ІІІ: Сарамандық жұмыс. Оқушылар сантиметрлік таспамен өлшемдерін өлшеп, сызба құрастырады. Иықты бұйымдарға қажетті өлшемдерді түсіру.
1) Кеуде айналымы - Ка. Кеуденің жоғарғы нүктесі арқылы айналдыра өлшеу;
2) Бел айналымы - Ба. Алдын ала белді баумен байлап алып, сантиметрлік таспаны белге тығыздау етіп, айналдыра өлшеу;
3) Бөксе айналымы - БКа. Таспамен бөксенің шығыңқы жерлерін айналдыра өлшеу;
4) Кеуде биіктігі - Кб. Иықтың жоғарғы нүктесінен кеудеге дейін өлшеу;
5) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы - Ап. б. ү. Иықтың жоғарғы нүктесінен кеудеге дейін өлшеу;
6) Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы - Ар. б. ұ.
7) Иық ұзындығы - И. үз. Иықтың жоғарғы нүктесінен қолмен жалғасқан
жеріне дейін өлшеу;
8) Қолдың ұзындығы - Қ. үз. Қолды сәл иіп, оның иықпен жалғасқан жерінен
білезікке дейін;
9) Қолдың жоғарғы бөлшегінің айналымы - Қа. Қолдың ең жалпақ бөлшегін айналдыра өлшеу;
10) Мойын айналымы - Ma. Мойынды айналдыра өлшеу;
11) Өлшемдерді түсіріп, дәптеріңе жазып ал Пішім парағы қалай алынады?
Бекіту .
Өлшем алу жолдарын атаңдар?
1) Кеуде айналымы; 2) Бел айналымы; 3) Мойын орамы; 4) Бөксе айналымы;
5) Кеуде биіктігі; 6) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы; 7) Иық ұзындығы;
8) Қолдың ұзындығы;
9 ) Қолдың жоғарғы белшегінің айналымы;
10) Кеудеден белге дейінгі ұзындық;
11) Белден тізеге дейінгі ұзындық.
Үйге тапсырма: өлшем алып келу.