Алдын-ала сезіну(интуиция) –адамның дәлелдеудің көмегінсіз тікелей ақыл-ойға салып ақиқаттыққа жету қабілеті. Шындықты алдын-ала сезінуден бұрын игерілген тәжірибенің және алдыңғы болған ақыл-ой жұмысының нәтижесі болуы мүмкін. Бұл тәжірибенің шешілетін міндетпен байланысты.Белгілі кезеңге жеке адаммен ұғынылмайды.Шындықты алдынала сезіну жинақталған тәжірибе оның өзекті ізденіс іс-әрекетімен байла нысқан ғана пайда болады. Шындықты алдын-ала сезіну арқылы табылған жауап лоикалық дәлелдемемен бекітілуі қажет.
Атеизім-дінге сенуді болдырмауға тырысатын ғылыми көзқарастар жүйесі. Ғылыми атеизім философиялық пәндер қатарына жатады, діни көріністерінің негіздері мен себептерін зерттейді.
Атеистік тәрбие (атеическое воспитание)-оқушыларды дүниеге ғылымыи материалистік көзқарастарды, атеистік сенімдерді бекітуге мақсатты және жүйелі әсер ету. Мектеп тәрбиесінда атеистік сенімдерді бекітуге тәрбие берудің көптеген түрлерімен әдістері қалыптасқан. Олардың ішінде балалар мен жас өспірімдерді жанұяда және мектепте тәрбиелеу, ғылыми атеистік үгіт, көпшілікке хабар тарататын құралдарды пайдалану, жаңа салт-дәстүрлерді,әдет-ғүрыптарды өндіру, дінге сенушілер мен сеніміне зәбір көрсетпей, үлкен әдептілікпен жүргізілуі керек.
Атлас-жалпы бағдарламалармен біріктірілген географиялық, саяси экономикалық, тарихи және басқа да оқу қатарларының жиынтығы. Жеке жұмыс жасауға арналған құрал.
Ашық сабақ(открытие занятие)-мұғалімнің жұмыс тәжірибесін зерттеу және тарату түрі. Ашық сабақты өз ісінің шеберлік деңгейіне көтерілген мұғалімдер,тәрбиешілер өткізеді. Оған жас мамандар, пәндік бірлестік мүшелері және басқа да іске қатысты бір адамдар шақырылады. Ашық сабақ ұжым болып талқыланумен аяқталады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетімен жарамды және жарамсыз жақтары айқандалады.
Әдіс(метод)-білім беру тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Біз диалектикалық материялистік дүние тану әдісін башылықа аламыз ол табиғат қоғам ойлау дамуының жалпы заңдарын қамтиды.Бұл жағдайда материалистік диалектикалық басқа ғылымдардың философиалық негізгі негізгі тұрғысынан көрінеді
Әдіскер (методист) жеке пәндерді оқыту саласының тәсілі жақсы және білікті қолдана алатын, соның негізінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін орынды пайдалану. Кез келгекн мұғалім әдіскер болуға тырысады. Ол үшін жан жақты әдіскер болу керек