Күні: Сыныбы: Технология



бет1/18
Дата06.02.2022
өлшемі53,99 Kb.
#79151
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Тігу- сабағы.


Күні: Сыныбы: 5. Технология
Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасымен жұмыс істеу
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларға тігін машинасын іске қосып, жылдамдығына жаттығып, түзу тігісті ақ қағазға орындалуды үйрету. Машина тігіс түрлерімен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың тігін машинасымен жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын оята отырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жұмыс орнын таза ұстауға, мектеп мүлкін ұқыпты ұстауға, мектеп мүлкін ұқыпты сақтауға, ТҚЕ қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал - жабдығы: нұсқау карта, қайшы, жіп түрлері, тігін машинасы, т. б.
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық.
Сабақтың барысы.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Эврика дүкеніне саяхат
3. Жаңа сабақ.
а) Машина тігістерінің атауымен таныстыру.
ә) Машинада дұрыс отыру тәсілі.
б) Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
в) Тігін машинасымен жұмыс бастау, орындау, аяқтау
г) Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі ТҚЕ.
4. Сарамандық жұмыс.
а) Шеберқол.
5. Сабақты бекіту.
6. Сабақты қорытындылау.
7. Үйге тапсырма.
8. Бағалау.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу.
ә) жоқ оқушыларды белгілеу.
б) жұмыс орнын сабаққа даярлау.
2. Өткен сабақты қайталау. ( Эврика дүкеніне саяхат.)
1. Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды?
2. Карл Ваизенталь қандай машина ойлап тапты?
3. Исаак Зингер кім және оның қандай еңбегі бар?
4. Ресейде тігін машинасы шығаратын қандай зауытты білесіңдер?
5. Тігін машинасының қандай түрін білесіңдер?
6.Тұрмыста қолданылатын машиналармен өндірістегі машиналардың қандай айырмашылығы бар?
7. Әмбебап, арнайы, жартылай автоматты машиналар қандай операциялар орындайды?
3. Жаңа сабақ:
1. Ой қозғау. Тігін машинасымен не істейміз? - сұрағын қою арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Тігін машинасымен жұмыс істеу
а) Машина тігістерінің атауымен таныстыру.
ә) Машинада дұрыс отыру тәсілі.
б) Тігін машинасын жұмысқа дайындау.
в) Тігін машинасымен жұмыс бастау, орындау, аяқтау.
г) Тігін машинасымен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі.
Машинада дұрыс отыру тәсілі:
- жұмыс орнына жырық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек;
- отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10 - 15см болу керек;
- құрал - жабдықтар арнайы қорапта тұру қажет, үстелдің бетінде тек қана тігілетін бұйым жатуы тиіс;
- тігіс машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
Тігін машинасымен жұмыс істеуден бұрын оны әзірлейді.
Үстіңгі астыңғы жіптерді өткізіп, тігістің ұзындығын реттейді, жүрісін функциялық винт арқылы түзейді. Егер маховик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса, ол жұмыс істеуге әзір болғаны. Бос жүрісте маховикті дөңгелек қана айналып, име қозғалмайды.
Жіпті өткізгенде арнайы ереже сақталмаса, машина дұрыс жүрмейді. Астыңғы жіпті шөріпке кигізеді, жіптің тартылысын біріңғай реттеп отыру үшін шөріптің қабын қолданады. Тігін машинасымен жұмыс істеген кезде денені тік ұстап, басты сәл еңкейіп отыр.
Тігін машинасымен жұмыс істегенде мынандай тәртіпті сақтау керек:
1. Тігін машинасын жұмысқа даярлау: Қозғалтқыш рычагты қосып,
машинаны жұмыс жүрісіне қою. Үстіңгі, астыңғы жіптерді өткізіп, тігістің қажетті ұзындығын реттеп, инені жоғары көтеру.
2. Жұмысты бастау: тігілетін матаны табанның астына қыстырып, инемен шаншу; жұмысты жалғастыру.
3. Жұмысты орындау: қозғалтқыш тұтқаны айналдырып, матаны белгіленген орны бойынша бағыттап отыру.
4. Жұмысты аяқтау: инені, машинаның табанын көтеру, сол қолмен матаны шығарып, жіптерін қою; машинаны бос жүріске қою.
Тігін машинасымен жұмыс істеудегі техника қауіпсіздігі:
1. Іске шашты жинап, жеңді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет.
2. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелердің дұрыс заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелердің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.
3. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.
4. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау.
5. Жұмыс үстінде тігіп отырған оқушыларды алаңдатуға, олар арқылы заттарды беруге болмайды.
6. Аяқ машинасымен жұмыс істеген кезде жетек қайшысын қолмен ұстауға болмайды.
4. Сарамандық жұмыс.
1. Оқулықтағы машина тегістерін мұқият оқып шығып, орындалу ретінде зер сал.
2. Машинаны іске қосып, жылдамдығына жаттығып, түзу тігісті ақ қағазға жүргізіп үйрен.
3. Тік бұрыштап қиып алған матаға оқулықта көрсетілген тігістерді түсір. Тігістердің тізу әрі сапалы орындалуын бақыла.
4. Өзің орындаған тігіс үлгілерін дәптерге желімдеп қой.
5. Сабақты бекіту.
а) Машинада дұрыс отыру тәртібі қандай?
ә) Тігін машинасын жұмысқа қалай дайындаймыз?
б) Астыңғы жіпті өткізу ережесі қандай?
в) Тігін машинасымен жұмыс істеуді бастау, орындау, аяқтау деген не?
г) Қандай машина тігістерін білесің?
ғ) Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі ТҚЕ еске түсір?
д) Үстіңгі жіпті өткізу ережесі қандай?
6. Сабақты қорытындылау.
7. Үйге тапсырма: Тігін машинасымен жұмыс істеу және оқып келу.
8. Бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет