және сабақты жоспарлағанда, күнделікті сабақты басқару, оның барысы мен нәтижесіне анализ жасау. Егер сабақтың эволюциясы оқыту формасының пайда болуына көз жіберсек, онда мыналарға сенеміз, өзгерістер мен жетістіктер мақсатты түрде оқушылар ұжымының оқу материалын саналы меңгеру, шығармашылықпен оны пайдалану. Шындығында, оқушылардың іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен өткендіктен, мұғалім іс-әрекетінің объектісін түсініп, қазіргі уақытта педагогикалық процесте мұғалім мен оқушы іс-әрекеттің субъектісі болады.

Үздік мұғалімдердің жетістігінің себептері мұғалімнің оқушылардың белсенді, мақсатты, технологиялық білгір, сабақта шығарашылықпен және сабақтан тыс уақытта оқу тапсырмасын орындауға жағдай жасаған. Дәл қазір ақыл-ойдың көптеген белсенді формасы мен оқушының практикалық оқу іс-әрекеті дидактика теориясында шығармашылық белсендіктің динамикасы қалыптасты. (Скаткин М.Н.)



Бұған дәлел, сабақ оқытудың негізгі формасы:

  • сабақ аяқталған, оқу процесінде уақыты белгіленген, оның барысында мақсатқа жетуде нақты міндеттер шешіледі;

  • сабақ – сабақ кестесі бойынша, оқу материалының көлемі ықшамды және уақыт аралығында өткізіледі;

  • оқушылардың сабаққа қатысуы міндетті, сондықтан олардың білім, дағды, білік, оқу материалын меңгеруге логикалық ойларын қалыптастыруға жағдай жасалған;

  • сабақта оқушылар әртүрлі жеке дара, фронтальды, ұжымдық танымдық іс-әрекеттке, оқу-тәрбиенің комплексті міндеттерін шеше отырып жеке тұлғаны дамыту;

  • мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы сонымен қатар, оқушылардың өзара араласуы іс-әрекетті ұйымдастыруда оқушылар ұжымын қалыптастырады;

  • сабақтағы қарым-қатынаста оқудағы қарама-қайшылықтар шешіліп, жеке тұлғаның белсенділігі, оқуға деген қызығушылығы және т.б. жағымды қасиеттері тәрбиеленеді.

Сабақтың типтері, құрылымы. әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.

Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):



  1. Жаңа білімді игерту.

  2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).

  3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.

  4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.

  5. Білімді қорыту және жүйелендіру.

Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.

Сабақтың құрылымы деп -сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1, 19).



Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді. Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.

Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі:

  • дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);

  • дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);

  • оқыту әдісі (И.Н. Борисов);

  • сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.

М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:

1. Аралас сабақ практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.

2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.

3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.

4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).

Сабақта оқушылардың іс-әрекетіне және өзара араласуына педагогикалық басшылық. Сабақтың құрылымы оқушылардың оқу жұмысында орындалады. Қазіргі ғылыми әдебиеттер мен педагогикалық практикада оқытудың үш формасына тоқталады – фронтальды, жеке, топтық.

Фронтальды жұмыс – бүкіл сынып мұғалімнің басшылығымен іс-қимылы. Мұғалім оқушылардың көршілігін жұмысқа тартып, олардың таным мүмкіншілігін, қабілет, дәрежесін ескеру қажет. Сондықтан сабаққа дайындалып, жоспарлағанда әртүрлі оқу жағдаятын, сабақтың дидактикалық міндетін шешуге бағыттау (тапсырманы іріктеу, сыныптын қайта информациялық хабар алу, кездескен қиындыққа көмектесу, дидактикалық ойындар өткізу т.б.) Ең бастысы оқушыларды өздігінен қорытынды жасауға талаптандыру (егер мұғалім өзі жасағанда).

Жеке - әр оқушының өздігінен жұмысын белгілеу, олардың дара дайындығы мен мүмкіншілігіне қарай. Жек жұмысқа үлкен мүмкіншілік тудыратын бағдарламамен оқыту, дидактикалық міндеттерді шешуге, сабақтың әр кезеңінде жеке жұмыстар жүргізу қажет. Жеке жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалім тарапынан, оқушы – консультант көмектеседі.

Топтық жұмыста оқушылар 4-6 адамнан жеке бірлесіп (динамикалық және аралас құрылыммен) істейді. Топ сабақта алынған тапсырма немесе жоспар бойынша істейді.Топтық жұмыс мұғалім мен оқушылар үшін күрделі, олардың күні бұрын психологиялық, дидактикалық және технологиялық дайындығын, алгоритмдік білімді қажетсінеді (5).

Мұнымен қатар авторлар (М.Д. Виноградов, М.А. Данилов, И.Б. Первин, Ю.Б. Зотов, В.В. Котов, Н.Н. Хан, Г.К. Селевко, В.К. Дъяченко т.б.) топтық жұмыспен фронтальды және жеке жұмыстың ең бастысы білім беру мен оқытудың мүмкіндігін тудыру. Бұл оқушылардың іс-әрекетінде оларды объектіден субъектіге айналдыру. Мұғалімнің көңіл аударатын жері: оқушылары түсініп белгілі бір шеңберде жеке іс-әрекет, оқу ықпалдастығында (оқушы-консультант, оқушы-лаборант, оқушы – ассистент т.б. іскерлік дағды, пікірлесуге, жолдасына көмектесу, оның жұмысын бағалау, дискуссия ұйымдастырып қатысу.

Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымының арақатысы. Сабақтың қиындығы, оның көп мәселелігі оқушылардың танымдық іс-әрекетін жоғарлатуға әсер етеді. Педагогтар бүгінгі күні ғылыми-практикалық тұрғыдан негізгі екі мәселені шешуде:


  1. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасында сабақ құрылымын ұйымдастыруды жетілдіру.

  2. Сабақта ұжымдық жұмыста әрбір оқушыға оптимальды жағдай туғызу, дәстүрлі оқыту мен сабақта фронтальды және жеке тәсілдермен оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдіру.

Қарама-қайшылықты оқушылардың жеке тапсырмасын максимальды түрде: сыныпты топтарға бөліп оқу үлгеріміне қарай оқыту. Бірақ бұл объективті себептерге байланысты тиімді болмады.

Сабақтың құрылымын жетілдіру екі бағытта дамыды:

  • ең қажеттісі, сабақтың өзіне тән элементтері болуы;

  • дегенменде сабақтың тұрақты құрылымынан бас тартып, мұғалімнің тәжірибе-интуициясына жол ашу. Әрине мұның қиындығы бір бағытты ұстанудың өзіндік қарама-қайшылығы кездеседі.

Сабақтың құрылымы объективті болжау, оның болашақ жолдарын терең түрде зерттеген Р.Г. Лемберг. Сабақтың құрылымында дидактика мен психологияның байланысы, оқушылардың жұмыс қабілетін ескеру. Көптеген сабаққа талдау жасау мынадай қорытындыға әкелді.

1. Оқушылардың жұмыс қабілеті ескерілмей, балалар шаршап, нерв клеткаларының жұмыс қабілеті шамадан тыс болуы.

2. Мұғалім аталған жағдайларды ескеріп, сабақтың құрылымында, оның барысында дидактика мен психологияның үйлесімдігін қадағалау қажет.

3. Бұл оқу материалын дұрыс бөліп және сабақта қарым-қатынасты ұйымдастырып оқушылардың жұмыс қабілетін біркелкі реттеп отыру (оқушылардың жұмыс қабілеті 10-35 минут). Мұнымен қатар, әртүрлі дидактикалық ойындар, сабақтың басы мен аяқ кезінде оқу іс-әрекетінің белсенді түрін (жұмыс қабілет зонасына) пайдалану. Мүмкін, әр сабақта бес дидактикалық міндетті орындау дұрыс болмас, оның есебіне рациональды түрде жетекшісіне бөліп қарау. Оның есебіне сабақтың тақырыбы, бөлімдерінде, бүкіл дидактикалық міндеттерді қолдана білу. Бұл қиын болғанмен, мұғалім тақырыптық жоспар жасағанда соның негізінде жеке сабаққа жоспар жасайды. Тақырыптық жоспар мұғалімнен білім, білік, дағдыны талап етеді, сондықтан тәжірибелі мұғалімдерге әдістемелік бірлестікте тапсыру керек. Тақырыптық жоспарларды жасауда көптеген ұсыныс схемалар кездеседі, оның ішінде (мысалы, М.И.Махмутовтың схемасы (тәжірибелі – шебер мұғалімдер әрқашанда жоспарға өзінше қарап, қосымша енгізе алады. Тақырыптық жоспар әрқашанда:

- сабақтың мақсаты мен міндеті;

- сабақтың құрылымы мен мазмұнында іс-әрекет көрсетілуі (оқушылардың іс-әрекетіне басшылық);

- сабақта оқушылардың іс-қимылының жүйесі, кезеңдері;

- технологияны кері алу үшін талдау жасау.



Тақырыптық жоспардың үлгі құрылымы:

  1. Сабақтың құрылымы.

  2. Сабақтың мақсаты.

  3. Негізгі дидактикалық міндеттер.

  4. Қосымша дидактикалық міндеттер.

  5. Мұғалімнің әдістемелік жұмысы.

  6. Оқушылармен жүргізетін әдістемелік жұмыстар.

  7. Мұғалімге арналған әдебиеттер.

  8. Оқушыларға арналған әдебиеттер.

  9. Қайталау.

  10. Оқушылармен кері байланыс жасаудың формасы және олардың жұмысын бағалау.

  11. Сабақты жабдықтау, дидактикалық материалдар.

  12. Ескертпе.

Сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың астарында күрделі талап – мұғалімнің шығармашылығы оны ғылыми негізге бағыттау:

  1. Сабақтың тұтас педагогикалық процестің логикалық құрылымына кіруі;

  2. Сабақта оқыту процесінің оқулық, тәжірибелік, дамытушылық функциясын жүзеге асыру.

  3. Сабақта оқыту процесінің комплексті принциптерін (мақсаттылық, жүйелілік, ғылымилық, теория мен практиканың бірлестігі, еркіндік, педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы т.б.)

  4. Әр сабақтың өткен және кейінгі сабақтардың тақырыбы, бөлімдері мен логикалық байланысы.

  5. Сабақтың кезеңдерінің логикалық байланысы.

  6. Сабақтың құрылымының дидактикалық және психологиялық үйлесімділігі.

  7. Күн талабына сай мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын ұйымдастыруда комплексті әдістер мен тәсілдерді іріктеу.

  8. Оқу материалын игеруде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыруда, сабақта шығармашылық жұмыс істету.

  9. Сабақта оқыту технологиясының, дәстүрлі және жаңа түрлерін үйлестіру.

  10. Сабақта оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің тәсілі оның мақсаты, міндеті, мазмұнына үйлесімді болуы.

  11. Сабақта мұғалімнің оқу материалын игеруде информацияның негізінде коррекциялық жұмыстар жүргізуі.

  12. Мұғалім мен оқушының еңбегін педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың ғылыми талаптарына сәйкес болуы.

Сабақтың өздігінен және алгоритмдік анализі. Мұғалімнің іс-әрекетінің табыстылығы, оның өзінің жұмысына анализ жасай білуі және мектеп администрациясы мен әдістемелік бірлестік басшыларының пікірлері.

Логикалық анықтама сөздікте (Н.И. Кондаков 1975) мынадай анықтама берілген: «Талдау бен жинақтау қосылып ой процесінің немесе нақты бүтіннің ыдырауы және ол бөліктердің қайта бұрынғы қалпына келуі. Сабақтағы іс-әрекетті ойша талдау жасаған бүтін (сабақ) оның бөлімдері (элементтік құрылымына және бөлімдерінің қайта қалпына оралуы (сабақтың мақсатына жету). Бұл жағдайда сабаққа логикалық талдау (өзін-өзі тексеру) – осы әдіс арқылы сабақта жаңа білім алу және оның нәтижесі сабақтың кемшілігін болдырмау. Мұғалім сабақты талдаудың теориялық негізін меңгерумен қатар тұтас педагогикалық процестің теориясын білу қажет. Мұғалім өзінің іс-әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық процесс, ал педагогқа оқушылар іс-әрекеттің субъектісі. Тұтас педагогикалық процестің кәсіби-педагогикалық жағы Н.Д.Хмель зерттеген, бұған автордың анықтамасы: «Педагогикалық процесс – балалардың мақсатты бағыттағы қарым-қатынасы мәдениетін игеріп қоғамдық өмірге белсенді араласу, педагогтың басшылығымен». Бұл анықтамадан, мұғалім мен оқушының «педагог-оқушы», жүйесіндегі іс-әрекеттің субъектісі, сабақтың барысында қарым-қатынас орнатады. Мұндай қарым-қатынас мақсат пен іс-әрекеттің міндетін түсініп, ойын, еңбек, пікірлесу, оқудың жеке, бірлесіп, топтық іс-әрекетке қатысып (оқу формасы), оның тәсілін (әдісі мен жолын).

Жоғарыда келтірілгендерге қарасақ, негізгі түсініктер: мақсат, міндет, мазмұны, формасы, әдісі, тәсілі т.б. педагогикалық процестің құрылымдық компоненттері. Бұл тұста педагогикалық процестің қарым-қатынастағы субъектісі (мұғалім мен оқушы) оның құрылымдық компонентін негізге алып сабаққа анализ жасау. Келтіріген ережелер мектеп басшыларының іс-әрекетінің алгоритм мұғалімнің өзін-өзі тексеруі. Педагогикалық процестің құрылымдық компоненті логикасы:


  • сабақтың мақсаты мұғалімнің тақырыбына үйлесімділігі;

  • сабақтың міндеті, оның тақырыбы мен мақсатына үйлесімділігі;

  • сабақтың мазмұны тақырыпты өткенде оның міндеттерін шешіп мақсатына жету;

  • оқушы сабақтың барысында оқу іс-әрекетінің субъектісі болу үшін педагогикалық арақатынастың тәсілі мен формасы сай болуы қажет;

  • қарым-қатынаста іс-әрекеттің тәсілі (әдіс) сабақтың міндетін жүзеге асыру;

  • сабақтың мазмұны, әдісі оқудың жұмыс міндетін толық шешу;

  • сабақтың ұтымды нәтижесі (жалпы оқушылар санына қарағанда «4» пен «5»-ке оқитын оқушылар сыныпта басым болу);

  • қорытынды және ұсыныстар.

Оқу жұмысындағы талдау (өзін тексеру) т.б. формасында алгоритмі мыналар:

  • талдау тұтас педагогикалқы процестің теорясы басшылыққа алынған;

  • тұтас педагогикалық процестің құрылымдық компоненті сабаққа талдау жасаудың негізі;

  • бұған дәлел талдаудаң компоненті жаңа логикасы, компоненттердің құрылымы талдау мен жинақтауды біріктіреді.

Сонымен, сабақ педагогикалық процестің құрылымдық компоненті болу үшін мұғалім педагогикалық процеспен сабақты жақсы білу керек. Сабаққа қойылатын талаптар, типін, мақсатын, міндетін айқындау, материалды іріктеу, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мұғаліммен қатар оқушының да жұмыс тиімділігін арттырады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. «Оқыту формасы», педагогикалық процестің компоненттерімен байланысы.

  2. Оқытудың формасы сабаққа анықтама.

  3. Неліктен оқытудың формасы сабақ болмақ?

  4. Сабақтың қандай типтері кең қолданылады?

  5. Сабақтың дидактикалық міндеттері.

  6. Сабақта оқушылардың қарым-қатынасына педагогикалық басшылық қалай байқалады?

  7. Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымының үйлесімділігі.

  8. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар.

  9. Сабаққа талдау жасау педагогикалық процестің басқа анализдерінен ерекшелігі.


Әдебиеттер

1. Зотов Ю.Б. Организация современного урока. Москва, 1984.

2. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. Казучпедгиз, 1960, Алма-Аты.

3. Махмутов М.И. Современный урок. М., 1981

4. Селевко Г.К. Альтернативные педагогические технологии.М.,2005.

5. Хан Н.Н Сотрудничество в педагогическом процессе школы.Алматы,1997.

6. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. Алма-Аты, 1990

7.Хмель н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998

8. Цырлина Т.В. На пути к совершенству. Антология интересных школ и педагогических находок XX века. М.: Сентябрь,1997

9. Чередов И.М. Система форм организации обучения в общеобразовательной школе. М.,1997.



Тақырып 19 Қазіргі мектептегі оқыту әдістері (1 сағат)
Мақсаты: Мұғалімнің іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгеру және оқыту үрдісіндегі оқушылардың білім, білік дағдыларын меңгерте отырып, оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру.

Міндеттері:

а) оқыту әдісінің құрылымы мен мәнін ашу;

ә) оқыту әдісінің салыстырмалы түрде тиімділігін көрсету;

б) оқыту әдістерін таңдауды анықтайтын факторларға сипаттама беру.



Жоспар:

  1. Оқыту әдісінің мәні, әдістері мен тәсілдерінің арақатынасы.

  2. Оқыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің тиімділігіне әсері.

  3. Оқыту әдістерін таңдау.

Оқыту әдісінің мәні, әдіс және тәсілддерінің арақатынасы. Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс – жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.

Әдіс (гректің metodos) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.

Педагогтар оқыту әдісі туралы түсінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді.



Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі – бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.

Оқыту әдістері – тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі – үлгі болып табылады мұғалім – ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі – ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі – осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.

Оқыту әдісінің маңызды белгісі – дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі – әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін– тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер).

Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады. Ол мына суретте көрініс тапқан





Жазба жұмыстар



Мазмұндап айту



Терминдермен

жұмыс




Күрделі жоспар құру




Жоспар құруға

дайындық




Бөлім атаулары



Логикалық бөлімдерге

бөлу




Негізгі ойды бөлу




Түсініп оқу



Оқу техникасы


Сурет 19.1 Кітаппен жұмыс істеу тәсілі.
Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы – оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы – нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі – зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі – уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Бабанский Ю.К., Верзилин Н.М., Перовский Е.И., Голант Е.Я., Лордкипанидзе Д.О., Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.б

Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар «әдістер теориясының дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін,ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді.

Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу –танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция ролін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиетін дамыту, әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау.

Оқыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің тиімділігіне әсері.

Оқыту әдістері, оқушылардың танымдық және практикалық іс-әрекеті ұйымдастыратын, оқыту мақсатына сәйкес білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалімнің мақсатқа бағытталған әдістерінің жүйесін құрайды. Мақсатқа сәйкес, оларды пайдаланатын нақты технологиялар арқылы әр түрлі әдістерді жүзеге асыру арқылы көруге болады.



Сөздік әдістер.

Баяндау. Мақсатына байланысты бiрнеше әңгiме түрлерi бар: баяндап айту, әңгiмелеп баяндау, әңгiмелеп- бекiту. Бiрiншi – жаңа материалды игеруге оқушыны дайындау, екiншi – берiлген мазмұнды баяндау, үшiншi – оқытуды аяқтау бөлiмi.

Берiлген әдiстiң тиімділігі мұғалiмнiң әңгiмелеп беру бiлiгiне, педагогтың сөз байлығына және мазмұндап баяндауына, оқушылардың даму деңгейіне және оның жеткiлiктi ұғынуына байланысты болады.

Демек, оқушыларға бiлiм беруде олардың қабiлетiн ескеру керек. Әңгiме әдiсi өз ойын жеткiзуде логиканы сақтауға, жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге үйретедi.

Баяндау қысқа (10 мин), эмоционалды тұрғыда болуы керек. Баяндаудың тиiмдiлiгi басқа да оқыту әдiсi– иллюстрация (бастауыш сыныпта), талдау (жоғары сыныптарда) сонымен қатар мұғалiмнiң адамдар туралы уақыт пен кеңiстiкке байланысты таңдап алған деректер жайында болуы керек.



Әңгiменің дамытушылығы. Сонда яғни, елестету, ес, ойлау, қиялдау, эмоциональды қобалжу сияқты психалық процесстерді белсенділік күйге әкеледі. Оқушылардың тұрақты зейіні, білімділер, қызығушылығын қалыптастыру, тәрбиелік нәтижесі болып табылады.

Лекция. Лекцияның ауызша әдiстен айырмашылығы оқу материалының логикалық мазмұндалуы, ақпарат ағымының көптiгi, берiлетiн бiлiмнiң жүйелiк ерекшелiгiмен айқындалады.

Мектепте өтiлетiн лекция: күрделi жүйенi, құбылысты, объектiнi, құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргiзiледi. Лекция жоғарғы сыныптарда өтiледi, өйткенi олардың лекциядағы теориялық материалдарды қабылдау және ойлау қабiлеттерi жеткiлiктi денгейде қалыптасқан, лекция бiр немесе бiрiктiрiлген сабақтарда жүргiзiледi.. Лекциялық әдiс түсiндiру мен әңгiмеден басталып күрделене түседi.

Лекцияны оқыту аспектісі оқушылардың көркемді оқу материалдарын тұтас қабылдап меңгеруі және аяқталғандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Лекцяны дамытушылық тиімділігі оқушылардың логикалық ойлау, диолектикалы ойлау тәсілдерін,мұғалім ойының нақтыда абстрактілі ойлау ағымынына білу болып табылады.

Лекцияның тәрбиелік мәні тұрақты еркін зейінін, конспектілеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Кiтаппен жұмыс. Мектепте кiтаппен жұмыс iстеу – өзіндік білім алуды негiзгi әдiстерінің бiрi. Бұл әдiстiң мәндiлiгi оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешiмiмен шектелуінде.

Оқулық кiтаптар оқу iс-әрекетiн атқарады: бiлiм алу, дамытушылық, тәрбие, ойлау, коррекциялық – бақылау т.б.

Кiтаппен өзіндiк жұмыста оқып шығу, жеке тараулармен танысу, жеке сұрақтарға жауап iздеу, кiтапты немесе мәтіндерді рефераттау, мысалдар мен есептердi шешу, бақылау тесттерiн орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады.

Әдiстiң сапасы еркiн, жылдам оқып, ойдан өткiзiп, түсiну, қарастырылатын мәселелеріге әдебиеттер таңдай бiлуінде.

Берiлген бiлiктердiң бәрi оқушының мектепке келген күнiнен бастап бiлiм алу мақсатын бiртiндеп қалыптастырады.

Бағдарламадағы оқу кiтаптары сапасымен ерекшеленедi. Оқушылар жұмыс жүргiзу барысында берiлген тапсырманы орындауға керектi ықпалды iс-әрекет қарастырып, дұрыс орындалғандығы туралы мағлұмат алады.

Жаңа оқу кiтаптары қорытынды кестелерді, диаграммада, графиктерде, көрнектi модельдерде, классификацияларда, коммуникативтi түрде жинақталған материалдарда берiлген. Демек мұғалiмдерге берiлген ақпараттарды талдауға көңiл бөлiп, оқушылардың бiлiм бiлiгiн қалыптастыру керек.

Кiтаппен оқу жұмысын жасауда оқушылардың өзiндiк бақылау бiлiгiн қалыптастыруға көп көңіл бөлген жөн. Оқушы кiтаптағы мәтінді қанша рет оқып шыққанын санамау керек, оның оқығанын мазмұндап, толық түсiндiрiп бере бiлу бiлiктілiгiн меңгергенін бақылауы керек. Бұл үшін уақыттың көбін берілген материалдарды оқуға емес, оны есте жақсы сақтап, белсенді түрде қайталап айтып бере алатын әдетті қалыптастырғаны жөн.



Әңгiме. Әңгiме мәнi бағытты мақсатта және бiлiктiлiкте қойылған сұрақтар арқылы оқушылардың алған бiлiмдерiн естерiне түсiрiп, жаңа бiлiмдi игертiлуiн, өздiгiнен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгiме кезiнде оқушының ойы мұғалiмнiң ойын қайталау болып отырады, нәтижесiнде оқушы адымдап жаңа бiлiмдi игередi. Әңгiме ойлауды белсендiредi, бiлiмдi, бiлiктi игертудiң диагностикалық құралы болып, оқушылардың танымдық қабiлетiн дамытуға бағыттайды, таным процесiн оперативтi басқаруға жағдай туғызады. Әңгiме сонымен қатар тәрбие мiндеттерiн де шешедi. Әңгiме баяндамамен, лекциямен, бiлiмдi жүйелi қалыптастыратын басқа да әдiстермен қатар қолданылу керек. Әңгiменің оқушыларға керектi бiлiмi мен дағдысын, жаттығуларды өткiзуге, оларды қалыптастыруға мүмкiндiк бере алмайтындығын ескерген жөн.

Мақсатына қарай әңгiменi бірнеше түрге бөлуге болады: кiрiспе әңгiме немесе ұйымдастыру; жаңа бiлiм беру (сократтық, эвристикалық т.б.); синтездеушi немесе бекiту; коррекциялық- бақылау.

Кiрiспе әңгiме оқыту жұмысының басында өтiледi, мақсаты оқушыларға берiлетiн жұмыстың мәнi мен оның өтiлуiн дұрыс түсiндiргенiн анықтау.

Кiрiспе әңгiме саяхат, лабораториялық және практикалық сабақ алдында өтiледi. Жаңа материалды оқушыға игертуде кiрiспе әңгiменiң мәнi ерекше.

Жаңа бiлiм игертуде катехизикалық (сұрақ-жауап, қарсы шықпау, жауаптарды есте сақтау), Сократтық (ыңғайлы, оқушының ыңғайына қарай, қысқа тұжырымды пiкiр бiлдiру), эвристикалық (оқушыға талап жүктеп, мұғалiмнiң берген сұрағына нақты жауап алу) әңгімелер қолданылады. Бүгiнде мектептерде эвристикалық әңгiме көбірек орын алуда. Жаңалық ашуда оқушылардың ойлау қабiлетiн жандандыратын дүние – мұғалiмнiң бiлiктi сұрақ қоя бiлуiнде. Сократтық әңгіменің шебері философ Сократ болған. Ол еш уақытта дайын жауап бермеген. Сократтың мақсаты білімнің өзі емес, адамдардың білім алуға деген ықыласын ояту, білімге ынтықтыру болған. Сократтың әңгімесі – әңгімелесушіге сұрақтар қою арқылы білгендері мен білмегендерінің шекарасын ажырата білу, сол арқылы ақылды, керемет, ойлы әлем ашуға жетелейтін ауызша диалог әдісі. Сондықтан да эвристикалық әңгiмеде оқушылар өздiгiнше ойлап, өз танымы бойынша бiлiмдi игеретіндігі байқалады.

Герменевтикалық әңгіме – түсіндіру, ынтықтыру өнері. Герменевтика – негізгі мәселесі философияға бағытталған, түсінік мәселесі. Бұл әңгімеде оқушылар өздіктерінен оқу құралдарын, кітаптарды, картинкаларды, моделдерді қолдана алады. Герменевтикалық әңгіме әдісіне түсіндіріп оқу жатады.

Синтездеуші немесе бекітуші әңгiме оқушылардың бiлiмiн жүйелеп және қорытындылауда қолданылады.

Коррекциялық бақылау-әңгiме диагностикалық мақсатта және оқушының бiлiмiн жетiлдiрiп, нақтылап, дамытуда пайдаланады.

Әңгiме барысында, барлық оқушылардың белсендiлікпен қатысып, сұрақты зер салып тыңдауы, сұраққа дұрыс жауап iздеуі, өзiнiң достарының жауаптарын талдауы, өзiнiң көзқарасын айта бiлуi қадағаланады. Дұрыс жауаптарды мадақтау, қатенi түзеу, толық емес жауаптарды толықтыру, оқытушылардың жiберген қатесiн өздерi табуына, бiр-бiрiне сұрақ қоюына жол сілтенеді. Әңгіменің танымдық нәтижесі оқушылардың білімінің мықты меңгерілуімен, өміршеңдігімен айқындалады. Әңгіменің дамытушылық тиімділігі ақыл-ойды үйлестіріп, тез және анық ойлай білуді қалыптастыруда, талдай және қорытындылай білуде, сұрақтарды дәл қойып, қысқаша ойлай алуында жатыр. Әңгіменің тәрбиелік мақсаты оқушының өз бетімен әрекет жасай білу қасиетін оятады, өз-өзіне сенімділік қасиетін жинақтауға көмектеседі, қарым-қатынас жасай білу мүмкіндігін қалыптастырады.



Көрнекілік әдістер.

Бақылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба – нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне үйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор.

Демонстрация. Оқушылардың сезiмiне көрнекiлiктi құбылыстарды, процесстердi, объектiлердi елестетіп, олардың сапасына әсер етедi. Берiлген әдiс пен игерiлетiн құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пiшiнiмен таныстырғанда кеңiнен қолданылады және бiр түрлi заттардың iшкi құрылысы немесе орналасқан әсерiн қарастырады.

Берiлген әдiс оқушылардың заттар, құбылыстар мен процестердiң, керектi өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсендiлігін iске асырып заттардың құбылысы мен мәнiн, сапасын анықтайды.

Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсiндiруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткiзуге мүмкiндiк болмаса, онда табиғи заттарды көлемдi моделдеу арқылы танып бiлу негiзгi роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы, двигательдiң iшкi күйi, геометриялық фигуралардың өлшемдерi, жергiлiктi жердiң рельефi т.б. игеруге көмектеседi. Көптеген жаңа модельдер заттардың технолгиялық және техникалық ерекшелiгiн анықтап түсiнудi қамтамасыз етедi.

Демонстрация әдiс сапасын көтеруге, объектiнi дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәндi жақтарына оқушылардың көңiлiн аударуға, сонымен қатар түрлi әдiстердi педагогтың бiлiктiлiгiне қарай пайдалана бiлу үшін қолданылады.



Бейне әдістері. Демонстрация әдiсi иллюстрация әдiсiмен тығыз байланысты; заттарды көрсетiп және қабылдау, плакаттардың көмегiмен символдар түрiнде, олардың процестегi құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. кеңiнен қолданады. Көрнекiлiк iс-тәжiрибеде кеңейiп, небiр жаңа құралдарды өмiрге келтiрiп жатыр. Түрлi бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т.б.

Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердiң динамикалық және статистикалық ақ түстi және түрлi-түстi мәнiн ашып көрсетедi. Олар анықтамаларды түсiндiру процесiн жеңiлдетедi. Географиялық карта, диаграмма, графиктер, таблицалар бiлiмдi тез сапалы игеруге көмектеседi.

Иллюстрация әдiсiн қолдана отырып, оның көрсетiлу әдiсiне көп мән беру керек. Көрнектi құралдың дидактикалық ерекшелiгiн, оның танымдық процестегi ролi мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалiмнiң алдына қойған мәселесi – иллюстрациялық материалдың оптималды көлемiн анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берiлетiн фотография, диаграммалар, таблицалар мақсатты түрде қолданылады. Қазiргi мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшiн экранды техникалық құралдар кеңiнен қолданылуда.

Бейне әдiс бiлiмдi игертiп қана қоймайы, оны бақылауда, бекiтуде, қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметтi кеңiнен атқарады.

Берiлген әдiс акпаратты көрнектiлiкте қабылдауға негiзделген, индуктивтi түрде, жеке дедуктивтiк жолдармен бiлiмдi игеру, оқушылардың түрлi деңгейдегi танымдылық және өздiк жұмыс жүргiзу белсендiлiгi, таным процесiн басқарудың түрлi тәсiлiн қолдануды қарастырады.

Мына әдiстен гөрi кешендi дидактикалық технологиясы берiлген. Оқыту процесiнде әдiстi пайдалану, оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекiлiк ролiн көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетiн, мұғалiмдердiң еңбегiн жеңiлдету,босаған уақыт бiлiмдi бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексерудi т.б. қамтамасыз етедi. Сонымен қатар керi байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, үлгерiмдi объективтi есепке алуды ұйымдастырады.

Бейне әдiс дидактикалық және тәрбие мiндеттерiн шешедi. Бұл әдiс:

-жаңа бiлiм беруде, күрделi бағытталатын өте баяу процестердi (өсiмдiктi өсiру, сұйық заттың диффузиясы, заттың кристалдануы, тау жыныстарының қыртысын), яғни құбылыстардың мәлiметiн ашып көрсете алмаудағы жылдам процестердi бақылау,

-күрделi машина мен механизмдердiң ықпалын динамикалық принципте түсiндiру;

-түрлi iс- әрекет түрлерiн алгоритимде орындалуын оқыту;

-шет тiл сабақтарында арнайы орта құру;

-тарих, этика, қоғамтану, әдебиет сабақтарында өмiр мен бiлiм байланысын бекiту, сабақтарда бейне құжатты қолдану;

-тест өткiзудi ұйымдастыру;

-алдын - ала жұмыстар, жаттығулар, модельдеу, қажеттi өлшемдi жасау;

-жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткiзуге жағдай туғызу;

-сыныптағы әр оқушының үлгерiмiн, бiлiм берудiң дифференциялық жағын ұйымдастыруды компютерлiк есепке алу;

-оқыту процесiн рационалазациялау, педагогикалық басқару сапасын көтеру жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптималды жеткiзу көлемiн қамтамасыз етеді.

Берiлген әдiстiң сапасы видео мен техникалық құралдарды қолданумен тiкелей байланысты. Видео оқыту әдiсiн ұйымдастыруға қатаң талаптар қояды, олар нақтылығымен, қарастырылып таңдалуымен, мақсаттығымен ерекшеленедi. Мұғалiм оқытылатын мәселе төңiрегiнде оқушыларды кiрiстiре алудағы біліктілігін, олардың iс-әрекетiн бағыттай отырып, жалпы қорытындылар жасап, өзiндiк жұмыс процесiнде жеке дара көмек көрсету керек.


Машықтық әдістер.

Жаттығу. Жаттығу–ол оқыту әдiсi, жоспарда ұйымдастырылған бiрнеше рет қайталанатын iс-әрекет, бiлiк пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалады.

Кәдімгі жағдайда жаттығулар түсіндірілген, арнайы, еркiн болып бөлiнедi.

Арнайы жаттығулар – бiрнеше рет қайталанатын, оқыту және еңбек бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығу. Егер арнаулы жаттығуларды бұрын-соңды қолдануға ендiрсе, онда олар еркiн жаттығулар деп аталады.

Еркiн жаттығулар ертеде қалыптастырылған дағдыларды қайталау мен бекiтуде қолданылады. Еркiн жаттығусыз дағды ұмытылады. Түсіндірілген жаттығулар оқытуды белсендендiруге, оқу тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл жаттығулардың мәндiлiгi мұғалiм мен оқушылардың орындалатын iс-әрекеті негiзiнде материалдар жақсы қабылданады.

Ауызша жаттығулар тiл мәдениетiн дамытуда және логикалық ойлауда, оқушылардың танымдық жағдайларында кеңiнен қолданылады. Ауызша жаттығулар оқу мәдениетi техникасын игеруде, ауызша санауда, әңгiмелеуде, бiлiмдi логикалық түрде мазмұндауда, тiл, әсiресе шет тiлдерiн игертуде үлкен роль атқарады. Ауызша жаттығу оқушылардың даму деңгейi мен жас ерекшелiктерiне байланысты күрделенiп отырады. Жазба жаттығулар (стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық диктант, мазмұндама, конспектi, есеп шығару, iс-тәжiрибенi жазу т.б.) бiлiк пен дағдыны дамытуда қолданылады. Жазба жаттығулар графикалық жаттығулар мен математика, физика, сызу, география, сурет, сонымен қатар өнеркәсiптiк бiлiм беруде қатар жүредi.

Лабораториялық – практикалық жаттығулар еңбек құралдарын игеру дағдыларына, лабораториялық (приборлар, өлшеу аппаратурасы), конструкторлық-техникалық бiлiгiн дамытуға бағытталған. Өндiрiстiк-еңбек жаттығулары, ол оқыту немесе өндiрiстiк ерекшелiктегi жүйеде арнайы дайындалған еңбек iс-әрекетi. Олар жәй және күрделi болып бөлiнедi. Жәй жаттығулар олар жеке еңбек тәсiлдерiн орындау, ал күрделi жаттығуда өндiрiстiк iстерiн немесе олардың бөлiктерi (станокты қосу, деталдарды) жасауда қолданылады.

Лабораториялық әдiс. Жұмыс жасауда бiлiк және дағдыны игертуде, практикалық бiлiгiн қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл әдіс өлшеу және есептеу, нәтижесiн салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын iздеу және белгiлi жолдармен тексеру үшін өте қолайлы.

Лабораториялық әдіс көрнекілік және басқа да машықтық (практикалық) әдіс қосындыларымен жүзеге асырылады. Сондықтан да жаттығу мен дмонстрацияға қандай талаптар қойылса, оған да дәл сондай талаптар қойылады.



Проблемалы лабораториялық (зерттеу) әдiс. Зерттеушілік болжамды іздестіру, оны дәлелдеу жолдарын көрсету, керекті материалдар мен құралдарды оқушылардың өздерінің таңдай білуіне жол көрсетуімен ерекшеленеді. Лабораториялық әдіс күрделі, ол сондай-ақ арнайы, қымбат құрал-жабдықтарды және мұғалім мен оқушының тыңғылықты дайындығын талап етеді.

Оқу-лабораториялық зксперимент оқу лабораториясында бұрын ғылымда белгілі болған нақты процестер мен шешімдерді мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті арқылы еске түсіруі болып табылады. Осы арқылы алынған білімді есте жақсы бекіту, табиғатта және өндірісте болып жатқан білім-білік дағдылары, осы білім-білік дағдыларына байланысты олардың нәтижесі мен қалыптасуы жүзеге асырылады. Лабораториялық жұмыстың оқыту-дамытушылық тиімділігі – оқушылардың өздерінің шығармашылық күштерін белсенді түрде жұмылдыра көрсетуінен байқалады. Әдістің тәрбиелік маңызы оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін табуында жатыр.

Машықтық әдіс.

Машықтық жұмыстар бес кезеңге бөлiнедi. Бұнда оқушылардың танымдық iс-әрекетi тәжiрибе сабақтарында тексерiледi.

а) мұғалiмнiң түсiндiруi, жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету;

ә) көрсету (инструктаж);

б) жұмысты жасап көру (екi-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате жiберiлсе қалған оқушылар бақылау жасап, мұғалiммен бiрге қатесiн түзеуi);

в) жұмысты әркiмнiң өзi орындауы;

г) бақылау, оқушылардың жұмысы тексерiлiп, бағаланады. Орындалу сапасы ескертiледi, уақытты, материалдарды үнемдеуi, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы (Е.Я. Голант) бақыланады.

Машықтық әдiс басқаларға қарағанда оқушыларды тапсырманы жауапкершiлiкпен орындауға үйретеді, олардың бойында үнемді, шаруаға бейiм сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады. Оқушылардың еңбекке деген ықыласын, жан-жақты дағдыларын қалыптастырады. Орындалатын жұмыстың мақсатын, мiндеттерiн талдау және оның шешiмiн табу, жұмыстың жоспары және кестесiн құру, материалдар мен инструменттердi дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қорытындыны талдау кіреді.



Өзіндік оқу жұмыстары. Өздік оқу жұмысы – бұл оқушының бүкіл құрылымдық компоненттерінде, яғни мәселе қоюдан бастап, бақылау жасауға дейін өзін-өзі басқару және түзету орнатуға дейінгі белгілі бір дәрежедегі дербестік болып табылады. Өздік жұмысты ұйымдастыруға нұсқау:

– оқушының берілген есептің айқындылығы мен маңыздылығын түсіну арқылы тапсырмаға даган қызығушылығы болуы керек;

– мұғалімнің алдын-ала өздік жұмысқа керек материалды дайындап алуы;

– тапсырманың қиындығы, оны бүкіл оқушылардың шешу мүмкіндігіне байланысты болуы;

– жеке топтардың дайындығы мен табыстылығана байланысты дифференциалданған материал берген дұрыс;

– жұмыс тексерілген, қателері түзетілген, нәтижесі бағаланған болуы шарт.

Өздік жұмыстың оқыту нәтижесі баланың материалды жинауынан, оның жеке ойлай білу тәжірибесінен, бағалауынан байқалады. Дамытушылық тиімділігі шектен тыс белсенділік пен психикалық күшті қайтаруымен қамтамасыз етіледі. Адамгершілік, шыдамдылық, жауапкершілік сияқты ізгілік тәрбиесі қалыптасады.

Танымдық ойындар. Танымдық (дидактикалық) ойындар – оқушылардың өздерi шешiмiн табатын, модельдейтiн, арнайы ситуациялар құратын ойындар. Негiзгi мәнi – танымдық қызметтi стимуляциялау. Оқушылар ойынға белсендi түрде қатысады. Ойындарға тоқталатын болсақ: математикалық, лингвистикалық ойындар, саяхат-ойыны, электронды викторина түрiнде, тақырыптық жинақтармен ойындар, “Конструктор”, “Шеберлер”, “Жас маман” т.б.

Кейiнгi кезде стимуляцияланатын ойындарға түрлi әдiстердi, идеяны күрделендiрулер енгізілді. Осындай күрделенген ойындар арқылы оқушылар мәселенi жан-жақты талқылауға барынша атсалысады Бұл ойындар іскерлік ойындар деп аталып жүр. Мұндай ойындарға рөлдік ойындар жатады. Нарықтық кезеңге байланысты сабақта «Банк», «Парламент», «Пресс-конференция» деп аталатын ойындар белсенді рөл атқаруда. Бұл ойындарды материалдарды бекіту кезінде пайдалануға болады.



Ситуациялық әдіс – нақты жағдайдағы алынған мақсатты шешу жолында белгілі басқа әдістердің ешқайсысы тез және тиімді шешу мүмкіндігін бере алмаған кезде қолданылатын аралас әдістердің жиынтығы. Сондықтан да бұл әдіс шығармашылық, қалыптан тыс деп аталады. Сондай-ақ бұл әдісті барлық педагогтар бірдей мойындай бермейді. Берілген әдісті таңдау және қолдану кезінде басты рөлді ситуация (жағдай) атқарады. Бұл әдіс белгіленген мақсатқа жету үшін жағдайдан тыс шешімдерді қабылдауға. дәстүрден тыс жолдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Педагог бұл шешімдерден туындайтын ойластырылған себеп-салдарды алдын-ала көре білуі қажет. Берілген әдіс педагогтың өзіндік шығармасы, шығармашылық қолтаңбасы, педагогикалық үрдіске сүйенген өзіндік көзқарасы мен түсінігі болып табылады.

Инсцензация әдiсiн түрлi формада, мысалы, алдынала дайындалған диалог, нақты тақырыпқа арналған дискуссия, театрланған көрiнiс формасына пайдалануға болады.



Генерациялау әдісінде (“идея әдiсi”) ми қызметi арқылы (мозговая атака) қатысушылар қиын мәселеге көңiл аударып, өздерiнiң идеяларын айтып, оның шешiлу жолын қарастырады. Мұны америкалық психолог А.Осборн ұсынған Бұл әдісте (мозговая атака) 5-6 адамнан құрылған топ әрекет жасайды. Бұл топтағылар емін-еркін, ештеңеден, ешкімнен қысылып-қымтырылмайтын, сын және өзара сынды қабылдай білетін, ең бір күтпеген ойдың өзі бақылауға алынатын, топтық зксперт жүргізетін адамдар болуы керек. Әрбір қатысушының өзіне тән көшбасшылық, жаңашылдық, кертартпалық, суретшілдік сияқты айқын, анықтағыш міндеті болады. Бұл әдіс тек қана идеяны бірлесіп талқылау мәдениетіне үйретпейді, ол сондай-ақ адамның шығармашылық потенциалын ашуға жәрдемін тигізіп, ойлау үлгісі мен стереотипін жеңуге үйретеді.

Топтық генерация идеясы әдісінің қолданылуына 1950 жылдардың соңы мен 1960 ж. басында америкалық психолог У.Гордонның талқылауымен ұсынылған қатысушының ауыспалы (метафоралы) сезімді-бейнелі ойлауына тұтастай бағытталған ұжымдық-шығармашылық іс-әрекет пен оқу зерттеушілік әдісі синектика негіз болды. Синектика жұмысын ұйымдастыруға келесі кезеңдер кіреді: 1) Мәселенің алғашқы қойылымы. 2) Мәселеге анализ жасау және қажетті хабарларды хабарлау. 3) Мәселені шешу мүмкіндігін түсіндіру. 4) Әрбір оқушының өз түсінігінде мәселені қалыптастыру. 5) Қалыптасқан мәселелердің ішіндегі біреуін бірлесе отырып талдау. 6) Бейнелі ұқсастықтың қозғалысы – синектика үшін шешуші кезең. 7) «Қиыстыру» мәселеге талап қоюда белгілі топтың дайын шешімі. Бірлескен жұмыс кезіндегі эксперттің рөлін мұғалім не дайындалған оқушы орындайды және олардан психо-педагогтік қайтарым талап етіледі.



Дискуссиялық оқыту. Бұл әдiс батыс елдерiнiң оқу орындарында кейбiр мiндеттердi шешуде басқа әдiстерге қарағанда жақсы нәтижесiн көрсеткен.

Әдiстiң мәнi нақты мәселенi шешуде көзқарастар мен пiкiр алмасуда тиiмдi. Дискуссия көмегiмен оқушылар жаңа бiлiмдi игерiп, өздерiнiң пiкiрiн бекiтiп, көз қарасын дәлелдеп шығуға көмектеседi. Оқыту дискуссиясының негiзгi атқаратын қызметi танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметi оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы- бақылау. Оқушылардың алдын ала немесе нақты мазмұнда және формаларды дайындығынан бұрын, лекцияның сапалығы басты роль атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты бiлiм жинау мазмұнды дайындықты қажет етедi. Бiлiмдi баяндау жолдарын анықтауға бағытталады.

Бiлiмсiз өтiлген дискуссия мәнсiз, мазмұнсыз және нақты болмай, қарама- қайшылықты және шашыраңқы. Сондықтан алдымен оппоненттердi сендiру керек. Мұғалiм оқушылардың ойын дұрыс тұжырымдап, сұрақтар келтiрiп, дәлелдер жасай бiлу бiлiгiн дамытуды қамтамасыз етеді.

Дискуссия тек қана гуманитарлық пәндердi тарихты, қоғамтануды этика, эстетиканы, өнердi, психологияны, педогогиканы игеруде ғана емес, сонымен қатар берiлген әдiс физика, химия, биология тағы басқа да пәндердi игеруде де нәтижесiн көрсетедi. Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мазмұнын толықтырып, оны тиянақтап және бекiтуге көмектеседi. Мұғалiм бiлiмнiң жүйесi терең ақпарат алуда, оқушылардың ойлау қабiлетiне әсер етiп, әрi қарай дамытуына бағыт бередi.

Дискуссия элементтерi мектепте екiншi бағытта практикаланып, әдiс толық мағынада жоғары мектептерде пайдаланып келедi. Оқушылар дискуссия арқылы өнермен танысады.

Оқытудың бақылау және өзіндік бақылау әдісі.

Оқыту үрдісінің құрылымында оның бағалаушы-шешуші компонентінің маңызы зор. Жыл бойы оқушылардың оқу үлгерімін тексеру мен бағалау оқытудың белгілі кезеңдеріне тығыз байланысты.



Бұл топқа бақылаудың ауызша әдістері – дербес, фронтальді, тығыздалған сауалнамалар жатады. Соңғысы дара жұмыстардың қателіктерін жоюға негізделген. 15-20 минут аралығында кішкен топтың оқушылары тақтаға қысқа жазулар жазумен, карточкамен жұмыс істеумен айналысса, кейбір оқушылар жауап алушы мұғалімнің орнында болуы мүмкін. Нәтижесінде сыныптың жартысы бағаланса, келесі жолы екінші жартысы бағаланады. Ал мұғалім бүкіл осы жұмыстарды үйлестіріп тұрады. Бақылаудың жазбаша әдістеріне әр түрлі өзіндік қорытынды жұмыстар: диктант, мазмұндама, шығарма, реферат, баяндама т.б. жатады.

Оқытушы сабақ ерекшелігіне байланысты көптеген кестелер мен сызбаларды оқу материалын түсіндіру барысында қолданса, мұны білімді тексерудің графикалық әдісі деуге болады. Бақылау кезінде оқушыларға кесте толтыру, сызба және сызу немесе өтілген тақырып бойынша графикалық жұмыс жасау ұсынылады.



Бағдарламалы оқыту әдiсi. Бағдарламалап оқыту машинасыз немесе машиналық тәсiлде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсiлде оқу материалы программаланған оқулық кiтаптарында берiледi, екiншiде дисплей экранға шығарылады. Оқу материалдарын бағдарламалап оқытудың үш жүйесi бар; бiр бағытты материал кiшкене бөлшектерге бөлiнедi (доза), содан кейiн бiртiндеп игертуге бағытталады. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда тармақталған бағдарламаларға қосымша түсiнiктемелер берiледi. Аралас бағдарлама тармақталған комбинацияда құрылған.

Бағдарламалап оқытуда тапсырмалар мен жаттығулардың орындалуы әр түрлі ерекшелiкте берiлген. Бұндай тапсырмалар оқыту материалдарының әр порциясын игергеннен кейiн берiледi. Үш мақсатта тренажды берген бiлiмдi қабылдау және бақылау жаттығулар мен тапсырмалардың ұйымдастырылу тәсiлi машинамен және машинасыз орындалады. Машиналы тәсiлде жаттығулар мен бақылау тапсырмалары дисплей экранында орындалады. Оқушылар өздерiнiң жауаптарының дұрыстығын бiрден көредi. Сондықтан да бағдарламалап оқыту тиiмдi.

Ең кең тараған бақылауды ұйымдастыру әдiсi. Бағдарламалап оқытуда ұқсас жауаптардан дұрыс жауапты табу ұсынылады. Қазiргi компьютерлер құрылған жауаптарды өздiгiнен талдап, ұсыныс түрiнде, сөз, формула, түрлi бiрлiкте ендiре алады.

Бiлiмдi берудi бақылау.

а) Фронтальды және жеке дара жолдармен сұрақ қойып ауызша бақылау, дұрыс жауап мұғалiммен бiрге анықталады.

б) Жазбаша бақылау аз уақыт немесе көп уақыт аралығында орындалып, сонымен қатар кең диагностикалық анықтамасымен ерекшеленедi.

в) Лабораториялық бақылау сабақ барысында пайдаланатын оқушылардың құралдармен жұмыс жасай бiлу. Бұл iс- тәжірбиелер өткiзуде, эксперименталды жұмыстың шешiмiн шығаруда, биологиялық-географиялық және жазба жұмыстарда өтiледi.

г) Машиналы бақылау. Барлық оқыту пәндерiн кезеңдер бойынша игеру барысында, бағдарлама жасалынып электронды-есептеу машинасы қолданады.

д) Текстiк бақылау машинамен немесе машинасыз өтiледi.

е) Өздiк бақылау-жiберiлген қателердi өз бетiмен тауып алу, дұрыс еместiгiн, оны жою тәсiлдерiн iздестiру бiрлiгiн қалыптастырады.

Оқыту әдiсiн таңдау. Әдiстер өте көптүрлi және шексiз болып келедi. Осыдан келiп оқушылардың оқу-танымдық белсендiлiгiн қалыптастыруда әдiстi таңдап алу күрделi, индикативты қолданылуда байқалады. Мұғалiм оқыту әдiсiн таңдап алуда басшылықты оқушылардың өздiгiнен бiлiмдi игеру мен оқу практикалық даярлығын қалыптастыруға бағыттаса, оқушы жеке тұлғалық ерекшелiгiн ашық шығармашылығын дамытатын потенциальды оқу-танымдық ерекше қасиетiн, зерттеушiлiк iзденімпаз iс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудiң спецификалық таным әдiстерiн таныстыру, жеке дара психологиялық даму ерекшелiгiн, оның табиғи және әлеуметтiк өндiрiстiк ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсiби даярлық деңгейiн, өмiрлiк iс-тәжiрибесi мен мұғалiмнiң шығармашылықтық ерекшелiгiн, оның әдiстемелiк және педагогикалық шеберлiгiн алу керек.

Мұғалiмнiң таңдап алған әдiстерi, жұмысындағы дидактикалық шеберлiгi оқу танымдық стилiмен ерекшеленедi, стандартты емес оқушыны жеке тұлға ретiнде қалыптастырудан жеке дара және инновациялық-шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсендi өзгерiстерге гуманистiк және демократиялық көзқарасын жетiлдiретiндiгiн байқатады. Мұғалiмнiң оқыту әдiстерi басқа да дидактикалық қызығушылығы, оларға оқыту формасы мен принциптерге оқушының бiлiм алуға деген қызығушылығы, оқу тақырыбының көлемiнiң күрделiлігiне, техникалық оқу құралдары мен жабдықтануы, сынып оқушыларының саны мен олардың дене тәрбиесi, психикалық және интелектуалды денсаулығының деңгейi, оқу сабақтарының құрылымы, өзара қарым -қатынас ерекшелiгi, мұғалiмнiң әлеуметтiк-кәсiби жеке басының даярлығы, сонымен қатар басқа да өлшемдер, көрсеткiштер, талаптармен қоса жаңаша технология, оқу танымдылық iс-әрекетте қызмет ету және оқушының жеке тұлғасының шығармашылықта дамуына байланысты.



Өзiн-өзi бақылауға арналған сұрақтар
1.Қазіргі дидактика «оқыту әдісіне» қандай анықтама береді.

2.Оқыту тәсілдері деген не?.

3.Оқыту әдiснiң негізделген классификациясын көрсет?

4.Әрбір оқыту әдiсі қандай белгілермен сипатталады?.

5.Оқыту әдісінің тарихи сипаты неге негізделеді?

6.Барлық оқыту әдістері қандай жалпы функциялар атқарады?

7.Мұғалім мен оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісін қолданды механизмін айтыңыз?

8.Оқу танымдық іс-әрекетті қызықтыру мен ынталандырудан әдістің ерекшелігі неде?

9.Оқу-танымдық іс-әрекетін тиімділігін арттырудағы бақылау мен өзін-өзі бақылауға сипаттама бер?

10.Мұғалім тиімді оқыту әдісін таңдауды қалай іске асырылады?


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Дидактика средней школы /Под.ред. М.М. Данилова., М.Н.Скаткина, М.1975.Гл.5

  2. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М., 1976

  3. Махмутов М.И Проблемное обучение. М., 1975

  4. Паламарчук В,Ф Школа учить мыслить. М., 1986

  5. Пуйман С.А. Педагогика. Основные положения курса. Мн., 2002

  6. Сорокин Н.А. Дидактика, 1974 Гл.6

7. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. М.,1975
Тақырып 20 Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру (1сағат)

Мақсаты: жеке тұлғаны дамыту үшін педагогикалық процеске қатысушыларды өзара әрекеттестірудің маңызды құралы ретінде ұжымдық-танымдық іс-әректерді ұйымдастырудың қажеттілігін негздеу.

Міндеттері :

а) жеке тұлғаның дамуындағы қарама-қайшылықтардың және оларды шешетін механизмдердің рөлін қорғаушы күш ретінде көрсету.

ә) ұжымдық - танымдық іс-әрекеттің мәнін ашу.

б) ұжымдық-танымдық іс-әрекеттердің элементтеріне жұмыстың негізгі түрлеріне сипаттама беру.



Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгеру барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтайды. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу практикалық міндеттері мен білім, білім және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік. Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкес элементтер пайда болады. олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігі. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің оқушыладың тұлғалыққасиететріндамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндікетрі мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргіілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан.

Ұжымдық танымдық іс-әрекетер белгілі бір дәрежеде оқуматериалдарын меңгеруі, оқу барсындағы "осал жерлер" жөнінде оқушыдан кері ақпараттардыжедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндікжасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дасмыту үшін маңызды шартболып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекетер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, ынпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияныңқалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады.Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағытылық пен шығармашылық даралаудыңбірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің мүмкіндікері олардың жеке ғана емес ұжымдықжетістіктеерге жетуге ұмтылу тұрғысында ұжымдық оқу еңбегінің біліктерін меңгертуде,жаңа құлықтық позицияны құруда байқалады, оқудың құлықтықмағынасын тереңдетеді, оқуға дегенжауапкершілікті қатынасты қалыптастырады. Бұл оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетерінің мүмкіндіктерінің ауқымының кеңдігін көрсетеді. Сабақ барысында оқу жұсмыстарын осылайша ұйымдастыру оқушыларды бір-бірімен араласуына, жағдай жасайды, оқушылардың оқу еңбектерінің өнімділігін арттырады, ұжымның және ондағы әрбір оқушының субъекті позициясының қалыптасуына көмектеседі.



Оқу белсенділерінің жұмысы. Ұжымдық танымдық іс- әрекетсабақтажәнесабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсенілігінталап етеді. Оқушылардыңбасым көпшілігібелсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.

Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Оқу кабинеттері нақты пән бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушалардың өзі. Бұлоқубелсенді тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аза ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.

Оқу белсенді тобының мүелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысысынң атқаратын белглі бір қызметі бар.

Атап айтқанда, мұндай жұмысты жүргізу үшін компьютерлік құралды, оқушылардыңпотенциалын белсенді пайдалану қажет. Оқушылардың біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ассистентер мен кеңесшілер маңызды рөл атқарады.


Тақырып 21 Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру (1сағат)
Мақсаты: білім жүйесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекетін айқындау.

Міндеті:

а) «Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігі», «іскерлік әрекеті» ұғымдарының мәнін ашу;

ә) оқушыларды мектептегі танымдық әрекетке апаратын әртүрлі тәсілдерге шолу;

б) педагогтар тәжірибесіндегі оқытудың жаңа идеяларын сипаттау.



Жоспар:

  1. Танымдық белсенділіктің мәні.

  2. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетіндегі белсендірудің құралдары.

  3. Педагогтардың оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру тәжірибесінен.

Танымдық белсенділіктің мәні. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында оқушыны оқытудың белсенді субъектісіне айналдырудағы оқу процесін белсендіруге бағытталған және оны балаға қайта бағдарлаған дидактикалық зерттеулердің көлемі айрықша өсті. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістерді қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына бағыттаған Ж.Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж.Бруннер, Ж.Ганье, С.Эриксонның (АҚШ) т.б. еңбектері куә. Ж.Пиаженің айтуынша, мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамай, шығармашыл және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек». Белсенділік – (қарқындылық, беріктік, төзімділік) білім алушының іс-әрекет пәнімен тікелей араласу дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділігін басқару дәстүрлі түрде белсендіру деп аталады. Белсендіру – бұл оқытушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылығын арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдану әрекеті.

Бұл ой еңбегінің тоқтап қалуын және құлдырауын, енжар және көшірме әрекеттен құтылу үшін, жігерлі, мақсатты оқуға бағытталған тұрақты күнделікті ағымдағы процесс.

Белсенділіктің негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің сапасын көтеру.

Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін екі тұрғыда белігілі болып отыр. Кейбір зерттеушілер танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарайды, ал кейбіреулері – сапа, тұлғалық білім деп ұғады. Бұл мәселені нақтылағанда «танымдық іс-әрекет» және «танымдық белсенділік» ұғымдарын ажыратып жіктеудің теориялық қана емес, тәжірибелік те мақсаты зор. Егер белсенділік пен іс-әрекетті ұқсас құбылыс пен ұғым ретінде қарастыратын болсақ, онда бұндай жағдайда мәселе өзінен-өзі шешіледі, яғни, оқушылардың кез-келген іс-әрекеті белсенді іс-әрекет болып табылады, бірақ бұл олай емес.



Оқушылардың оқу белсенділігінің мәселесі – терең педагогикалық зерттеулердің пәні. Бұны зерттеуге М.А.Данилов, Р.Г.Лемберг, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина, А.Х.Аренова және т.б. үлестерін қосты.

Оқу белсенділігінің әдіснамалық негізі – таным теориясы болып табылады. Танымның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі болып табылады. Тәжірибелік және рухани әрекетте жеке тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Бұл таным процесінің ең жалпы үлгісі. Алайда, белсенді танымның ерекшелігін түсіну үшін, ең алдымен таным процесінің ағымдық сипаты мен субъектінің бір-бірінен ерекшеленген толық бейнесін, таным субъектінің санасындағы шынайы дүниенің бейнеленуінің (репродуктивті және продуктивті) екі деңгейін белгілеу қажет. Таным объектісі (оқу материалы) репродуктивті деңгейде сырттай қалай берілсе, онда сол күйінде қабылданады. Кейбір зерттеушілер репродукцияны бір енжар нәрсе сияқты қарайды, әрине ол шындыққа ұласпайды. Оқушының білімді және әдістерді меңгерудегі мақсатты бағытталған еске түсіру іс-әрекеті оқушылар жағынан әр уақытта белсенді болып келеді, тек бұл белсенділіктің деңгейі әртүрлі болады (мысалы, оқушының шынайы оқу қабілеті жоғары болғанымен, оның төмен көрсеткіш көрсетуі). Сонымен бірге еске түсіру – жаңарту әрекетінің басқа элементтерінің сипаты болуы мүмкін (Т.И.Шамова). Дидактикалық тұрғыдан еске түсіру әрекеті бұрынғы өтілген материалдың бірнеше рет қайталануынан, әртүрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы іске асады. Танымдықтың жоғары деңгейі – бұл нәтижелі белсенді танымдық. Бұған тән ең алдымен субъектінің (оқушының) таным объектісіне (оқу материалына) деген жаңаша қарым-қатынасы. Бұл әрекет барысында ықпал жасау объектісі ғана емес, сонымен бірге оқытудың мақсаты үшін оқушы – субъектінің ықпал жасауы өте маңызды. Белсенді танымдық кезінде оқушы оқып-үйреніп жатқан материалдың мазмұнына тың мәселелерді көтеріп, жаңа

сұрақтар қояды, оны шешуде жаңа әдіс-амалдарды іздейді. Таным процесі оқушылардың құбылыстар туралы терең білуі ғана емес, меңгерілген білімнің және таным процесінің өзіне деген тұлғалық қатынасын қалыптастыру және оны ерекше ұғынуы. Сонымен қатар, белсенді танымдық әрекетте, білімді, дағдыны және іскерлікті меңгеріп қана қоймай, таным нәтижесінне және процеске деген әсерлі – бағалау қатынасын орнату. Оны мына үлгіден көруге болады.Сурет – 1.

Танымдық белсенділік танымдық әрекетпен үйлеспейді. Оны таным процесінің қатынасын білдіретін, субъектінің тұлғалық білімі, психикалық жағдайы ретінде қарастыру қажет. Танымдық белсенділік жеке тұлғаның қасиеті ретінде іс-әрекет барысында көрінеде және қалыптасады. Бұл ұғымдардың арасындағы қарым-қатынасты бірен-сараң сәйкес келу қарым-қатынасы ретінде анықтауға болады. Танымдық белсенділік оқытудың ағымдық сипатын және қарқындылығын қаматасыз етеді. Бұл танымдық іс-әрекетте көрінеді және қалыптасады, бірақ бұл құбылыстар (ұғымдар) ұқсастығын білдірмейді. Танымдық белсенділіктің құрылымында жеке тұлғаның сапасы төмендегідей компоненттермен ерекшеленеді: оқу тапсырмаларын орындауға дайындық; өзіндік іс-әрекетке ұмтылуы; тапсырма орындаудағы саналылық; оқытудың жүйелілігі, өзінің тұлғалық деңгейін көтеруге ұмтылысы және т.б. Белсенділікпен қатар оқушылардың оқуға деген қызығушылығының тағы бір маңызды қыры ашылады, яғни олардың мұғалімдер мен үлкендердің көмегінсіз объектіні, құралды анықтауға байланысты іс-әрекетті жүзеге асырудағы дербестігі. Танымдық белсенділік пен оқушылардың дербестігі бір-бірінен ажыратқысыз: неғұрлым белсенді оқушылар, соғұрлым дербес; оқушылардың жеткіліксіз дербестігі басқаларға тәуелді етеді және дербестіктен айырады.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тәсілдері мен құралдары.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқытудың әдістері мен құралдарын іздестіру проблемасы терең ғасырларға кетеді. Мәселен, жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған. XVII-XIX ғасырдың педагогтары Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский және т.б. оқытушының негізгі міндеті – оқушыларды өз бетінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. Олар дамыта оқыту дидактикасының алғашқы негізін салды. А.Дистерверг былай деп жазған «нашар мұғалім шындықты өзі айтады, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді».

Қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин қоғам қайраткерлері және педагогтар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік іс-әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, өз бетінше ойлай білуге шақырған.Кеңес дидактары мен психолгтары: Л.С. Выготский, Б.Г. Есипов, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Р.Г. Лемберг, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин және т.б. дамыта оқыту мен оқушылардың танымдық әрекетін белсендірудің теориясы мен тәжірибесіне үлкен, зор үлестерін қосты.

Қазіргі кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің әр түрлі амал-тәсілдері өңделді. Солардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталамыз.

1. Іс-әрекеттік тәсіл - оқушыларды танымдық әрекеттің субъектісі ретінде қарастыруды көздейді.Іс-әрекеттік амал-тәсілдері негізіне әрекет теориясы жатады. Оның басты постулаты былай айтылады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің нәтижесі: білімділік, танымдық іс-әрекет тәсілдерін меңгеру, танымдық іс-әрекеттің мақсатын қоя білу, мазмұн мен жұмыс істеуге қажетті тәсілдерді таңдай білу, өзін-өзі бағалай білуі.


Мотивациялық



Негізгі білім жүйесі

Оқу-танымдық іс-әрекет тәсілдері

Мазмұнды теориялық білім

Пәндік білім

Байқау және деректерді суреттеу

Нақты материалдарды талдау

Арнайы кәсіби білім

Қоғамдық бағытқа бейімделу

Өміршең белсенді ұстаным

Танымдық кедергілерді жеңуге ұмтылу

Еріктік

Идеяға сенімділік

Бағалау-нәтижелік

Мазмұндық

Операциялық

Әңгіме

Жинақтау және қорытындылау

э

Қызығушылық


Саналылық





Танымдық мотив
Әлеуметтік мотив
Перспективті талаптандыру мотиві

Өзін-өзі бағалау

Өз мүмкіндіктерін бағалау





Тікелей талаптандыру
Өз бетімен білім алу
Оқу мотивтары


Орындалған жұмысты жүйелеу

Тұлғаның өзіндік жетістігі

Кітаппен жұмыс және т.б.

Сурет 21.1 Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың үлгісі
Қытай даналығында былай делінген: «Маған айт – мен ұмытпаймын; маған көрсет – мен есімде сақтаймын; маған өзіме жасауға бер – мен үйренемін»). Оқыту процесін ұйымдастырушы мұғалім үшін іс- әрекеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі компоненті: мотивтері, мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, түрлері, әдістері және амалдар нәтижесі. Бұл дегеніміз- мұғалімнің көптеген құралдар арқылы оқушының әсерлі –қызығушылығына, ой еңбегіне, тұлғалық-тәжірибелік шамасына әсер ету қажет. Таным әрекетінің барлық осы компоненттерін тек қана мұғалім емес, оқушылар да меңгеруі тиіс.

Педагогтарға іс- әрекеттің міндетті түрде негізгі түрлерін білу қажет, сонымен бірге оқушыларда: оқыту-танымдық, әлеуметтік, еңбек, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру.Бұл іс-әрекеттің барлық түрлері оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады.Осы іс-әрекеттің барлық түрлерін бір-бірімен байланыстыру өте маңызды.



2) Гумандық психология мен педагогиканың идеяларындағы тұлғалық-бағдарлық тәсіл төмендегі ережелерді тірек етеді.( К.Роджерс):

- Индивид үнемі өзгермелі қоғамның ортасында өмір сүреді. Ол үшін қоршаған дүниені қабылдаудың өзіндік әлемі өте маңызды; бұл өзіндік әлемді сырттан ешкім әлі танып білген емес.

- Адам өзін-өзі танып білуге және өзін-өзі іске асыруға ұмтылады;адамның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттілігі болады.Жеке тұлғаның дамуы үшін бірін-бірі түсінуі өте қажет,бұл қарым-қатынас барысында жүзеге асады.

- Өзін-өзі жетілдіру, дамыту ортамен ортадағы басқа адамдармен араласудың нәтижесінде іске асады.Адам үшін, адамның өзін-өзі тануы үшін сырттай баға беру өте маңызды, бұл тура және жасырын байланыстардың нәтижесінде іске асады.

Тұлғалық-бағдарлық оқыту жағдайында мұғалім оқушылардың танымдық өзіндік әрекетін негізгі ұйымдастырушысы. Қазіргі кезде тұлғалық-бағдарлық оқыту нұсқалық бағдарламалармен, дифференциялды әдістер мен, шығармашылық, үй тапсырмаларымен оқушылардың оқудан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері арқылы жүзеге асырылады.Солардың ішінде ынтымақтастық педагогика әдістерінің келешегі зор.

3). Оқыту процесіндегі зерттеушілік тәсіл – алдыңғыларымен тығыз байланысты. Дәл соны жүзеге асыру оқушылардың нәтижелі өзіндік танымдық әрекетімен қамтамасыз етіледі,ойлау қабілетін дамытады,өзіндік білім алуға дайындайды. Оқушыларды зерттеушілік ізденіс жұмыстарына тарту үшін әртүрлі эвристикалық әдістер қолданылады (эврика – ізденіс): ізденістік әңгіме, ереже, формула, ұғым, дәстүрлі емес есептерді шешу, өз бетінше қорытынды жасау (мұғалімнің басшылығымен), зертханалық және сарамандық жұмыстар,бақылаулар және тәжірибелер. Мектеп тәжірибесінде сонымен бірге оқу жұмысының жеке, ұжымдық, топтық түрлері тәжірибеге ендірілген (мысалы, «миға шабуыл» әдісі, жоба әдісі және т.б.).



Проблемалық оқыту – зерттеушілік-ізденіс – танымдық іс-әрекеттің маңызды құралы. Проблемалап оқытудың негізгі көзін Сократтың эвристикалық әңгімелерінен көруге болады, яғни әңгіменің қисынды құрылуы және сұрақтардың көмегі арқылы өзінің шәкірттерін қарама-қайшылыққа және біртіндеп қажетті қорытындыға алып келген. Ойлаудың эвристикалық тәсілі бойынша (Ю.Н.Кулюткин); оқыту мен ойлауда проблемалық жағдай туғызу (А.М.Малюткин); проблемалап оқыту И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, В.Н.Максимова, В.Оконь т.б. ізденістік-зерттеушілік міндеттерді, стандарттық міндеттерді шешудегі оқушылардың танымдық әрекеті бұрынғы жүріп өткен жолдардан, үлгіден басқаша екендігін педагогтар мен психологтардың қазіргі заманғы зерттеулері нақты дәлелдеп отыр. Ізденістік іс-әрекет бірқатар жағдайда қарқынды, қызу жүреді, онда эмоционалдық процесстер бірқатар айқын көрінеді, шарықтау шегі кейде шешімді, таңдауды іздеуге және шамалауға әкеліп соғады (О.К.Тихомиров). Проблемалап оқытудың негізгі мәні оқыту процесінде ерекше жағдайат туғызу, яғни оқушы қатынаспай қалмайды, мұғалімнің көрсеткен бағытына сүйеніп қана қалмайды. Проблемалық жағдаятта оқушының меңгерген білімі мен алдыңғы шешілетін міндетінің оның білетін шешімдері мен оны шешу міндеттері арасында қарама-қайшылық айқындалады. Проблемалап оқытудың алгоритмі мәселені қоюдан және саналы түсінуден, болжамды тудырудан, оларды білізді тексеруден, сонымен қатар мәселенің шешілуінің дұрысытығын тексеруден тұрады. Бұған пікірталастар, эвристикалық әңгімелер, проблемалық баяндау және т.б. қолданылады.

4) Алгоритмдеп оқыту тәсілі негізіне белгілі бір міндеттерді орындауға қатаң нұсқаулар қажет. Егер, оқушы типтік есептерді шешудің қайта-қайта жаңа жолдарын іздеуде әр кезде қателер мен сынақтың ұйымсыз жолдармен жүргенде оқыту процесі өте шаршататын тіптен ауыр болар еді. Оқушы бұрыннан белгілі математикалық амалдардың толық сандарын, бөлшектерін пайдаланады; алдын ала жазылған сөйлемдерді талдауда тілді меңгереді. Алгоритмдер мен ұйғарымдардың жүйесіздігінен адам өзінің іс-әрекетінде қарапайым автоматтар мен техникалық құралдарды да пайдалана алмайды (компас, телефон т.б.). Оқыту әрекетінің алгоритмдері оларды ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды, жеңіл, жылдам орындауды жүзеге

асырады, сондықтан танымдық іс-әрекет субъективті анық объективті нәтижелі болады. Алгоритмдеу программалап оқытумен тығыз байланысты, оның мәні нақты хабарламаның таңдауынан тұрады, ал оқушыға аз мөлшерде беріліп отырылады. Қадам қозғалысы сайын есептің шешімінің түсінікті, түсініксіздігін, меңгерілген, меңгерілмегенін, шешілген, шешілмегенін бірден көруге болады. Алайда бағдараламап оқытудың талассыз ерекшеліктеріне қарамастан бұл тәсілді жалғыз және әмбебеп деп қабылдауға болмайды. Егер, бала тұрақты, бағытсыз сабақтан сабаққа бағдарламаланған оқулықтың мәтінінің соңынан ілессе, немесе оқыту машинасымен жұмыс жасаса, онда бағдараламап оқыту жағдайында оқушының ынтасы төмендейді.

5) Оқытуды компьютерлеу. Компьютер дегеніміз – маманның еңбегінің нәтижесін сапалы өзгертіп отыратын құрал. Адамның танымдылығының құралы ретінде ЭВМ-ның қолданылуы, білімді пайдалану мен жинақтаудың мүмкіндіктерін кеңейтеді, ойлау әрекетінің жаңа формаларын дамытуға жағдай жасайды, оқыту процесін қарқындандырады.

Бірінші сатыда компьютер оқу әрекетінің пәні болып табылады, оны меңгере отырып, оқушылар осы машинаның жұмысы туралы білім алады, дағды-білігіне үйренеді, оператор жұмысының дағдыларын меңгереді. Екінші сатыда компьютер оқу есептерін шығарудың құралына айналады. Компьютер оқытуда пайдаланатын қосымша техникалық құрылым ғана емес, сонымен бірге ол тиісті жоспарлауды қамтамасыз етеді. Бұл жерде мәселенің бір жағын – құрастыру және ЭВМ-ді қосуды көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып – инженер орындайды, ал екіншісін – педагог; себебі ол есептеу машинасының жұмысына қонымды негізделген дидактикаға сәйкестендіріп

адам әрекетін реттейді. Оқытуды жалпы компьютерлеу үшін алгоритмді ойлау қасиеттерін меңгеру керек.

Компьютердің келесі бір қиындығы оның құрамы дидактикалық жүйеден басқалармен қатар тұрғандығында (мақсаттары, мазмұны, әдістері, оқушы мен мұғалімнің әрекет тәсілдері). Бұлар өзара тығыз байланыста, біреуіндегі артынан екіншісі жетектейді. Сол себепті мектеп сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы есептеу машиналарының орнығуы компьютерлеудің соңын емес, басталуын, яғни оқыту технологиясының жүйелілігін көрсетеді. Гигиеналық нормаларды сақтамаудан компьютермен жұмыс істеу барысында оқушының денсаулығына үлкен зардабын тигізетінін де естен шығармау керек. Сонымен бірге компьютермен жұмыс оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының орнын толықтыра алмайды.

6) Қазіргі мектепте дифференциалдап оқыту кең көлемде қолданылады (И.Э.Унт, Е.А.Рабуньский т.б.). Бұл жерде маңызды тәсілдің аясы оқушылардың әртүрлі білімнің дамуының көкейкесті деңгейіне сүйену, сонымен бірге «жақын арадағы дамудың зонасын» біртіндеп әрқайсысын жетілген білімнің жаңа тәсілдерін меңгеріп алу. Бұл тәсілдің қиыншылығы – білім бағдарламасын, дағды мен білікті, пәндік жүйеде әрқайсысы меңгеру

керек. Бұл меңгерудің деңгейі әртүрлі дәрежедегі оқушылар үшін жоғары болу керек (әлді, әлсіз, орташа). Бұл тәсіл есту, көру, сөйлеу және қабылдау кемістігі жоқ әрбір оқушының барлық нақты танымдық әрекеттінің жоғары деңгейдегі мүмкіндіктерін меңгерудің негізін қалауы. Қазіргі мектептерде, оқушылардың әртүрлі дәрежесіне бағытталған оқыту тапсырмаларын дифференциалдап оқыту жағдайында не мұғалім бере алады, не болмаса оқушылардың өздері таңдауға болады. Кейбір қиындық тудыратын жағдайларда мұғалімдер үшін маңызды мүмкіндік оқушы талабының деңгейін анықтау ғана емес, оны алдыңғы қателіктерден сақтандыру, оқушының мүмкіндігіне қарай есептерді шешуді ұсыну болып табылады. Бірақ та дифференциалдап оқыту (универсалды) әмбебап тәсіл бола алмайды, себебі оқыту процесіндегі оқытудың басқа да маңызды қорларының оқушылардың дамуында бағалы да мәнді екені белгілі. Сонымен оқушылармен жүргізілетін барлық дәрежедегі жаппай жұмыс олардың жеке мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін көрсете алатын маңызды құрал болып табылады. Бұл жерде оқушыға басқалардың еңбегінің нәтижесін көрсететін және жеке қабілеті мен білімінің құндылығын танытатын кері байланыс та іс жүзіне асырылады.

7) Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл. Белгілі жарық көрген педагогикалық әдебиеттерде қарым-қатынас проблемасы, оқыту процесіне қатынасушылардың өзара байланысы қарастырылды (М.Д.Виноградов, Н.С.Дежников, И.Б.Первин, Х.И.Лийметс, Г.Кусайнов, Н.Н.Хан т.б.). Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекеті – бұл оқушылардың біріккен іс-әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде өзара

қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді (Н.Н.Хан).

Ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процессте жүріп отырады. Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек тоериялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді (ассистенттер, консультанттар, кітапханашылар т.б.). Сонымен қазіргі дидактиканың ұсынып отырған әртүрлі ізденіс тәсілдері оқыту процесінің қайнар көзін ашуда қазіргі уақыттағы міндеттерді шешуде, барлық мүмкіндіктері бар тәсілдердің ақиқатына әлі де болса толық жауап бере алмайды.



Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы. Қызығушылық (латынша interest – мәні бар, маңызды) – адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығушылықты субъектінің өз әрекетіне оң бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.С.Выготский: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек» , - деген.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс-әрекеті мен әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Оқушылардың қызығушылығы олардың мұғалімге деген қатынасына да байланысты. Жақсы көрген және сыйлайтын мұғалімдерінің пәнін оқушылар қызығушылықпен оқиды. Танымдық қызығушылық балалық әуесқойлықтан басталады, алайда ол тез арада жарқ етеді де, солайша кенеттен сөніп қалады. Терең білім беруді бұндай әуесқойлық негізінде ұйымдастыруға болмайды. Баланың әуестігін ояту үшін тартымды бастау, әсерлі сюжет, оқиғаның күтпеген арнаға түсуі, мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану ұсынылады.

Танымдық іс-әрекетке деген қызығушылықты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; «қауіп-қатер балаларының» диагностикасы; үлгермеушілікті болдырмау; оқу материалының мазмұны (тарихи сапарлар, өмір тәжірибесінен мысалдар, мемлекет стандарт шегінен асу т.б.); білім берудің әртүрлі формалары мен әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану; мұғалімнің оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пікірі; ақыл-ой қабілеттілігі мен жалпы оқу бірліктерін дамыту.

Олардың кейбіруін нақтырақ қарастырайық.

а) Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік – адамның белсенді іс-әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық

және жасөспірім шақта – басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз немесе әлсіз болғанда көрініс деңгейін табады. Үлгерімі нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген қызығушылығы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсенділігі нөлге дейін төмендеп кетеді.

ә) Оқушылардың артта қалуының алдын алу, қиыншылықтарға тап болғандардың бәріне көрсетілетін әртүрлі көмек – оқу процесінің нәтижелілігін арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға көмектесуде жеке-жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.

б) «Тәуекелшіл-балалар»(детей риска) диагностикасы және олардың оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген, бірінші категория – «қалыпты балалар» категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномалды балалар – дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді, осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез-құлқындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе «тәуекелшіл балалар» деп атайды. Олардың бойында дене және психологиялық дамуында көзге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың, мектеп жасына жеткен кезде, мектепте жақсы оқу үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары байқалмайдаы. Денсаулығыныі әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша «тәуекелшіл балалар» бастауыш мектеп оқушыларының 20%-ке жуығын құрайды.

«Тәуекелшіл балалармен» жұмыс кезінде баланың даралық ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс негізінде бірнеше негізгі принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену; мақсатты және оқушының оны орындай алуын нақты анықтау; үздіксіз кері байланыспен қаматасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ оның оларға жетуге деген талпынысы мен ықыласына әрдайым оң баға беру. Осы принциптердің жиынтығы оқушыға жетістік ахуалын және толғаныс сезімін кешуді қамтамасыз ету керек, ал ол себеп-сылтау өрісін жоқ қылатын жетіссіздікке бой ұру қаупі бар баланың танымдық белсенділігінің басты шарты болып табылады.

в) «Жасырын үлгермеушілікті» жеңу. Танымдық белсенділік тек сабақта артта қалған оқушыларда ғана төмендейді. Ол дарынды балаларда да төмендеуі мүмкін, егер мұғалімнің сабақ беру деңгейі олардың қабілеттілігі мен қажеттіліктерінен төмен болса, мұндай жағдай «жасырын үлгермеушілік» феномені пайда болады, яғни қабілетті баланың оқу

нәтижелері оның мүмкіндіктерімен сәйкес келмейді.

Көптеген зерттеулер дарындылық ұғымын кеңейтеді, оның «ақыл-ой күші», «ой өрісінің жоғары көрсеткіші» сияқты бірыңғай түсіндірмесінен әлдеқайда алшақтатып жібереді. Дарындылық қызығұшылық тұрақтылығы, мақсаттылық, өз күшіне деген сенім сияқты даралықтың, жеке тұлғалықтың көптеген сипаттамаларынан тұрады. Соңғы он жылда әртүрлі әдістердің көмегімен дарынды балаларды іздеу өрісі едәуір кеңейді. Жекеменшік және арнайы мектептермен қоса жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балаларды табу мен оқытудың жүйесі қарқынды қалыптасып келе жатыр. Оның қалыптасуына үкімет заңдары, жарлықтары, мемлекеттің қаржылай көмегі де жағдай жасайды. Мысалы, 1998 жылдан бастап Қазақстанда «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік Орталығы қызмет жасап жатыр, бұл Орталық дарынды балалармен жұмыс жйүесін қарастырады.

г) Профильдік оқыту, көбінесе, профильдік саралау негізінде білім берудің жоғары сатысында жүргізіледі. Профильдік оқыту келесі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін: кәсіптік білім беру мекемелері, сыныптары, топтары.

Профильдік оқыту (жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық-филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, физика-математикалық, көркемдік-эстетикалық т.б.) оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттілігін, сондай-ақ, білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымының мүмкіндіктерін, жергілікті білім беру жүйесінің құрылымын және әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізіледі. Мектептің жоғары сатысының кәсіптік сипаты білім берудің мемлекеттік стандартының негізінде лайықты бағдарламалар, соның ішінде авторлық бағдарламалармен жүзеге асырылады.



Педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендіру. Оқытуды қазіргі заман тұрғысынан талдайтын болсақ, олардың бәрін, қазіргі қоғамның аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесі идеясы біріктіріп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрі оқушыны танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі ретінде қалыптастыра алады. Өзінің себеп-сылтауларымен, ынтасымен, қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерімен, жан-жақты негізді білімдарлыққа деген талпынысы мен мүмкіндіктерімен қалыптасып келе жатқан жеке тұлға қазіргі дидактиканың орталығына айналады. Оқудың мақсаты – адамның білім қазынасын көбейту ғана емес, тіптен адам өзінің аман-есен өмір сүруі үшін сол білімдерді пайдалана алады. Баланы өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек, ондай жеке тұлға үшін ғылым, білім, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп, өмір мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады. Ақиқат пен жақсылыққа деген ынтасын ояту,оқушыны – біздің шәкіртімізді ақиқатқа жету тәсілдерімен, құнды бірліктерімен қаруландыру, іс-әрекеті мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзінің өнегелілік қатынасын білдіру, сондай-ақ – оқушыға білім беру, дамыту және тәрбиелеу бір арнаға бағытталып жатқан қазіргі заманғы оқыту процесінің мәні, міне осында. Ең бастысы, қазіргі қоғамға өз пікіріне берік, жаңа қоғамдық қатынасты дамытушы керек. Идеялық-адамгершілік қоғамдық бағыттылық оның ниетін, ынтасын, өмірлік жоспарын белгілеуі керек. Оқытудың әлеуметтік мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.

Жоғарыда аталып өткеннің бәрі шебер мұғалімдердің тәжірибесінде көрініс тапқан (Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, В.Ф.Шаталов, К.Бітібаева, К.Нұрғалиев, Р.Б.Нұртазина, А.Ысқақова т.б.). Олардың жаңашыл ізденістері Кеңес Үкіметі кезінде-ақ басталған. Қазіргі уақытта мұғалімнің таңдау мүмкіндігі бар кезде педагогтар шығармашылығы кең өріс алуда. Бірақ, өткен жылдардың педагогтарының иедялары мен технологиялары әлі де өз күшін жойған жоқ.

Әрбір педагогтің тәжірибесі бірегей болса да, олардың ортақ идеялары да бар, олар:


  • балаларға деген ізгілікті тұлғалық қатынас, әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау;

  • оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат-мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін, жанұя өмірінің жағдайларын тани білу;

  • оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәрбиелеу процесінің әріптесі қылу, баланың тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;

  • оқушыларға қиынырақ мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;

  • балалар ұжымына сүйену: сабақ – ұжымдық еңбек, мұғалім мен балалардың ұжымдық шығармашылығы;

  • оқушыларға мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере білу;

  • бағдарламалық материалды ірі блоктарға біріктіру және тірек-сүйеніштерді пайдалану (тірек ишаралар, сызбалар, кестелер т.б.);

  • оқушылардың ұжымдық және даралық өзін-өзі талдай білуге қатыстыру;

  • оқушылары ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету.

Педагогтардың осы идеяларын ынтымақтастық педагогикасында біріктіруге болады. Алайда, ынтымақтастық идеясы жай сөз ретінде қалмас үшін оны әдістемемен бекіту қажет. Балалармен ынтымақтастықты жаңа тоқсаннан бастап жариялауға немесе енгізуге болмайды, оған жылдар бойы жету керек. Ынтымақтастық педагогикасы балалармен қарым-қатынас кезінде оларға деген қатынастың өзгеруінен пайда болады.

Педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқытудың негізгі формасы – сабаққа ерекше көңіл бөлінеді. Ол айтарлықтай өзгерген және мектептегі балалардың дербестігін, шығармашылық белсенділігін дамытуға деген бағыттылығына негізделген жаңа формалармен толықтырылған. Сабақты сақтай отырып, қазіргі мектеп оған жаңа бағыт береді, оны басқа формалармен толықтырады, ол формаларда оқушы білімінің өз бетінше, дербес «табыскері» ретінде көрінеді.

Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын шеберлікпен пайдалана отырып, ұстаздардың белсендіру әсерін жүзеге асырады,онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя білуі; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіуі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін ойластыруы; танымдық міндеттердің шешімін өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы жүзеге асырылады.

Жаңашыл педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқыту әдістері өзгеріп отырады. Ұзақ уақыт бойында мектеп, оқыту процесінің елеулі бөлігі болып табылатын әдістерің алуан түрін жинақтаған. Алайда олардың ара қатынасы, артықышылғы, нақты толысуы мектептің мақсаттық бағыттарына қарай өзгеріп, артықшылығы, нақты толысуы мектептің мақсаттық бағыттарына қарай өзгеріп отырады. Балалардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытудың міндеттерін бірінші орынға кою дәстүрлі әдістерге елеулі өзгерістер енгізіп, жаңаларының пайда болуына жағдай жасайды.

Ауызша баяндау әдістері мектепте, бұрыннан-ақ, басты орын алып келеді. Мұғалім сөзі, оқулықтар – оқыту процесінің бұрыннан келе жатқан құралдары. Алайда, соңғы он жылда олар проблемалық сипатқа ие болып келеді. Проблемалық әдіс ақырындап оқулықтар мазмұнын өзгертіп келеді. Фактілерді эпикалық түрде баян етудің орнына оқу материалы көкейкесті ғылыми және әлеуметтік мәселелер төңірегінде топтастырылады, оларды шешудің әртүрлі теориялық әдістері ұсыныплып, оқушылар үшін проблемалық міндеттер мен сұрақтар тұжырымдалады. Оқулықтар құрылымындағы, мұғалімнің оқу материалын түсіндіруіндегі жүйелі проблема қою әдісі оқыту процесінде басты орынға ие болып келеді.

Проблемалық әдіс дәстүрлі көрнекілік және техникалық құралдарда да қолданылады. Теле және бейнежазулар, кино және диафильмдер жағдайлар мен құбылыстардың жай ғана бейнеленуі емес. Олар оқушылардың жануарлар мен өсімдік әлемінің динамикасын, физикалық құбылыстардың пайда болуы мен барысын көріп, басқа елдердегі халықтардың өмірімен таныса алатындай етіп жасалған. Фильмдердегі текстер, проблемалық және пікірталас сұрақтары оқушылардың көңілін қарама-қайшылыққа, қоғамдық және табиғи феномендерді ғалымдардың әртүрліталқылауларына аударады.

Оқу процесінің жаңаруы мектеп лабораторияларындағы оқушылар іс-әрекетінің орнымен мазмұнының өзгеруімен байланысты. 40-шы Дүниежүзілік конференция 1980 жылдары-ақ өзінің ұсыныстарында «оқушылардың ғылыми зерттеулер мен технологиялық даму процестеріне қатысу белсенділігін арттыратын лабораториялық сабақтарға арналған уақыт екі есе көбейтілген, лабораториялық тапсырмалардың мазмұны эвристикалық сипатқа ие болуда. Қатал ережеге негізделген тапсырмалар, көбінесе, оқушыдан шығармашылық әдіс пен өзіндік ойлауды керек ететін ізденіс міндеттерімен алмастырылады.

Оқушылардың өздік жұмысының, оқыту тәсілі ретінде, өздігінен білім алуға, жұмысты жоспарлаудың маңызды дағдыларын қалыптастыруға, оны ұйымдастыру мен өзін өзі бақылауға, ақпаратты талдау мен сараптауға, жалпы қорытынды жасауға, жұмысқа тиісті түзетулер енгізуге дайындығы үшін маңызы өте зор. Өзіндік жұмыстың дәстүрлі түрі – үй жұмысы, оны оқушы мұғалімнің көмегінсіз жасайды. Кейде тапсырма ерекше материал жинастырумен, сұрақ-жауап, бақылау жүргізумен байланысты болып келеді. Мұндай өздік жұмысты проект – жоба дейді. Оқушылар тобы немесе жеке оқушы жобаның тақырыбы мен міндеттерін анықтап, тек мектеп қабырғасында ғана емес, сондай-ақ мектептен тыс та жұмыс істей алады (мұрағаттарда, мұражайларда, қалалық кітапханада, мекемелерде т.б.). Жоба әдісі оқушыны оқу субъектісі етіп қана қоймай, оның қазіргі ақпараттар заманындағы өте маңызды әртүрлі бағыттан келіп түскен ақпаратты жинастыру мен талдау дағдыларын қалыптастырады.

Танымдық және шығрмашылық белсенділікті арттыру міндеті дидактикалық рөлдік ойындардың пайда болуына себеп болды. Эмоционалдық өріске бағытталған олар оқушылардың танымдық ынта-ықыласына, қиялына дем беріп, оқу процесінде аз қамтылатын жеке тұлғалық компоненттердің қызметін арттырады. Бүгінде батыс елдердің коммерциялық фирмалары әр жастағы оқушыларға арналған көптеген дидактикалық ойындар шығарады. Оларды барлық пән мұғалімдері қолданады, әсіресе тарих, қоғамтану, биология пәндері бойынша. Суреттермен, портреттермен, сызбалармен, текстермен жұмыс істей отырып, оқушылар тарихи оқиғада, қазіргі әлеуметтік құбылыста, мектептің аса маңызды мәселесін шешуде «жеңіліске ұшырап қалуы» мүмкін. Рөлдік ойындар мен драматизация ынта-ықыласты оятатын мықты педагогикалық тәсіл ретінде қарастырылады. Ол мұғалім оқушыларға мәселені шешу, қарама-қайшылықтан шығу жолын табу міндетін қойған кезде ерекше нәтижелі аяқталады.

Соңғы жылдары мектептерге жаңа техникалық құралдар кеңінен енгізілуде. Микроэлектроникаға негізделген бір беткей жаңа ақпарат тасушылардың пайда болуымен байланысты ақпарат революциясы соңғы он жыл ішінде мектептің дәстүрін айтарлықтай өзгертті. Болашақ білім беру көбінесе теледидар, аудио және бейне аппаратура, микрокомпьютер сияқты техникалық құралдары қазіргі заманғы ақпарат құралдарын ары қарай пайдаланумен байланысты.

Алайда қандай да керемет техника болмасын, ол мектептегі мұғалім орнын баса алмайды, бұл жағдай ең басты, ең маңызды болып қала береді. Оқушылардың танымдық белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне деген сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым демеп отыруына байланысты. Нағыз мұғалімге мына қасиеттер тән: балаға деген сый мен сүйіспеншілік, оның мүмкіндігіне сенім, оқушының өрлеу, жетістік, өз күшіне сену сияқты сезімдері пайда болатын жағдайлар жасау. Микроэлектрлік техникамен органикалық байланыстағы адамгершілігі мол мұғалім оқу процесі мен мектептің бүкіл кейпін түбегейлі өзгерте алады. Мұндай жағдайдағы оқу бала үшін қиын емес, жаңаны тану, зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің жетістіктеріне жету қуанышына айналады.

Осылайша, кешенді тұрғыда келу ғана оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің практикалық шешімі туралы айтуға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Қазіргі заман мектебіндегі оқушының танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңыздылығын дәлелдеңіз.

  2. «Оқушылардың танымдық белсенділігі», «оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру» ұғымдарының мәнін, олардың өзара байланысы мен өзгешелігін ажыратыңыз.

  3. Оқушының танымдық белсенділігінің құрылымдық компоненттерін атаңыз.

  4. Оқушылардың танымдық белсенділігінде оқу мотивациясының қандай маңызы бар? Оқу мотивациясы ретінде не болуы мүмкін?

  5. Оқушылардың танымдық белсенділігі жалпы оқу және арнайы біліктерді меңгерумен байланысты екенін дәлелдеңіз. Басты, жалпы оқу біліктерін атаңыз.

  6. Оқыту процесіндегі субъект-субъектілік қатынас дегеніміз не? Оқыту процесіндегі іс-әрекеттің субъектісі кім?

  7. Оқушылардың репродуктивтік және продуктивтік танымдық іс-әрекетін қалай түсінесіз? Өз мамандығыңыздың пәні бойынша репродуктивтік және продуктивтік сипаттағы тапсырмалардан мысал келтіріңіз.

  8. Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігін қандай белгілер арқылы білуге болады? Оларды қандай әдістер көмегімен өлшеуге болады?

  9. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің тәсілдерін, формаларын, әдістерін сипаттаңыз. Өз мамандығыңыздыз пәні бойынша мысалдар келтіріңіз.

  10. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдірудің қазіргі дидактикалық әдістерін атаңыз.


Әдебиеттер:

1. Аристова Л.П. Активность учения школьника. М., 1988

2. А.Е.Әбілқасымова Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. Алматы, «Білім», 1994

3. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. М., 1980

4. Горшкова В.В. Активность личности школьника в совместной деятельности с учителем. Пособие по спецкурсу. Хабаровск, 1989

5. Коллективная учебно-познавательная деятельность школьников. /Под редакцией И.В.Первина. М., 1985

6. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика. Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. Астана, 1998

7. Педагогический поиск. М., 1987

8. Пидкасистый И.П., Порожков М.Я. Искусство преподавания. М., 1999

9. Скаткин М.Н. Активация познавательной деятельности учащегося в обучении. М., 1965

10. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997

11. Харламов И.Ф. Как активизировать учение школьников. Минкс, 1975

12. Шамова Г.И. Активизация учения школьников. М., 1982

13. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся учебном процессе. М., 1979

14. Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. М., 1986
Тақырып 22 Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесiн есепке алу мен бағалау (1сағат)
Мақсаты: оқу-тәрбие жұмысының нәтижесiн есепке алу мен бағалаудың негiзгi әдiстерiнiң сипатымен танысу.

Мiндеттерi:

а) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерiн бағалау ұғымын құру.

ә) Мектеп iшiлік бақылау туралы ұғым беру.

б) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерiн бағалаудың әдiстерiн пайдалану бiлiгiн қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет