Мәңгілік ел идеясы ұлттың ұлы мұраты Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел»



Дата23.12.2021
өлшемі22,9 Kb.
#128392
Байланысты:
мәңгілік ел идеясы.
Алғыс айту парызым, контракт, контракт, 2-нұсқа пиза-1, Дәнді дақылдар зиянкестерінің энтомофагтары

Мәңгілік ел идеясы ұлттың ұлы мұраты

Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам.

Адамзат дамуы ең жоғары деңгейге көтерілген қазіргі өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр Қазақстан үшін ерекше кезең. Қоғамда, заманда болып жатқан өзгерістер қазіргі уақытта көптеген өзгерістерге алып келіп соғуда. Кейбір елдер саяси және экономикалық тәуелсіздіктерінен айырылуда. Әр ел үшін тәуелсіздік қазынадай бағалы, сондықтан ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы мен төккен қаны және терінің өтеуімен келген тәуелсіздікті тұғырлы ету мемлекетіміздің ең басты міндеті болып табылады. Осыған орай ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясының басты бағдары ретінде ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясы еліміздің болашаққа барардағы «Ұлттың Ұлы Ұраны» болып табылады.

«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын.

Егемендіктің, тәуелсіздіктің тарихи маңызын тереңінен түсіну үшін, Мәңгілік Елге айналуымыз үшін, еліміздің төл тарихын тереңінен танып, зерттеп-зерделеп, осы ұлы жолдағы ерлік дәстүрімізді ұлықтап, насихаттай білуіміз қажет.Мәңгілік Елдің негізі-тәуелсіздік пен патриотизм. Ел тағдырының мәні азаттықтыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде де ғасырларға созылған тарихы бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп, «қазақ жері» деген ұғымның сақталып қалу жолында ерен еңбектер атқарылды.

Сонау Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік ел» идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, Абылай сияқты тұлғалармен жалғасып, бүгінгі күнге дейін кешегі қиындықтарды бастан кешіріп, өмірін жалғастыруда. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз – “түркі жұртының мұраты – мәңгілік ел” деп өсиет қалдырған. Өткен тарихымызды білу “Мәңгілік ел” құндылықтарының біріне кіреді

“Мәңгілік елдің” 7 құндылығы бар.

Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі. Жоғарыда айтылып кеткендей тәуелсіздік сан ғасырлы арманымыз. Осы тұрғыдан келгенде, мемлекеттік тәуелсіздігіміз-теңдесі жоқ жетістігіміз.

Қоғамымыздағы ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім. Қазіргі таңда Қазақстан көпұлтты мемлекеттің бірі. Қазақстанда 100 ден астам ұлт өкілдері өмір сүруде. Ұлт және ұлттар арасындағы бірлік пен бейбітшілік болашағымыздың ел түріндегі өмір сүруімізде кепіл десек де болады. Біздің Отанымыз бір, ол тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір, тағдырының ортақ.

Зайырлы қоғам және жоғары рухани байлық. Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді. Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.. Зайырлы мемлекет болған сон, таңдаудағы бостандағымыз, біздің рухани жағынан білімді болуымыз маңызды.

Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім. Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз. Индустриалды даму ел экономикасының тұрақтылығы мен өсіп өнуіне алып келеді.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Тарихты білмей, болашақ бұлыңғыр, мәдениет пен тілді білмеу ұлт ретінде құндылығымызды жоғалту. Елдің ең басты қазынасы – тіл. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек. Ал мәдениет ұлтымыздың ұлт ретінде бүкіл әлемге жануымызға себепкер болар.

Мәңгілік Ел, бұл – ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өлең елі патриотының қасиетті парызы болып саналады. Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгермелі отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз. Біз мәңгілік елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз. Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, елді жеткен жаңа биіктерге желбіретін боламыз. Бұл біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз.

Ал енді Мәңгілік ел идеясы біздің болашағымыз десек те қате болмас. Бірақ осындай ауқымды жоспарды жүзеге асыру үшін барлығымыз халық болып атсалысуымыз қажет. «Мәңгілік Ел» идеясы бағзы түркілік тектік-болмысымыздың, асыл тұрпатымыздың, заманауи қайта жаңғыруының, озық, қуатты ел болып гүлденуінің кепілі. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан этностар тұтастығы мен достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.Қазақстанның көп этносты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі - біздің еліміздің ең басты байлығы. Мәңгілік ел идеясы ұлттың ұлы мұраты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет