Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет1/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   342
Байланысты:
анатомия

149688

R < _ ҚР Жоғары оку орындарынын Қауымдастығы
Алшынбай
Рақышев
А/\ом
ткттиж ы


АЛШЫНБАЙ РАҚЫШЕВ
АДАМ АНАТОМИЯСЫ
ОҚУЛЫҚ
Түзетілген және толықтырылган
екінші басылым
1-кітап
АЛМАТЫ, 2004


ББК28. 86 я 73 
Р 12
Рақышев А. Р.,
Қазақстан Республикасының Үлттық Ғылым 
Академиясының 
академигі, 
медицина 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор, 
С. Д. Аспендияров
атындағы Қазақ Үлттық медицина 
университетінің қалыпты анатомия кафедрасының құрметті мең- 
герушісі
Р а қ ы ш е в А . Р .
Р 12 
А д а м
а н а т о м и я с ы . 
Медициналық жоғары оқу орын- 
дарының, сонымен бірге биология пәні оқылатын оқу орын- 
дарының студенттеріне арналған оқулық, Алматы, 2004, - 420 бет.
ISBN 5 - 7404 - 0100 - 3 (1 книга)
ISBN 5 - 7 4 0 4 -0 1 0 0 -X
Окулық 4 тараудан тұрады. I тарауда адам денесінің кұрылымын зерттейтін
ғылым 
анатомияның жалпы міндеті, тарихы және өрлеу жолдары, оның басқа
медицина ғылымдар саласындағы орны жөнінде баяндалады. II тарауда адамның
каңқасы, ондағы жеке-жеке сүйектер, олардың байланыстары талқыланады.
III тарауда адам денесінің бұлшықеттері мен олардың атқаратын қызметтері,
IV тарау адамның іш құрылымындағы асқорыту жүйесі баяндалады.
1909000000-061
412(05)-04
035 - 94
ББК 28786 я 73
ISBN 5 - 7404 - 0100 - 3 (1 книга)
ISBN 5 - 7404 - 0100 - X
© Рақышев A., 2004


Жа.ітақтамаи тілі жуйрік орысқа,
Ең алдымеи 
оі
ті.ііңді дурыста!
Лиа ті.ібің мортебесін котермей,
Кысыр созді айта берген бурые па?
А. ІШЫНБЛЙ РЛКЫШ ҮЛЫ
ЕКІНШ І БАСЫЛЫМҒА АЛҒЫ СӨ І
Ең алғашкы “Адам анатомиясы” атты окулыктың бірінші кітабы 
шыкканнан бері (Алматы, “Білім”, 1994 ж ), 10 жылдай уакыт өтті. Ол 
кез еліміздің тәуелсіздік алып, казак тілі мемлекеттік тіл дәрежесін 
алған тарихи бакытты жылдар еді. Сол уакыттагы казак студент 
жастарының өз тіліндегі окулыкты асыға күткеніне орай, кітап аз 
таралыммен тығыз уакытта жазылған еді. Ол окулыкка казір де сүраныс 
көп, бірак табу киын.
Демек, жастарға казіргі талапка сай білім беру жолындагы өзіміздің 
кәсіби тәжірибелерімізді шыңдау үстінде, кейбір үсыныс-пікірлерді 
еске ала отырып, окулыкты өңдеп, толыктырумен катар, келтірілген 
суреттердің көрнектілігін арттырып, кайта шыгаруды жөн көрдік.
Бүдан бүрынғы еңбектерімізде көрсеткендей термин-атау жасау 
мәселелері 
көп уақытты керек ететінін және белгілі 
ізденіс 
жүмыстарымен байланысты екснін айта отырып, материалдарды талдап 
олардың өз орны, мәні бар екенін окырмандарга таныстыруды жөн 
көрдік.
Адам анатомиясы барлык медицина ғылымдарынын негізін 
қалайтын іргелі пән болғандықтан әрі мүндагы балама-эквивалентті 
атаулар қазақтың ғылыми терминдерініц негізін калайтындыктан аса 
жауапкершілікті керек ететіні ешкімді күмәндандырмайды.
Дүние жүзіндегі қолданылатын медицина терминдері ортак 
халықаралық тіл - латын тілінде болды. Мәселен түңғыш рет 1887 жылы 
Германияда көрнекті неміс және басқа елден шыккан окымыстылардын 
қатысуымен латын тілінде бірінші анатомия терминдерінің тізімі 
жасалды. Ол анатомия терминдерінің тізімі толықтырылып, 1895 жылы 
Базел қаласында өткен Германия анатомия конгресінде бекітілді.
Кейінгі 1955, 1965 жылдардағы өткен Халыкаралык конгрестерде 
атаулар тағы да толыктырылып, әр мемлекеттер өзінін үлттык 
анатомиялык номенклатураларын жасауды үйғарды.
Кеңес үкіметіндегі окымыстылар (Д. А. Жданов, Ю. Н. Копаев) тек 
1970 жылы бірінші талпыныс жасап, 1980 жылы Халыкаралык анато­
миялык номенклатура латын, орыс тілдерінде басылымнан шыкты, ал 
оның түзетілген түрін 1986 жылы С. С. Михайлов шығарды.
Анатомиялык терминдерді жасау киындығын белгілі орыс ғалымы 
академик В. В. Куприянов: «Орыстын анатомиялык терминологиясын 
кұру, жасау өте киын жұмыс екен. Оган жүз жылға созылған уакыт 
кеткеніне таңдануға болмайды» деп этап жазды (Отечественная 
анатомия на этапах истории, Москва, Медицина, 1981 ж.)
3


Сөйтіп, Кенес дәуіріндегі озық білім, ғылым салаларындағы 
колданылған тіл орыс тілі болса, ол тілдің де ғылыми калыптасып дамуы 
ұзақ уақытка созылды.
Казак даласында медицинадағы ғылым атауларын ұлт тілінде 
сөйлетуге ең тұңғыш көңіл бөлген — Халел Досмұхамедов. Ол Үлттык 
термин жасау жөніндегі пікірін былай көрсетті (1922):
«Аурупа жұрттарының ғылым тілі қылып алған тілі — латын тілі. 
Латын тілінде бұл күнде сөйлейтін ел жоқ...
...Латын тілінде сөйлеу я кітап жазу бірден-бірге қалып бара жатса 
да, Аурупа ғылымындағы атаулардың (терминдердің) бәрі латынша. 
Ғылым ұлғайған сайын латын терминдері де ұлғайып барады. Аурупа 
жұрты латын сөздерін термин қылып қолданғанда бұлжытпай алып 
отырған жоқ, әр сөзді әркім өз тіліне бейімдеп, өзгертіп, колданып жүр, 
сөзді өзгерткендер әрқайсысы өз тілдерінін заңымен өзгертеді»- деп 
жазды.
Осы жолдардың авторы кейінгі 40 жыл ішінде анатомтіядағы латын, 
орыс тілдеріндегі атау-терминдердің казақ тілінде баламасын табуға көп 
еңбектенді. Сонау 1963, 1965 жылдары латын, орыс 
және казак 
тілдерінде анатомиялык сөздіктер шығарып, 1994, 1995 жылдары 
медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап казак 
тілінде екі томдық окулык жазса, Халыкаралык анатомия номен- 
клатурасын латын, орыс, казак тілдерінде 2003 жылы баспадан шығарды.
Аталған кітаптарды жазарда кейінгі жылдардағы жаңадан шыккан 
еңбектер мен республикамыздағы өткізілген ғылыми-тәжірибелік 
конференциялардың материалдары аркау болып медицинадағы Үлттык 
ғылым атауларын калыптастыру мен бірегейлеуде өзінін әсерін тигізді. 
Олар: 1) С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина 
университетінде өткен «Медицина білімі — мемлекеттік тіл аясында» 
атты I — Республикалық ғылыми-тәжірибелік, оқу-әдістемелік конфе­
ренция, Алматы, 200 ж.; 2) «Медицина білімі — мемлекеттік тіл аясында» 
атты II — Республикалык оку-әдістемелік конференция, Алматы, 2001 
ж.; 3) Түркістан қаласында өткен оқу-әдістемелік бірлестік отырысы, 
2003 ж.; 4) «Орысша-қазакша медициналық сөздік», I және ІІ-басылым- 
дары, Алматы, Атамұра, 1999 ж., Алматы, 2003 ж. (Т. Ә. Момынов, А. Р. 
Рақышев).
Қолданылған латын және 
казак тіліндегі анатомиялык атау- 
терминдер біздің ұлттык анатомиялык номенклатурадан («Между­
народная анатомическая номенклатура», Асем-Систем, Алматы, 2003 ж., 
Ракышев Алшынбай) алынды.
Оқулықтағы берілген материалдар мемлекеттік типтік оку бағдар- 
ламаға сәйкес білім беру стандарттары негізінде медицинадағы барлык 
мамандыктарға арналған.
Типтік оку бағдарламасы Қазақстан Республикасы Медициналык 
Жоғарғы Оқу орындарының оку-әдістемелік бірлестігінің 18.02.2003 
жылғы №5 және Қазакстан Республикасы Білім және Ғ ылым 
Министрлігінің 04.08.2003 жылғы №428 бұйрыктарымен бекітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет