Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.
3. Құрал – жабдықтарын тексеріп назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ.
Қазіргі заманғы киім ассортименті әртүрлі. Оның бұлай жіктелуінің түрлі қағидалары бар. Басында киім қарапайымдылығымен ерекшеленген және негізгі иықтан және белден киюге арналған киім түріне бөлінген. Иықты киім – мата бөліктерінен тігілетін иықтан киілетін бұйым. Белден киілетін киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы белдік байламдардан алған, мықын тұсын жабу ретінде қолданылған. Одан қазіргі алжапқыш, белдемше, шалбарлар пайда болған.
Жұмбақ шешу.
Жеңі бар, қолы жоқ
Мойны бар, басы жоқ.
Көйлекке қажетті өлшемдермен жұмысты бастаймыз. Көйлек иық бұйымдарына жатады. Бүгінгі біздің тақырыбымыз иық бұйымдарының сызбасы (артқы бой). Көйлек Х ғасырда Римде пайда болған. Латын сөзінен аударғанда «кию» деген мағынаны береді.
Көйлекке үлгі таңдағанда мынадай жайларды ескеру керек:
- көйлек қай бағытқа арналып тігіледі. (күнделікті жұмысқа, мерекелік кешке, демалысқа)
- қандай маусымға арналады. (көктем, жаз, күз, қыс)
- дене мүсіні
- жас ерекшелігі
Көйлектің белгілі бір үлгісінің сызбасын сызу үшін кеуде шеңбері басты рөл атқарады. Артқы бой.
Негізгі бөлшектер.
Артқы бой ,жағалар, алдыңғы бой, жеңдер.
Адам денесіне киім тігу үшін өлшем алу кезінде сақталатын ережелер:
- өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіру
- белін алдын-ала жіппен буып қою
- өлшем алатын адам табиғи тік тұруы керек
- таспаны қатты тартуға немесе босатуға болмайды.
- ұзындық өлшем толық, ен өлшемдері болмайды, жартылай жазылады.
Тұлға өлшемдері
Орамдары --------------------------- Ендері --------------------------- Ұзындықтары
Мойын, иық, білек, ------------- Артқы бой, кеуде--------------- Белге, қолға дейін
кеуде, бел, мықын
Бір-біріне тік бұрыш жасап екі сызық жүргізіледі. Тік сызық артқы бойдың орта сызығы. Көлденең сызық – желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің өлшемі алынып оған 4см қосылады. (41+4=45). Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық жүргізіледі. Бұл алдыңғы бойдың орта сызығы. Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып оған 3см қосылады. (41/3+3=16, 6). Табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылып, кеуде сызығын анықтайды. Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың белге дейінгі ұзындығын (40см) салынып, табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылады. Сөйтіп, бел сызығы табылады. Бел сызығынан 18-20см өлшемі алынады да, табылған бойдың орта сызығы бойымен 18-20 см өлшемі алынып, табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы орта сызығымен қосылады. Жамбас сызығы осылай анықталады. Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай кеуде сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 2, 5см қосылады. (41/3+2, 5= 16, 1) Табылған нүктеден желке сызығына дейін тік сызық жүргізіледі. Бұл жауырын екі сызығы. Бұдан жауырын екі сызығынан оңға қарай кеуде сызығының бойына КМ-нің төрттен бір бөлігі салынып, оған 0, 5см қосылады. (41/4+0, 5=10, 7см) Бұл қолтық ойындысының кеңдігі. Табылған нүктеден жоғары қарай ұзындығы КМ-нің сегізден бір бөлігіне тең (41/8=5, 1) тік сызық жүргізіледі. Бұл қолтық ойындысының шығыңқы сызығы. Желке ойындысын сызу мойын айналдыра өлшегендегі жартылай өлшем 17, 8/3+1=7cм. Жаға кейін тартып тұрмас үшін 3см жоғары көтереміз. Иықтан 1, 5см түсіреміз. Осы салған нүктелерді доғал және қиғаш сызықтар арқылы қосамыз. Осы кезде біздің негізгі артқы бой сызбасы тұрғызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |