ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
«Дизайн, текстиль және киім технологиялары» факультеті
«Бұйым және тауар технологиясы мен конструкциясы» кафедрасы
Оқытушының білім алушымен өзіндік жұмысы
Тігін бұйымдары технологиясы пәні бойынша
Тақырыбы: Сәндік тігістерді орындаудың техникалық шарттары
Орындаған: Алпысбаева А.Х.
Тексерген: Кучарбаева К.Ж.
Алматы, 2022жж.
Сәндік әшекей тігістердің түрлерікиімнің негізгі бөлшектерін сәндеуге қолданылады, сәндік тігістерін арнайы тігін машиналарында орындайды. Сәндік тігістерге жай және күрделі қатпар, бүкпе, бедерлі тігіс және су салып жиектеу кіреді. Бөлшек пен бұйымды сәндеуге бекітпе, түймелік, түйме мен ілгек қадау және сәндік инешаншымдар кіреді (1-сурет).
Сурет 1. Сәндік тігістердің түрлері және жіктелуі
Тігін бұйымдарының бөлшектерін сәндеу түрлері үш топқа бөлінеді:
сәндік тігістер;
сәндік ине шаншымдар;
бұйымды уақ түйекпен, бекітпемен, апликация арқылы безендіру.
Бірінші топқа төмендегілер кіреді: қатпар, тігістердің кейбір түрлері, бейка, желбіреуік, желбіршек, рюша және т.б.
Екінші топқа – сәндік шаншымдарға сырып тігетін, арнайы және кестелейтін машиналарда орындалған ине шаншымдар кіреді.
Арнайы сәндеп безендіруге түйме, ілгек, бекітпе, апликация кіреді.
Сәндік тігісінің тобы
|
Тігістің схемасы
|
Сәндік тігіс түрі
|
Қолданылуы және техникалық талаптар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.Жай қатпарлар
|
|
Бір жаққа қараған қатпар
Кездесетін қатпар
Екі жаққа қараған қатпар
Бір жаққа қараған біріккен қатпар
Кездесетін біріккен қатпар
Екі жаққа қараған біріккен қатпар
|
Әйел көйлегінде қолданылады
Әйел көйлегінде қолданылады
Әйел көйлегінде қолданылады
Артқы бойдың етегінде қолданылады.
Артқы бойдың етегінде қолданылады.
|
Күрделі қатпарлар
|
|
Күрделі сәндік қатпар (а)
Күрделі біріккен қатпар (б,в)
|
Пальто және костюм тігістерінде қолданылады
Пальто және костюм тігістерінде қолданылады
|
Бедерлі тігістер
|
|
Бүкпелі бедерлі тігіс(а)
Бастырылған бедерлі тігіс(б)
Сыздық салынған бедерлі тігіс(в)
Бүкпелі сәндік тігіс
|
Өң бетіне бүктелген матаны 1,5-2мм ара қашықтықта бүгіп тігеді
Астына ватин, не жұмсақ драп салып 5мм ара қашықтықта тігіс орындайды
Астына жұмсақ мата салып, ортасынан сыздық салып, ара қашықтығын 5мм етіп тігеді
Әйелдер және балалар киімінде, жеңде, қақпақта, артқы бойда қолданылады
|
Су салып жиектеу
|
|
Су салып сырып тігу
Су салып жөрмеп жиектеу
Су салып үстінен жиектеу
|
Формалық киімдерде, әйел көйлектерінде қолданылады
Жаға иініш жиектерінде, шалбар шеттерінде қолданылады
Қақпақ, жең шетінде қолданылады.
|
Сәндік тігістерді орындаудағы техникалық шарттары
Достарыңызбен бөлісу: |