Оқытушының білім алушымен өзіндік жұмысы Тігін бұйымдары технологиясы



бет9/9
Дата03.04.2022
өлшемі0,83 Mb.
#137769
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Алпысбаева Аяулым КШИ 20-13 ОТШИ (1)

Су салып жиектеу формалық киімдерге және әйел көйлектерінде қолданады. Су салып жиектеу сырып, жөрмеп және үстінен тігіледі. Жиек матасын ортасынан бүктеп, бір бөлшектің қиығына теңестіріп өңінен бастыра тігеді. Бұл бөлшекті екінші бөлшектің өңбетімен беттестіріп, қиықтарын сырып немесе жөрмеп тігеді (7-сурет). Тігісті айыра немесе жатқыза үтіктейді. Осы әдіспен су салған жиектеу тігісі пайда болады. Үстінен тіккенде бөлшектің шеткі бүгілген қиығына, жиек матасын ортасынан бүктеп бөлшекке бастыра тігеді.

7-сурет. Су салып жиектеп тігу
Бүрмелер пайда болу үшін бір инелі немесе екі инелі арнайы табаншасы бар машина қолданылады. Арнайы табанша (лапка) болмаса, бөлшекке бос инешаншыммен параллель тігісті жүргізеді. Қиығынан бірінші тігіске дейінгі арақашықтыққ 7-9мм, екіншісіне дейін 9-14мм. Тігістегі астыңғы жіпті жинау арқылы, бөлшекте қажетті мөлшерде бүрмені жинайды және бөлшектің ұзына бойы бірдей мөлшерде жиырады. Бөлшектің бүрме пайда болған қиығының ұзындығын, біріктірілген бөлшек ұзындығына теңестіру қажет. Өңделген сәндік бөлшектерді киіммен сырып немесе жапсырмалы тігіспен біріктіреді (8-сурет).

8-сурет. Бүрмелі сәндік бөлиіекті киім бөлшектерімен біріктіру
Киім бөлшектерін таспамен, сутажбен, шілтермен өңдегенде арнайы табаншаның көмегімен орындайды (9-сурет). Сәндік тігістерді сырып тігу машиналарында және арнайы машиналарда орындауға болады.

9-сурет. Таспаны, сутажды, шілтерді киім бөлиіектерімен біріктіру
Осы сәндік тігістер топшасына бейкамен, желбірмен өңдеу де кіреді. Киім бөлшектерін бейкамен өңдегенде тігістерді қондырып, бастырмалы тігіспен, қосарланған бастырмалы тігіспен орындауға болады. Бұл тігістерді бір инелі немесе екі инелі сырып тігу машиналарында орындайды (10-сурет).

10-сурет. Бейканы киім бөлшектерімен біріктіру
Келесі топқа сәндік инешаншымдар жатады. Өзінің құрылысына байланысты олар қайықты немесе ілмекті инешаншымды, ал сыртқы көрінісіне қарағанда – бір немесе көп сызықты, иректелген, үлдірлі және кестелі түрде болуы мүмкін. Сәндік инешаншымдардың ең оңай түрі - қайықты сырып тігу машинасында жібек жібімен (немесе капрон) орындалған тігіс. Бұндай тігістердің инешаншым ұзындығы техникалық шарттарға қарағанда ұзынырақ болады және жуан жіптер қолданылады. Иректелген тігісті арнайы машиналарда, кестелеп тігуді асхана және төсек-орын жабдықтарын өңдегенде қолданады. Сонымен қатар иректелген сәндік тігістерді жапсырма дайындағанда және әйел бұйым ассортименттерінің бөлшектерін әрлеуде қолданылады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әйелдер және балалар киімдерін дайындау технологиясы: Оқулық / Қ. Кучарбаева, Т. Амреева, Г. Чимекеева. - 2-басылым, толықтырылган, өңделген. - Астана: Фолиант, 2018. - 272 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет