Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты


Тақырып 7 Педагогикалық процестің заңдылықтары (1 сағат)



бет57/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   213
Тақырып 7 Педагогикалық процестің заңдылықтары (1 сағат)


Мақсаты: Тұтас педагогикалық процестің космпоненттері мен заңдылықтарының арасындағы оның ішкі құрылымын көрсететін байланыстары туралы түсінікті қалыптастыру.
Міндеттер:
А) «Заңдылық» ұғымының мәнін анықтау;
Б) Педагогикалық процестің бөліктері арасындағы тұрақты байланыста заңдылықтардың бейнесін ашып көрсету;
В) Заңдылықтардың нақтылы көрінуінде принциптердің маңызын көрсету.
Жоспар

  1. Педагогикалық процестің заңдылықтары.

  2. Педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымы.

  3. Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар.

Педагогикалық процестің заңдылықтары
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту – тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді.
Мұғалімді дайындау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттері мен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі – құрылымдық сипаттау, алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін-өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т., Афанасьев В.П., Блауберг И.В., Садовский В.Н., және т.б.):

  • қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсатқа ие, оның қызмет атқаруы мақсатқа сәйкестік сипатты білдіреді;

  • жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компоненттерден) тұрады;

  • жүйе тиым салушылық әкелетін ортада өмір сүреді;

  • жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оның қызмет істелуі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

  • жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы және ортамен байланысын көрсетеді;

  • жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;

  • жүйе басқару орталығы арқылы басқарылады (сурет 2)


оқушылар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет