1 " ПЕДАГОГИКА" ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
АБСТРАКТЫЛЫ ЖӘНЕ НАҚТЫЛЫ (абстрактное и конкретное)-философиялық ұғымдар. Педогогикалық ғылымында кеңіне пайдаланылады. Нақтылы ұғымы заттың дамыған бір тұтастығын, мазмұнды жақтары мен байланыстарын, сонымен қатар барлық қажеттерінің бірлігін анық бейнелейтін ауқымды білімдерді белгілейді.
Абстракталы ұғымы нақтылының даму сәтін, бағытын, кезеңін белгілейді. Ол нақтылының дамымаған, қанат жаймаған, біржақты елестетілуі. Ойлауда нақтылы сұрыптаудың барысы, нәтижесі ретінде көрінеді. Шындығында ол –танымның басы,осының салдарынан, нақты пайымдау мен елестетудің негізі болып табылады. Ал абстрактылыққа келетін болсақ, ол- танымның ойдағы нақтылыға қарай қозғалу сәті. Осы қозғалыс барысында обьектінің жеке қасиеттері мен жақтарын белгілейтін бір жақты білім нақтыланады.Яғни обьектінің анықтамалары, қасиеттерімен жақтары жөніндегі білім абстрактылыны сұрыптау жолымен байытылады, айқындала түседі.Бұл сұрыптау обьектінің түрлі жақтарының шынайы байланысын олардың біртұтастығы негізінде көрсететін ғылыми абстрактылауларды бір жүйеге келтіру тәсілі болып табылады. Бұл-абстракталыдан нақтылыға өрлеу әдісі.
Адамның өзіндігі (индивидуальность)-адам тұлғасының қайталанбас ерекшелігі, оның бүкіл адамзаттық құндылықтарды өндіру және жетілдіру қабілеті дамуының жоғарғы саласы. Тіршілік иесі ретінде адам басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жалпы адамзаттық мәдениет мұраларын жасау турлерін, тәсілдерін және құралдарын игере отырып қана өмір сүреді.
Адамға өзіндік тұрғыдан қарау(индивидуальный подход)-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.
Оқытудың жаппай, топтық жеке түрлерін ұштастырып отыруды қалайтын дидактикалық талапқа сәйкес әрбір нақты жағдайдан оқудың жекелік сипатқа ие болудың тиімді деңгейін табу керек. Оқушыға өзіндігі тұрғысынан қарау сабақта және оқуды ұйымдастырудың басқа да түрлерінде жүзеге асады. Бұл мұғалімнің оқушылардың оқу іс-әрекетін, қоғамдық және еңбектік белсенділіктерін, оқуға қатынастарын,жұмыс қабілеттерін тағы.с.с байқау, талдау, әдістерімен зерттеу нәтижелеріне сүйенеді.
Оқушыға өзіндігі тұрғысынан қарау оған берілетін оқу тапсырмаларының көлемі мен күрделігін жіктеуден , ол тапсырмаларды орындауда оған берілетін өз бетіндік әрекеттің деңгейлігінен, бірде мадақтау, бірді талапты күшейту және басқа да оқу себептерінің сипатынан көрінеді.
Адам тұласының бағыттылығы(направленность личности) белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі
Мектеп жағдайындағы оқушы тұлғасының бағыттылығы аға ұрпақ тәжірибеіндегі жинақталған білім,білік , дағдылармен қаруланып қоғамның адал азаматы болуға ұмтылуы, еңбек ету болып табылады.
Азаматтық(гражданственность)-адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.
Қоғам азаматына лайықты азаматтық сананың құлықтық пен құлықтық ережелерін игеру, сезімдері мен тәртібін дамыту барысында қалыптасады. Ол –мектеп, жанұя, еңбек ұжымдары т.б. Әлеуметтік тәрбие институттары жұмысының нәтижесі. Азаматтық адам тұлғасының патриоттық интернационалистік, еңбекке қоғамдық тұрғыдан қарау қасиеті болып табылады.
Ақыл(ум)-ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің шығармалығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетде орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің синониміне ретінде жиі қолданылады.Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі ақыл-ой іс-әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.Бұл қабілеттің басты негіздерінің бірі өзара тығыз байланысты білімдерді меңгеру болып танылады.Ақылдылық-әрбір және бөлінген біртұтастығы көре білу.Ақыл оқу барысында шешімі табылуға тиісті мәселе көтере отырып іс-әрекетке қатынасу күйін туғызу, оқу материалының мазмұнын әңгіме арқылы ашу барысында дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |